Лауазымға бос орын: өсімдіктердің физиологиясы және биохимиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері

23.12.2024 ж.

 

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

хабарландыру

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» РМК. Алматы қ. Тимирязев көшесі, 45. тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
  2. Бос лауазымның атауы: өсімдіктердің физиологиясы және биохимиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері
  3. Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 23.12.2024 жыл, 9-00-ден 06.01.2025 жыл, 18-00-ге дейін.
  4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, мекенжай анықтамасы, 075 медициналық нысан, түйіндеме.
Талаптар Міндетті (қажетті) Қосымша (қалаулы)
Білімі Жоғары білімі бар маман (3 жыл) немесе мамандықтар  бойынша магистр (биология, биотехнология немесе биохимия)
Кәсіби құзыреттілік Білуге тиіс: зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып жинақтау мен өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдары, Қазақстан Республикасының ғылым, еңбек туралы заңнамасының негіздері, еңбекті ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы білу (оқу, ауызша және жазбаша).

 

Молекулалық биология, биотехнология және биохимия әдістерін қолдану (ДНҚ оқшаулау, ПТР, ИФА, хроматография, қоректік ортаны дайындау және т. б.)

Жұмыс тәжірибесі ҒЗИ немесе университеттердің биология және биотехнология саласындағы зертханаларында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Зерттеуші ретінде халықаралық, республикалық гранттық жобалар мен бағдарламаларға қатысу.
Лауазымдық міндеттері Жауапты орындаушының басшылығымен тақырыптардың жекелеген бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізеді. Эксперименттерді орындауға қатысады, бақылаулар мен өлшеулер жүргізеді, олардың сипаттамасын жасайды және қорытындыларды тұжырымдайды. Зерттелетін тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді. Тақырып немесе оның бөлімі (кезеңі, тапсырмасы) бойынша есептер (есеп бөлімдерін) жасайды.