Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында еліміздегі ғалым әйелдерінің еңбегін бағалады.

 

Молекулярлық генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Ізтілеуқызы Әбуғалиева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты отырысына қатысты. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен 70-тен астам жетекші ғалым әйелдер шақырылып, отандық ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін Ұлттық ғылым академиясының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жиында ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында Ұлттық ғылым академиясының Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел академигі Нәйлә Базанова атындағы арнайы сыйлығы тағайындалғаны айтылды.

Сәуле Ізтелеуқызын құрметті наградамен құттықтап, онан арғы шығармашылық табыс тілейміз!