Жиналыста Бас директор Қабыл Жапарұлы Жамбакин молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к., профессор Тұрыспеков Ерлан Кеңесбекұлына ғылыми қызметінің үздік көрсеткіштері үшін «2023 жылғы ӨББИ үздік ғалымы» жыл сайынғы байқауының жеңімпазына грамотаны тапсырды.
Жас ғалымдар кеңесінің кураторы профессор Е.К.Тұрыспеков «2023 жылғы ең үздік жас ғалым» жас ғалымдар байқауының жеңімпаздарына ғылыми зерттеулердің дамуындағы жоғары көрсеткіштері үшін грамоталар мен наградаларды тапсырды (1 орын — Гриценко Диляра Александровна. 2-орын — Әлмерекова Шырын Семізбайқызы, 3-орын — Құмарбаева Мадина Талғарқызы). Белсенді ғылыми жұмысы үшін екі жас ғалым марапатталды: Гениевская Юлия Анатольевна, Пожарский Александр.
Сондай-ақ Институт Юбилярына адал еңбегі үшін грамота табыс етілді (Р.А. Ушуров).
Іс — шара барысында отандық ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдарды марапаттау өтті: «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі — Мұрсалиевв Валентина Кадаматқызы; ҚР ҒЖБМ «Алғысы » — Құмарбаева Мадина Талгарқызы, Даурова Айнаш Кененбайқызы, Амалова Ақерке Ықласқызы, Әнуарбек Шынар Нұрланқызы, Беркімбай Хорлан Әдешқызы, Аралбаева Мөлдір Маликқызы, Нұрмағамбетова Әсия Серікқызы, Ибрагимова Жанат Муратбекқызы, Муханов Тлек Манарбекүлы.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!