Біз туралы

Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты

Жалпы ережелер.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты« шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы 151 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы« қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты« еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру жолымен құрылды.

Институтқа қатысты Республикалық мемлекеттік меншік құқығындағы субьект атқарымын Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру Комитеті атқарады.

Институттың мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитеті болып табылады.

Институт өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына, 2011 жылғы 18 ақпанындағы «Ғылым туралы», және басқа да нормативті-құқықтық актілеріне және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Төрағасының 2015 жылғы 20 қарашадағы №1427 бұйрығымен бекітілген Институт жарғысын негізге алаотырып жұмыс атақарады.

Зертханалар

Институттың штатында 142 адам қызмет етеді, олардың 84 ғылыми қызметкерлер, оның ішінде – 6 ғылым докторлары (ҚР ҰҒА академигі — 2 адам, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі — 1 адам), 6 ғылым кандидаттары, 12 PhD. Қызметкерлер АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Нидерланды, Австрия, Венгрия, Чехия, Израиль, Австралия, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Филиппин, Түркия, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан сияқты алыс және жақын шетелдердің жетекші ғылымибілім беру орталықтарында бірнеше рет тағылымдамадан өтіп, зерттеулер жүргізді.

Соңғы жылдары институт кадрларының айтарлықтай жасаруы байқалды. Қызметкерлердің орташа жасы 41.

Институтта 7 зертхана жұмыс істейді:

  • генетика және селекция зертханасы (зертхана меңгерушісі — б.ғ.д., проф. Кохметова А.М.)
  • клеткалық инженерия зертханасы (зертхана меңгерушісі — б.ғ.д., ассоц. проф. Утеулин Қ.Р.)
  • гермоплазманы криосақтау зертханасы (зертхана меңгерушісі — б.ғ.к., проф. Кушнаренко С.В.)
  • молекулалы биология зертханасы (зертхана меңгерушісі — PhD Гриценко Д.А.)
  • молекулалы генетика зертханасы (зертхана меңгерушісі — б.ғ.к., проф. Туруспеков Е.К.)
  • селекция және биотехнологиялар зертханасы (зертхана меңгерушісі — PhD Шамекова М.Х.)
  • өсімдіктер физиология және биохимия зертханасы (зертхана меңгерушісі — б.ғ.к., ассоц. проф. Үсенбеков Б.Н.)

 Негізгі жетістіктер

Саладағы әзірленген тиімді биотехнологиялар:

  • Ауылшаруашылығы биотехнологиясы – ауылшаруашылығы дақылдарының жақсартылған сорттарын шығару үшін селекциялық процессті жылдамдатуға және жеңілдетуге арналған (клондық микрокөбейту; гаплоидты биотехнология; клеткалық селекция; ДНҚ маркерлері технологиясы; оқшауланған будан ұрықтарды өсіру; маркер-ілеспе селекция; генетикалық инженерия; геномды өңдеу технологиясы);
  • Криоконсервация әдістері негізінде аса төмен температурада (-1960С) өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау;
  • Ауыр металдар мен пестицидтермен залалданған топырақты фиторемедациялау;
  • Биологиялық қауіпсіздік (өсімдіктердің вирустық бактериялық, саңырауқұлақ ауруларын диагностикалауға, ГМО анықтауға арналған тест-жүйелер).
  • А/ш дақылдарының 58 сорты шығарылды (АШМ мекемелерімен бірге және жеке): бидай (44), күріш (5), арпа (5), соя (2), рапс (1), көк-сағыз (1). 16 сорт аудандастырылды.
  • 109 инновациялық патенттер, өнертапқыштық патенттері мен жаңа сорттарға авторлық куәліктер алынды.
  • 25 халықаралық гранттар бойынша зерттеулер орындалды.
  • Диссертация қорғау: 16 докторлық, 31 кандидаттық, 23 PhD.
  • 16 мемлекеттік ғылыми стипендия: атақты ғалымдар үшін – 8 (Полымбетова Ф.А., Рақымбаев И.Р., Седловский А.И., Сәрсенбаев Б.А., Бішімбаева Н.К., Туруспеков Е.К., Әбуғалиева С.І., Кохметова А.М.); талантты жас ғалымдар үшін – 8 (Мұхамбетжанов С.К., Терлецкая Н.В., Муқанова Г.С., Асрандина С.Ш., Вечерко Н.В., Рысбекова А.Б., Әльмерекова Ш.С., Құмарбаева М.Т.)
  • ҚР ҒЖБМ «Үздік ғылыми қызметкер» 3 сыйлығы –Туруспеков Е.К., Әбуғалиева С.І., Кохметова А.М.
  • ӨББИ ғалымдарға қайта есептегенде Web of Science және Scopus деректер базасында 2019-2020 жылғы мақалалар саны бойынша ҚР БҒМ ҒЗИ арасында 1 орынды иеленді (2021 ж., ҚР БҒМ).
  • ӨББИ 18 ҒЗИ арасында Қазақстанның жетекші 3 ғылыми ұйымының қатарына енді (2022 ж., «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ).

Үздік инновациялық жобалар мен әзірлемелер

«Ғылым қоры» АҚ мен Дүниежүзілік Банктің коммерцияландыру жобалары:

  • «Биотехнология әдістерімен жеміс және жаңғақ дақылдарының супер элиталық көшеттерін өндіру «(«Интеграция-Түрген» ЖШС-мен).
  • «Алма және жүзім патогендерін диагностикалау, генетикалық түрлендірілген ауыл шаруашылығы дақылдарын анықтау және фитопатогендерден бос жеміс-жидек дақылдарының материалдарын өндіру жөніндегі қызметтер мен тауарлар «(«Бесқар» ЖШС-мен).
  • «Клондық микрокөбейтудің биотехнологиялық әдістерін және зиянкестер мен аурулардан қорғаудың интеграцияланған жүйесі бар өсірудің агротехникалық тәсілдерін пайдалану негізінде қазақстандық селекцияның тұранг терегі мен терек будандарының элиталық отырғызу материалын өндіруді және сатуды ұйымдастыру «(бірлесіп орындаушы) («Eurasia Agro Holding» ЖШС-мен).
  • “Каучуктің отандық продуценті Taraxacum kok-saghyz Rodin өнімділігі жоғары формасын алу”.

Әзірлемелер:

  • KASP технологиясы бойынша молекулалық маркерлер қолдану негізінде бидайдың, сояның, арпаның селекциялық бағалы линияларын анықтау тәсілідері (05.02.2020 ж. №5061, №5055; 05.11.2021 ж. № 6643; 04.08.2023 ж. № 7588 патенттер).
  • Томаттың таңқурай сақинасының дақ, қоңыр әжім, бес картоп вирустарды анықтауға арналған олигонуклеотидтер жиынтықтары (15.04.2022 ж. № 7018; 22.07.2022 ж. № 7296; 19.05.2023 ж. № 36219 патенттер).
  • ТОЛ және ауыр металдармен ластанған топырақтарды биоремедиациялау және фиторемедиациялау бойынша зертханалық және далалық сынақтарды жүргізуге техникалық көмек көрсету. (ФАО халықаралық жобасы);
  • In vitro жағдайында түркістандық сабын тамырының адвентивті тамырларының дақылын алу тәсілі (09.12.2022 ж. № 7649 патент).
  • Деректер базалары құрылды: «Қазақстан флорасының биологиялық әралуандығы» (http://www.kazflora.kz/); «ҚР-дағы тұқымдық картоп пен жеміс дақылдарының отырғызу материалын есепке алу жүйесі» (http://certificates.ipbb.kz/).
  • Отандық және шетелдік селекцияның жеміс-жидек дақылдары мен күріш генотиптерінің коллекциясы туралы ақпарат Botanic Gardens Conservation International (BGCI) халықаралық дерекқорына қосылған (http://www.bgci.org/garden.php?id=4756)

Кадрларды даярлау.

«Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биотехнологиясы бойынша жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып табылады. ҚР ҰҒА академиктері Ф. А. Полымбетова (30 кандидат және 10 ғылым докторы даярлады), І. Рақымбаев (30 кандидат және 8 ғылым докторы даярланды) Қазақстанда және ТМД елдерінде өсімдіктер физиологиясы мен биотехнологиясы саласында танымал ғылыми мектептер қалыптастырды. Олардың өкілдері Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің ғылыми орталықтарында мен жоғары оқу орындарында табысты еңбек етуде. Бұл мектептердің мамандануы жасуша, ұлпа және ағза деңгейлеріндегі өсімдік тіршілігінің физиологиялық және биохимиялық механизмдерін зерттеу және осы негізде жаңа тиімді биотехнологиялық әдістерді әзірлеу болып табылады.

Институт ғалымдары биологиялық және агрономиялық мамандықтар бойынша докторлық және магистрлік диссертацияларды дайындау кезінде ғылыми басшылық пен ғылымиәдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Жыл сайын 20-ға жуық қызметкер әлФараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰЗАУ және басқа да жетекші жоғары оқу орындардың PhD докторантурасында және магистратурасында оқиды.

Стратегиялық мақсаттар.

Ғылыми тұрғыдан перспективаға арналған Стратегияның басты мақсаты әлемдік ғылымның теориялық жетістіктерін және молекулалық биология мен биотехнологияның заманауи тәсілдерін тарта отырып, институттың қолданыстағы бағыттарын дамыту. Екінші маңызды мақсат институттың қолда бар жетістіктерін коммерцияландыру.

Осыған байланысты жақын болашақтағы басты мақсатӨсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты инновациялық типтегі институтқа айналуы.