Клондық қөбейту зертханасы

Зертхана меңгерушісі

Мурсалиева Валентина Кадаматовна, биология ғылымдарының кандидаты, 2008 ж. зертхананың құрылған уақытынан бастап меңгерушісі қызметін атқарады. С.М. Киров атындағы ҚазМУ өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы кафедрасының түлегі. Ғылыми-еңбек қызметін ҚазКСР ҒА Бас ботаникалық бағында (БББ) бастады. БББ аспирантураны бітіргеннен кейін 1999 ж. «өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Өсімдіктер ұлпа дақылдары және өсімдіктер физиологиясы саласының маманы. 85 астам жарияланымдардың, соның ішінде 50 ғылыми мақала, 4 ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен құралдардың, 5 иновациялық патенттің және 3 ұйым стандарттарының авторы. ҚР БҒМ мақтау грамотасымен марапатталған.

Жалпы ақпарат

Клондық көбейту зертханасы 2008 жылы Институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылды. әл-Фараби даңғылы 93/8 ғимаратында орналасқан зертхана аумағында 3 зертханалық және жарық-дақылды бөлме, аумағы 30 кв.м.  поликарбонатпен жабылған жылыжай және 200 кв.м. шамасында тәжірибелік жер телімі бар. Зертханада қазіргі уақытта 5 жоғары білікті маман – ғылым кандидаты, PhD-докторант және 2 магистр қызмет атқарады.

Зертхана құрамы

Зертхана меңгерушісі – Мурсалиева Валентина Кадаматовна, б.ғ.к.;

Аға ғылыми қызметкер – Нам Светлана Валентиновна;

Кіші ғылыми қызметкер – Сатыбалдиева Дария Нурбатыровна, биотехнология PhD-докторанты;

Кіші ғылыми қызметкер – Кожебаева Жанар Серикказиевна, жеміс-көкөніс шаруашылығы магистрі;

Кіші ғылыми қызметкер – Муханов Тлек Манарбаевич, биология магистрі.

Негізгі ғылымибағыттары

  • Өсімдіктердің in vitro морфогенез және регенерация процестерінің заңдылықтарын зерттеу
  • Өсімдіктердің сирек және шаруашылықта бағалы түрлерінің клондық көбейтутехнологияларын жасау
  • Қазақстан флорасының биологиялық белсенді заттардың перспективті көздері болып табылатын өсімдіктерін зерттеу (ботаник және фитохимиктермен бірге)
  • Әртүрлі in vitro тест-жүйелерде өсімдіктекті екінші реттік метаболиттердің биологиялық белсенділіктерін зерттеу

Өсімдіктекті биологиялық белсенді заттар (ББЗ) препараттарын жасау

Негізгі жетістіктер

  • Бірқатар сәндік, дәрілік,ағаш және техникалық өсімдіктердің микроклондық көбейту технологиялары
  • Раушандардың саудада бағалы сортүлгілерінің +4оС жағдайда сақталған коллекциясы
  • Қазақстан флорасының эндемик бәйшешек түрлерінің микроклондық көбейту және in vitro сақтау технологиясы
  • Дәрілік және техникалық өсімдіктердің (Stachys siboldii, Сistanche salsa, Sanguisorba officinalis, Bergenia crassifolia, Crocus alatavicus, Allochrusa gypsophiloides) ББЗ негізгі топтарына фитохимиялық талдау және in vitro тест-жүйелерде олардың биологиялық белсенділіктерін анықтау
  • Bergenia crassifolia және Sanguisorba officinalisөсімдіктерінің илік заттары экстракттарын және олардың негізінде өсімдіктің тамырлануын ынталанадырғыштарды алу технологиясы
  • Стахис өсімдіктері негізінде антидиабеттік ББЗ стандарттарын жасау
  • Орталық Қазақстан флорасының кейбір эндемик түрлерінің каллустық және суспензиялық дақылдарын алу үшін қоректік орта құрамдарының протоколдары мен техникасы

ҚР 7 инновациялық патенті, жаңа ББЗ жасаудың 3 стандарты, 4 әдістемелік нұсқаулық, раушандардың иллюстративті каталогы, 45 астам ғылыми мақалалар

Жобалар

  • Эндогенді цитокининдері бар қылқан және алма түрлерін клондау биотехнологиясын жасау және олардың in vitro, in situ және ex situ жағдайларына бейімделу қабілеттіліктерін бағалау (2006-2008 ж.);
  • Қазақстан жағдайында өсірілген Stevia rebaudiana bertoni және Stachys sieboldii өсімдіктерінен тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды алу технологияларын жасау («Өндірістік биотехнология институты» АҚ бірге, 2006-2008 ж. Степногорск)
  • Антидиабетикалық және жалпықуаттандырғыш арнайы жаңа биологиялық белсенді  тағамдық қоспалар даярлаудың биотехнологиясы (2009-2011)
  • Коммерциялық маңызы жоғары отандық және шетелдік таңдаулы раушан сорттарының коллекциясын құру мен өндіріске енгізудің клондық биотехнологиясын жасау (2009-2011 ж.);

Илік заттардың биологиялық белсенділіктерін зерттеу және оларды практикада қолданудың ғылыми негіздерін жасау (өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасымен бірге, 2009-2011 ж.);

  • Саудада бағалы жеміс және сәндік дақылдарды көбейту тиімділігін арттыру үшін биопрепараттарды әзірлеу (2012-2014 ж.);
  • Тағамдық бояғыштар мен хошиістендіргіштердің табиғи көзі – Crocus ssp. негізінде тағамдық қоспаларды алу биотехнологиясы (2012-2014 жж.);
  • Өсімдіктердің жаңа табиғи қосылыстарды өндіргіш эндемик түрлерінің каллустық дақылдарын алу (2013-2014);
  • Крокус түрлерін микроклондық көбейту және in vitro жағдайында сақтау биотехнологиясын әзірлеу (2013-2015 жж.);

Түркістандық сабыншөп (Allochrusa gypsophiloides Regel) эндемикөсімдігінің генетикалық ресурсын өнеркәсіпте ұтымды қолдану үшін жойылу үстіндегі табиғи популяциясын қалпына келтірудің, гермоплазмасын сақтаудың және көбейтудің тиімді технологияларын әзірлеу (2015-2017жж);

Халықаралық және отандық ұйымдармен ғылыми ынтымақтастық

Памуккале Университеті, екінші реттік метаболиттер зертханасы, Денизли, Түркия;

Мугла Сыткы Кочман Университеті, микроорганизмдер биотехнологиясы зертханасы және клетка дақылдары зертханасы, Түркия

РҒА «Биология институты» Уфа ғылыми орталығы;

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Ботаника институты, тәжірибелік ботаника бөлімі;

Белорусия ҰҒА Орталық ботаникалық бағы, өсімдіктер биохимиясы және биотехнологиясы бөлімі;

Ресей ғылым академиясының Н.В. Цицин атындағы Бас ботаникалық бағы, өсімдіктер биотехнологиясы бөлімі;

К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясы, генетика, биотехнология, селекция және тұқым шаруашылығы кафедрасы;

Ресей ауылшаруашылық ғылымдары академиясының көкөніс дақылдары селекциясы және тұқым шаруашылығы БҒЗИ, тұқымтану және интродукция зертханасы;

ҚР БҒМ ҒК Ұлттық биотехнология орталығы;

ҚР БҒМ ҒК Ботаника және фитоинтродукция институты, өсімдік қорлары зертханасы;

ҚР БҒМ ҒК Өсімдіктерді сақтау және карантин институты, биотехнология зертханасы;

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тағамтану академиясы, арнайы тамақтану өнімдері және тағамдық биологиялық белсенді қоспалар зертханасы;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, табиғи қосылыстар зертханасы;

«Rosa KZ» ЖШС;

ҚР БҒМ ҒК Есік мемлекеттік дендрологиялық бағы (бұрынғы «Орман көшеттері» АҚ) ;

ҚР БҒМ ҒК А.Б. Бектуров атындағы химия ғылымдары институты;

«Фитохимия» Халықаралық ғылыми өндірістік холдингі, ботаника және биотехнология зертханасы;

Ғылыми-педагогикалық қызметі

Зертханада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, ҚазҚМПУ «биология», «биотехнология» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратттар мен PhD докторанттар өндірістік тәжірибелерден өтеді және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 6 бакалавр, 5 магистрант дайындалды және қазіргі уақытта 2 бакалавр студенті мен 1 PhD докторант ғылыми жұмыстарын орындауда.

Шетелдік тағылымдамалар, марапаттар, шәкіртақылар

Памуккале Университеті (Түркия), екінші реттік метаболиттер зертханасы, өсімдік экстракттарының антиоксидантты, антибактериялық белсенділіктерін анықтау, экстракттар құрамын талдау;

Мугла Университеті (Түркия), клетка дақылдары зертханасы, өсімдік экстракттарының антибактериялық, цитотоксикалық және ісікке қарсы белсенділіктерін анықтау;

РҒА «Биология институты» Уфа ғылыми орталығы, өсімдік гормондарының иммуноферментті талдауы;

«In Situ/On farm Conservation of Agricultural Biodiversity (Horticultural Crops and Wild Fruit Species) in Central Asia», UNEP-GEF жобасы аясында «Өсімдіктердің генетикалық қорларының алуантүрлілігін анықтауда молекулалық маркерлерді пайдалану» атты аймақтық тренинг-семинар;

Мурсалиева В.К. Казақстан Респуликасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін құрмет грамотасы;

Нам С.В. Казақстан Респуликасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін құрмет грамотасы;

Вечерко Н.А. 2009-2011 ж. ҚР Президентінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік шәкіртақысының иегері;

Сатыбалдиева Д.Н. Жаратылыстану-техника ғылымдары бойынша студенттердің үздің ғылыми  зерттеу жұмысы байқауының I дәрежелі дипломы.

Негізгі жарияланымдар

Мурсалиева В.К., Сатыбалдиева Д.Н., Рахимбаев И.Р. Микроклональное размножение крокуса: методические рекомендации. Алматы: ИП Волкова, 2015, 24 с.

Мурсалиева В.К., Мухамбетжанов С.К., Нам С.В. Микроклональное размножение роз. Методическое руководство по организации и проведению работ. Алматы: ИП Волкова, 2011, 64 с.

Мурсалиева В.К., Мухамбетжанов С.К., Нам С.В. Каталог роз. Алматы: ИП Волкова, 2011, 52 с.

Есмагул К., Мурсалиева В.К. Руководство к практическим занятиям по биохимии. 2010, Алматы, 112 с.

Satybaldiyeva D., Mursaliyeva V., Rakhimbayev I., Zayadan B., Mammadov R. Preliminary Phytochemical Analysis and Antioxidant, Antibacterial Activities of Crocus alatavicus from Kazakhstan // Notulae Botanicae Horti Agrobotanici Cluj-Napoca (Romania), 2015, v.43(2), p.343-348.

Nam S.V., Mukhambetzhanov S.K., Mursaliyeva V.K., Rakhimbaev I. Micropropagation of rose cultivar ‘Pareo’// African J. of Biotechnology.  2011, v.10(46), pp. 9344-9346

Hiroshi Nakano, Kevin K. Schrader, Leonid K. Mamonov, Tatyana S. Kustova, Valentina K. Mursaliyeva, Charles L. Cantrell. Isolation and identification of flavobacterium columnare and streptococcus iniae antibacterial compounds from the terrestrial plant Atraphaxis laetevirens // J. of Agric. Food Chem.– 2012. – V. 60. – P. 10415-10419.

Satybaldiyeva D.N., Mursaliyeva V.K., Mammadov R., Zayadan B.K. Phenolic profiles and brine shrimp cytotoxicity of the ethanolic extract from the aerial part of Crocus alatavicus L. // Inter. J. of Biology and Chemistry (KazNU), 2016, N.1

Satybaldiyeva D.N., Mammadov R., Mursaliyeva V.K., Zayadan B.K. Determination of reducing power and minimum inhibitory concentration of Crocus alatavicus extracts // Abstr. Book of Symposium on Euroasian Biodiversity, 2016, р. 348.

Mursaliyeva V.K., Satybaldiyeva D.N. Investigation of Crocus  alatavicus – endemic from flora of Kazakhstan // Abst. of 2nd Inter. Symp. Secondary Metabolites, 2014,  p. 54.

Kozhebayeva ZH.S., Mursalieva V.K. The influence of phytoextracts on rhizogenesis of severs apples in vitro // Int. conference “Using Genetic Biodiversity to Increase the Quality of Organically Grown Fruits”, Poland, 2013, p. 34.

Mursalieva V.K., Nam S.V. Influence of hydrolysable tannins on rhizogenesis rose in vitro // 1st International Symposium on Secondary Metabolitest Chemical, Biological and Biotechnological Properties. Turkey, 2011 г. P.132

МурсалиеваВ.К., НамС.В., КожебаеваЖ.С., ЖамбакинК.Ж., ШаушековЗ.К. ПолучениекаллуснойисуспензионнойкультурполыниказахскойArtemisia kasakorum (Krasch.) Pavl. // ВестникКазНУ. Серияэкологическая, 2015, №1/2 (43), с. 497-502.

ГемеджиеваН.Г., МурсалиеваВ.К., МухановТ.М. ОценкасовременногосостоянияприродныхпопуляцийAllochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk. вЮжно-Казахстанскойобласти // ИзвестияНАНРК. Серия биологическая и медицинская, 2016, №1 (313), с. 22-29

Кожебаева Ж.С., Мурсалиева В.К. Оптимизация условий микроклонального размножения яблони Сиверса // Вестник КазНУ. Серия биологическая. 2014, №1/2 (60), с. 265-268.

Cатыбалдиева Д.Н., Нам С.В., Мурсалиева В.К., Заядан Б.К. Введение в культуру in vitro крокуса алатауского Crocus alatavicus L// Вестник КазНУ. Серия биологическая. 2014, №1/2 (60), с. 336-339.

Мурсалиева В.К., Сатыбалдиева Д.Н., Гемеджиева Н.Г., Султанова Н.А., Елибаева Н.С., Турашева С.К. Исследование состава и содержания биологически активных веществ бадана толстолистного (Bergenia crassifolia (L.) Fitsch.)  и кровохлебки лекарственной (Sanguisorba officinalis L.) // Вестник КазНУ. Серия биологическая. 2013, №1 (57), с. 82-87.

Ким Ю.В., Нам С.В., Мурсалиева В.К., Жамбакин К.Ж.  Оптимизация условий микроклонального размножения Clematis alpine сорта Rube // Исследования, результаты. 2011, №2, с. 14-19

Муравлева Л.Е., Кулмагамбетов И.Р., Синявский Ю.А., Сарсенбаев Б.А., Мурсалиева В.К и др. Влияние несимметричного диметилгидразина на уровень внеклеточных нуклеиновых кислот в крови растущих животных, получавших БАДы на основе стахиса и стевии. Фундаментальные исследования. Москва, 2009, № 6, с.30-34.

Мурсалиева В.К., Нам С.В., Шаденова Е.А.,Жумабеков Е.Ж. Особенности культивирования некоторых видов хвойных в условиях invitro // Биотехнология. Теория и практика. 2008, №.1., 28-35.

Стандарт организации: Биологически активные добавки к пище «Стахстевин»

Стандарт организации: Биологически активная добавка к пище «Настойка  стахиса»

Стандарт организации: Биологически активная добавка к пище «Стахисан»

Инновационный патент № 23840 Фиточай “Есентайский”. Мамонов Л.К., Пономарев Б.Н., Сарсенбаев Б.А., Мурсалиева В.К., Васильев Ю.И.

Инновационный патент №23839 Фиточай “Алматинский”.  Мамонов Л.К., Пономарев Б.Н., Мурсалиева В.К.

Инновационный патент № 24973. Способ повышения выхода биомассы при культивировании каллусов. Мамонов Л.К., Мурсалиева В.К., Пономарев Б.Н., Завадский В.А., Сатыбалдиева Д.Н.

Инновационный патент №26649. Способ стимулирования корнеобразования в культуре in vitro сельскохозяйственных растений и древесных культур. Мурсалиева В.К., Мамонов Л.К., Нам С.В., Пономарев Б.Н., Гемеджиева Н.Г.

Заключение о выдаче патента на полезную модель «Способ получения in vitro микроклубнелуковиц крокуса алатауского». Мурсалиева В.К., Сатыбалдиева Д.Н., Нам С.В., Рахимбаев И.Р.

Қызметтер

Кадрлардайындау–өндірістік және оқу тәжірибелері, ЖОО биология бағытындағы студенттерінің дипломдық жұмыстарын орындау;

Кадрлар біліктілігін арттыру және тағылымдамалар – микроклондық көбейту бойынша екі апталық тренингтер;

ҒЗЖ – әртүрлі тест-жүйелерде (in vitro дақылдар, биотесттер, тұқымдар, микроқалемшелер, т.б.) жаңа препараттар/немесе қосылыстардың өсуді реттейтін белсенділіктерін кешенді бағалау бойынша зерттеулер жүргізу;

Жылыжай кешендері, көшеттер және гүл өсіру шаруашылықтары үшін

— Cәндік дақылдардың отырғызу материалдарын биотехнологиялық әдістермен алу бойынша әдістемелік кеңес беру;

— Дәрілік, тағамдық және сәндік өсімдіктердің көбейтілуі қиын және сирек түрлерінің клондық микрокөбейту технологияларын жасау;

— Tапсырыс берушіге жылдың кез-келген мезгілінде сорттық материалды тираждау: өнім – in vitro микроклондар, контейнерлік дақылдар, тамырландырылған 2-3 жылдық көшеттер.

Өнімдер

In vitroмикроклондар (пробиркалық дақылдар);

Тамырландырылған  ex vitro микроклондар (контейнерлік дақылдар);

Сәндік бұталар мен ағаш дақылдарының (раушан, клематис, боз арша, арша, т.б.) тамырландырылған 2-3 жылдық көшеттері;

Сәндік және жеміс дақылдары түрлерін жасыл қалемшелендіру тиімділігін арттыру үшін фитоэкстракттар негізінде тамыр пайда болу биореттегіштерінің композициясы.

Лаборатория клонального размножения

Лаборатория клонального размножения

Лаборатория клонального размножения

 

 

Лаборатория клонального размножения

С

С