Ғылыми-өндірістік қызмет

Қызметтің мәні және мақсаты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 қарашада №1427 бұйрығымен бекітілген кәсiпорынның жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты ғылыми-техникалық дамудың мемлекеттік басты бағыттары негізінде биотехнология саласында ғылыми зерттеулерді дамыту, мемлекеттік, аумақтық және салалық ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлеу мен оларға қатысу және мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар биотехнология саласындағы отандық және әлемдік жаңа тиімді әзірлемелер енгізу болып саналады.

Қызметтің түрлері.  Кәсіпорын алға қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

— өсімдіктердің биологиясы мен биотехнологиясы саласында ғылыми зерттеулер, жобалау, сынақ-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

— өсімдіктердің биотехнологиясы, ауылшаруашылығы дақылдары сорттарының тұқым шаруашылығы салаларында ғылымды көп қажет ететін өндірістер ұйымдастыру және құру;

— өсімдіктердің биотехнологиясы саласында, заңнамада белгіленген тәртіппен халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;

— Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, сессиялар, семинарлар, мәслихаттар, көрмелер ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;

— өсімдіктердің биотехнологиясы саласында зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми журналдар, ғылыми еңбектер жинағы, әдістемелік ұсыныстар, монографиялар және мамандандырылған оқулық әдебиеттер басып шығару;

— биотехнология саласында нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және ғылыми-зерттеу сараптамаларын өткізуге қатысу;

— Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша магистратура, докторантура  РhD бағдарламалары бойынша ғылыми кадрлар дайындау, ғылыми қызметкерлердің тағылымдама арқылы біліктілігін арттыру;

— Қазақстан Республикасында биология мен биотехнологияны дамытудың стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу, оларды іске асыру, игеру және техниканың, жаңа технологиялар мен материалдардың тиімділігі жоғары түрлерін Кәсіпорында пайдалану;