Конституция күніне орай салтанатты жиын

20160826_090851ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев сала қызметкерлерін Конституцияның қабылданғанына 21 жыл толуымен кұттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде министр «Конституция еліміздің өркендеуіне және мемлекеттік биліктің қалыптасуына, экономика, әлеумет, мәдениет салаларының қарқынды дамуына жол ашты» деп атап өтті.

Қоғамда конституционалды көзқарас және конституционалды мәдениет құрудың маңыздылығын айта отырып, Е.Сағадиев «Әркім ең алдымен өзінен бастау керек. Жасаған іс-әрекетін конституциялық қағида, нормалармен салыстыра отырып, заңдарды сақтай отырып құқықтық мемлекет құрып отырғанымызды әрдайым сезініп отыру қажет. Сол кезде ғана Ата заңымызға сәйкес үлкен мақсаттарға жетеміз» деп атап өтті.

Жиын барысында бірқатар қызметкер «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен салтанатты түрде марапатталды.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен:

Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының орынбасары Джанат Кукамбаева, Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы Салтанат Нұрахметова, білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің бас сарапшысы Марат Сұлтанғазиев, Ақпараттық технологиялар департаменті директорының міндетін атқарушы Гүл Жүсіпова және Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Талғат Жәкенов марапатталды.

«Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен:

Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры Нұргүл Шәмшиева және Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Жанат Кудесова марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен:

Қаржы департаментінің бас сарапшысы Эльвира Қоңырбаева, Ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы Майра Маралбаева және Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бас сарапшысы Жанна Есинбаева марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғысымен:

Қаржы департаментінің бас сарапшысы Ернар Тоқтыбаев және Ақпараттық технологиялар департаментінің сарапшысы Айдос Несіпов марапатталды.

пошта арқылы  Қазақстан Республикасы Білім және Республикасы Білім және ғылым министрлігі