Әнуарбек Сұлтанғазин Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ президенті болып тағайындалды

Ануарбек Султангазин

ҚР БҒМ Ғылым комитеті бұйрығымен Әнуарбек Жәлелұлы Сұлтанғазин «Ғылым қоры» АҚ президенті болып тағайындалды.

Әнуарбек Сұлтанғазин 1956 жылдың 20 қарашасында туды. Экономика мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.  Экономика ғылымдарының докторы, доцент.

Ә.Сұлтанғазин еңбек жолын ҚарМУ-дың комсомол комитетінде бастаған. 1990-шы жылдары ол Қарағанды әкішілігі басшысының орынбасары қызметінде, содан кейінгі жылдары Қарағанды облыстық қаржы басқармасын, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің қаржы жүйесі қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

2000-2001 жылдары ол ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі төрағасының орынбасары болды.  2001 жылдан бастап республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі болды. 2006 ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы болды.

2007 жылдың қазан айында ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалып,  2008 жылдың қыркүйегінен заместитель председателя правления АО «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысты. 2010-2012 жылдары ол «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2012-2013 жылдары – заместитель председателя правления АО «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2013-2014 ж.ж. Ә.Сұлтанғазин руководил деятельностью аналитической группы сектора аутсорсинга в ЧУ «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» аутсорсинг секторының сараптамалық тобының қызметін басқарды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аппарат басшысы, кейін – «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен наградталған.

 

Ғылым қоры ҚР Үкіметі қаулысымен 2006 жылдың 22 қарашасында, жарғылық капиталында 100% мемлекеттік қатысумен құрылды.

Мақсаты: Басымды, бастамалық, тәуекелді зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың дамуын қолдау.  

Қор тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға,  бастамалық және тәуекелді зерттеулерге, маркетингтік зерттеулерге, ғылыми-техникалық жобалардың заңгерлік және қаржы-экономикалық сараптамаларын жасауда консультациялық қызметтерге, ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру үшін инвесторларды тарту, сондай-ақ, ҒЗТКЖ жобалары бойынша семинарлар, тренингтер, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізу және оларды қаржыландыру мен коммерцияландыруды ұйымдастыруға байланысты қызметтер ұсынады.

пошта арқылы  Қазақстан Республикасы Білім және Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Leave A Comment