2019 жылы 6 мамырда ӨББИ ұжымының салтанатты жиналысы өтті.

2019 жылы 6 мамырда Өсімдіктердің биология және биотехнология институты ұжымының салтанатты жиналысы өтті.

Бас директор Жамбакин Қ.Ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің атынан марапаттарды тапсырды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Алғысын – клеткалық инженерия зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Нина Владимировна Терлецкаяға, генетика және селекция зертханасының аға ғылыми қызметкері Айгүл Қалихожақызы Маденоваға; гермоплазманы криосақтау зертханасының меңгерушісі Светлана Вениаминовна Кушнаренкоға; «Еңбек ардагері» медалі — клеткалық инженерия зертханасының бас ғылыми қызметкері Ольга Ивановна Кершанскаяға.

Құттықтаулар мен жылы тілектер, патриоттық әндер мен өлеңдер, Соғыс жылдарындағы әндер айтылды.  Институтта мереке құрметіне ұйымдастырылған шахмат және дойбы турнирлерінің жеңімпаздарына марапаттар берілді.

IMG_20190506_121656IMG_20190506_121409IMG-20190506-WA0015IMG_20190506_121526IMG-20190506-WA0014IMG-20190506-WA0016