Жоба туралы қысқаша ақпарат (жобаның ұзақтығы-27 ай., 2020-2022 ж.)

Жобаның атауы: «Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайларына бейімделген жоғары сапалы отырғызу материалдарын өндіру үшін грек жаңғағының коммерциялық құнды сорттарының микроклоналдық  түрде  көбеюдің тиімді технологиясын әзірлеу».

Грек жаңғағы – әлемдегі ең құнды жаңғақ беретін дақылдардың бірі, өнеркәсіптік екпелер алаңы шамамен 50 млн га құрайды, әлемдік өндіріс 1,5 млн тоннадан асады. Соңғы бес жыл ішінде Қазақстан елінде жаңғақ өсіруді дамытуға күш салуда. 2017 жылы «Жаңғақ пен жидектерді өндірушілер және өңдеушілердің Қазақстандық қауымдастығы» тіркелді. Жаңғақ өсіру үшін топырақ-климаттық жағдайлары қолайлы Алматы мен Түркістан облыстарында жыл сайын өнеркәсіптік жаңғақ бақтары өсіп жатыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей грек жаңғақтарын өндірудегі жоғары сапалы, өнімді сорттар қолданылған жағдайда, бұл өте тиімді сала болып табылады. Сорттың жағымды қасиеттерін сақтай отырып, біркелкі стандартты отырғызу материалын алу үшін оны тұқыммен емес, вегетативті жолмен көбейту қажет. Дәстүр бойынша, жаңғақ сорттары екпе арқылы таралады, бұл көп уақытты және күрделі процедураны талап етеді, бұл жердегі ең маңызды мәселе қор мен өсімдік материалының тазалығын және бактерия, саңырауқұлақ қоздырғыштарынан босатуды қамтамасыз ету болып табылады. Өркен тамырлануының өте төмен пайыздылығына байланысты грек жаңғағын өркенмен көбейту іс жүзінде мүмкін емес. Осылайша, жыл бойына генетикалық біртекті материал шығарудың тиімді технологиялары жоқ. Осыған байланысты грек жаңғағының микроклональды көбейту технологиясын дамыту өте өзекті болып табылады.

Жобаның мақсаты: Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайларына бейімделген жоғары сапалы отырғызу материалын өндіру үшін комерциялық құнды грек жаңғағының сорттарын микроклональды көбейтудің тиімді технологиясын әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

1 Грек жаңғағының шетелдік және жергілікті сұрыптарын in vitro култьтурасына енгізу үшін өсімдік материалын тиімді залалсыздандыру режимдері.

2 Өсімдік көбеюінің коммерциялық рентабельдік коэффиценті және жаңғақ сорттарының in vitro жағдайында тамырлану пайызы.

3 Микросателлиттік ДНҚ маркерлерін қолдана отырып, коммерциялық құнды жаңғақ сорттарының генетикалық паспорты.

4 Апикальды меристемаларды криоконсервациялаудың және құнды грек жаңғақ сорттарының криогенді жиынтығының сенімді протоколы.

5 Коммерциялық құнды жаңғақ сорттарының жоғары сапалы отырғызу материалдары.

Жобаның жетекшісі:

Кушнаренко Светлана Вениаминовна, Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институтының (ӨББИ) гермоплазманы криосақтау лабораториясының жетекшісі, Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 160-тан астам ғылыми еңбектер жарияланды, олардың 18-і Web of Science мәліметтер базасына, 12-і Scopus мәліметтер базасына енгізілді; Хирш индексі 8. Scopus ID 6507153914; Web of Science ID M-6616-2015.

Зерттеу тобының мүшелері:

Ромаданова Наталья Владимировна, жетекші ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты. 80 — нен астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Хирш Индексі 3. Scopus ID 36111616700.

Гриценко Диляра Александровна, ӨББИ молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, PhD. Хирш индексі-2 (Web of Science), ORCID ID 0000-0001-6377-3711.

Аралбаева Молдир Маликовна, кіші ғылыми қызметкер. 18 ғылыми жұмысы жарияланды, оның ішінде 3 жарияланым Web of Science және Scopus деректер базасында жарияланды. Хирш Индексі 1. Scopus ID 57195069563.

Рымханова Назгүл Қабдулақызы, кіші ғылыми қызметкер.

Михайленко Наталья Вячеславовна, лаборант.

2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде жобаны орындаушылардың жарияланымдары мен патенттерінің тізімі

1)         Kushnarenko S., Romadanova N., Aralbaeva M. In vitro conservation of the only endangered population of Corylus avellana L. in Kazakhstan // Research on Crops. – 2020. – Vol. 21, No. 4. – Р. 681-686.

2)         Утегенова Г.А., Кушнаренко С.В., Қалыбаев Қ.Р., Шораұлы Б., Огарь Н.П. Оценка состояния дикорастущей популяции ореха грецкого (Juglans regia L.) в Казахстане // Ізденістер, нәтижелер. Исследования, результаты. – 2019. – № 2. – С. 276-285.

3)         Омашева М.Е., Махмутова И.А., Утегенова Г.А., Ромаданова Н.В., Кушнаренко С.В. Сравнительная оценка методов выделения геномной ДНК из свежих, засушенных и гербарных листьев Juglans regia и Corylus avellana // Ізденістер, нәтижелер. Исследования, результаты. – 2019. – № 2. – С. 225-232.

4)         Кушнаренко С.В., Ромаданова Н.В., Огарь Н.П., Аралбаева М.М., Верзилов М.А. Современное состояние популяции лещины обыкновенной (Corylus avellana L.) в Казахстане // Вестник Карагандинского Университета. Серия «Биология. Медицина География». – 2019. – № 2 (94). – С. 99-104.

5)         Патент на полезную модель № 4998 от 05.06.2020. Кушнаренко С.В., Аралбаева М.М., Ромаданова Н.В. «Способ размножения лещины обыкновенной». Регистрационный № 2019/0952.2. Дата поступления 30 октября 2019 г.

6)         Ромаданова Н.В., Нурманов М.М., Махмутова И.А. Кушнаренко С.В. Производство суперэлитных саженцев сортов и клоновых подвоев яблони // Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина (междисциплинарный). – 2018. – №3 (98). – С. 4-13.

7)         Utegenova G., Pallister K., Kushnarenko S., Ozek G., Ozek T., Abidkulova K., Kirpotina L., Schepetkin I., Quinn M., Voyich J. Chemical composition and antibacterial activity of essential oils from Ferula L. species against methicillin-resistant Staphylococcus aureus // Molecules. – 2018. – 23(7). – Р. 1679-1696.

8)         Kushnarenko S., Romadanova N., Aralbayeva M., Zholamanova S., Alexandrova A., Karpova O. Combined ribavirin treatment and cryotherapy for efficient Potato virus M and Potato virus S eradication in potato (Solanum tuberosum L.) in vitro shoots // In vitro Cellular & Developmental Biology – Plant. – 2017. – V. 53 (4). – P. 425-432.

9)         Romadanova N.V., Kushnarenko S.V., Karasholakova L.N. Development of a common PVS2 vitrification method for cryopreservation of several fruit and vegetable crops // In vitro Cellular & Developmental Biology – Plant. – 2017. – V. 53 (4). – P. 382-393.

10)       Ромаданова Н.В., Махмутова И.А., Карашолакова Л.Н., Христенко А.А., Кушнаренко С.В. Оптимизация микроклонального размножения барабариса // Eurasian Journal of Applied Biotechnology. – 2017. – No.2. – P. 47-55.

11)       Romadanova N.V., Mishustina S.A., Gritsenko D.A., Omasheva M.Y., Galiakparov N.N., Reed B.M., Kushnarenko S.V. Cryotherapy as a method for reducing the virus infection of apples (Malus sp.) // CryoLetters. – 2016. – V. 37, No. 1. – P. 1-9.

12)       Патент 001528 KZ, А01G 1/06. Способ получения оздоровленных саженцев яблони / Ромаданова Н.В., Кушнаренко С.В. // Министерство юстиции республики Казахстан. РГП на праве хоз. Вед. «Институт биологии и биотехнологии растений» КН МОН РК. – № 1528; заявл. 31.07.15/0244.2, опубл. 08.07.16. Бюл. № 8.