Басшылық

Қанат Абайұлы Ермекбаев – 2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының бас директоры.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (биотехнология бакалавры, 2009 ж., биология магистрі, 2014 ж.). Ұлыбританиядағы Джон Иннес орталығында докторлық диссертациясын қорғаған (биология саласында PhD, 2022 ж.). Ол дақылдар генетикасы, молекулалық селекция және геномдық технологиялар саласында 17 жылдан астам тәжірибесі бар өсімдік генетигі.

Марапаттары: «Болашақ» халықаралық президенттік стипендиясының және «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» сыйлығының иегері.

 

 

 

 

 

Ахметова Д

Ахметова Данышпан – бас ғалым хатшы, б.ғ.к. 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің химия факультетін тәмәмдаған. 1986 жылы К.А.Тимирязев атындағы физиология институтының мақсатты аспирантурасына қабылданған. 1993 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі атағын алу үшін «Өсімдіктер физиологиясы» мамандығы бойынша «Nicotiana sylvestris тұзға төзімді және төзімсіз клеткаларындағы байланысқан пролиннің және оксипролиннің түзілуіне NaCL әсері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. 1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Институттың ғалым хатшысы, одан кейін бас ғалым хатшысы ретінде қызмет атқарады. 50-ден астам мақалалардың авторы.