Ғылыми-өндірістік қызмет

Қызметтің мәніҒылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 қарашада №1427 бұйрығымен бекітілген кәсiпорынның жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Қызметтің мақсатыМемлекеттік басымдықтар негізінде биотехнологияны дамытуКәсіпорын қызметінің мақсаты ғылыми-техникалық дамудың мемлекеттік басты бағыттары негізінде биотехнология саласында ғылыми зерттеулерді дамыту, мемлекеттік, аумақтық және салалық ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлеу мен оларға қатысу және мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар биотехнология саласындағы отандық және әлемдік жаңа тиімді әзірлемелер енгізу болып саналады.
Қызмет түрлері

Кәсіпорын алға қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады

01Өсімдіктердің биологиясы мен биотехнологиясы саласында ғылыми зерттеулер, жобалау, сынақ-конструкторлық жұмыстар жүргізу.
02Өсімдіктердің биотехнологиясы, ауылшаруашылығы дақылдары сорттарының тұқым шаруашылығы салаларында ғылымды көп қажет ететін өндірістер ұйымдастыру және құру.
03Өсімдіктердің биотехнологиясы саласында, заңнамада белгіленген тәртіппен халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру.
04Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, сессиялар, семинарлар, мәслихаттар, көрмелер ұйымдастыру мен өткізуге қатысу.
05Өсімдіктердің биотехнологиясы саласында зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми журналдар, ғылыми еңбектер жинағы, әдістемелік ұсыныстар, монографиялар және мамандандырылған оқулық әдебиеттер басып шығару.
06Биотехнология саласында нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және ғылыми-зерттеу сараптамаларын өткізуге қатысу.
07Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша магистратура, докторантура РhD бағдарламалары бойынша ғылыми кадрлар дайындау, ғылыми қызметкерлердің тағылымдама арқылы біліктілігін арттыру.
08Қазақстан Республикасында биология мен биотехнологияны дамытудың стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу, оларды іске асыру, игеру және техниканың, жаңа технологиялар мен материалдардың тиімділігі жоғары түрлерін Кәсіпорында пайдалану.
Коммерцияландыру

Коммерцияландыру жобалары

01Биотехнология әдістерін пайдаланып жеміс және жаңғақ дақылдарының суперэлитті көшеттерін өндіруГермоплазманы криосақтау зертханасыЖоба туралы бейне ↗
02Тораңғы терегі және Қазақстан селекциясының терек будандарының өндірісін ұйымдастыру және клондап көбейту әдісін қолдану негізінде агротехникалық интегральды жүйемен зиянкестерден, аурулардан қорғаубірлесіп орындаушы, Гермоплазманы криосақтау зертханасыpoplar.kz ↗
03Алма және жүзім патогендерін диагностикалау, генетикалық модифицирленген ауылшаруашылық дақылдарын анықтауға арналған қызметтер мен өнімдер, және жеміс-жидек дақылдарының өсімдік патогендерінен зарасыздандырылған таза материалдардыМолекулалық биология зертханасыЖоба туралы бейне ↗
Сұрақтарыңыз бар ма?Электрондық өтініш жіберіңіз немесе қабылдау бөлмесіне қоңырау шалыңыз: +7 (727) 394 75 62