| Талаптар |
Міндетті (қажетті) |
Қосымша (қалауы) |
| Білімі |
Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабыстарға авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы. |
ЕО немесе АҚШ елдерінде кемінде бір жыл оқу немесе тағылымдамадан өту. |
| Кәсіби біліктілігі |
Білуге тиіс: жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелер тақырыбы бойынша ғылыми проблемалар; экономикалық қызметтің тиісті түрлері бойынша басшылық материалдар, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік ақпарат; зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын пайдалана отырып жүргізудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдары; экономикалық қызметтің тиісті түрінің экономикасы; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары. |
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы білу (оқу, сөйлеу және жазу). Молекулалық биология, биотехнология және биохимия әдістерін қолдану (ДНҚ оқшаулау, ПТР, ИФА, хроматография, қоректік ортаны дайындау және т.б.). |
| |
|
|
| Еңбек өтілі |
Тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа авторлық куәліктерінің болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда-жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. |
Зерттеуші ретінде халықаралық, республикалық гранттық жобалар мен бағдарламаларға қатысу. |
| Лауазымдық міндеттері |
Дербес тақырыптарды, сондай-ақ тақырыптың бір бөлігі (бөлімі, кезеңі) болып табылатын әзірлемелерді зерттеу кезінде қызметкерлер тобына ғылыми басшылықты жүзеге асырады немесе неғұрлым күрделі және жауапты жұмыстарды орындаушы ретінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізеді; зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлейді; тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды және зерделеуді ұйымдастырады, талдау және ғылыми деректерді, эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерін теориялық жалпылау; оның басшылығымен жұмыс істейтін қызметкерлер алған нәтижелердің дұрыстығын тексереді; кадрлардың біліктілігін арттыруға қатысады; жүргізілген зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізеді. |
|