| Кәсіби біліктілігі |
Білуге тиіс: зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып жинақтау мен өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдары, Қазақстан Республикасының Ғылым, еңбек туралы заңнамасының негіздері, еңбекті ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары. |
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы білу (оқу, сөйлеу және жазу). Молекулалық биология, биотехнология және биохимия әдістерін қолдану (ДНҚ оқшаулау, ПТР, ИФА, хроматография, қоректік ортаны дайындау және т.б.). |
| Лауазымдық міндеттері |
Жауапты орындаушының басшылығымен тақырыптардың жекелеген бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізеді. Эксперименттерді орындауға қатысады, бақылаулар мен өлшеулер жүргізеді, олардың сипаттамасын жасайды және қорытындыларды тұжырымдайды. Зерттелетін тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді. Тақырып немесе оның бөлімі (кезеңі, тапсырмасы) бойынша есептер (есеп бөлімдері) жасайды. |
|