Институт тарихы

OB-INSTITUTИнститут «Республикада ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру және ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 21.01.1993 ж. № 1090 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.11.1993 ж. № 1140 Қаулысына сәйкес құрылған.

Институт ҚР ҰҒА Ботаника институтының физиология және генетика зертханалары негізінде, өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін, «Өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институты» деген атаумен, 1993 жылы құрылды. 2006 жылы мекеменің атауы Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты болып өзгерді. Институттың даму кезеңінде биотехнологиялық бағыттағы 5 жаңа зертхана ұйымдастырылды. Институт құрылған күннен 2006 жылға дейін ұжымға ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор И.Р. Рахимбаев жетекшілік етті. 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін Институтқа ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі биология ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. Жамбакин басшылық етеді.