Клеткалық биология зертханасы

%d0%b1%d0%b8%d1%88%d0%b8%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b8%d1%80%d0%b0-%d0%ba%d0%be%d0%b7%d1%8b%d0%ba%d0%b5%d0%b5%d0%b2%d0%bd%d0%b0-1Лаборатория меңгерушісі – Бишимбаева Назира Қозыкейқызы, биология ғылымдарының докторы ҚР ҰҒА – ның корреспондент мүшесі. 2005 жылдан бастап клеткалық биология лабораториясында зертхана меңгерушісі. Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін (1979 ж.) бітірді. 1990 жылы кандидаттық диссертациясын 03.00.12-«Өсімдіктер биохимиясы және физиологиясы» мамандығы бойынша, 2007 жылы докторлық диссертациясын 03.00.12-«Өсімдіктер биохимиясы және физиологиясы» мамандығы бойынша қорғады. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. Өсімдіктер биохимиясы және физиологиясы, биотехнология, клеткалық биология  салаларының маманы. Биотехнология, ауылшаруашылығы үшін   заманауи  биопрепараттар алу үшін және өсімдіктерді генетикалық жағынан жақсарту  биотехнологияларын жасау үшін   өсімдік клеткаларының  in vitro  жағдайындағы дифференцияция процесстерінің цитофизиологиялық заңдылықтарын зерттеумен байланысты ғылыми бағытты дамытады. Алғашқы рет  өсімдік клеткаларында in vitro жағдайда гормон және стресстік факторлар әсерінен индуцирленген  реакцияларда бағдарланған клетка өлімінің ерекше маңыздылығы айқындалды. Яғни, апоптоздық белгілері бар клеткалардан  өсімдктің өсуін реттейтін және имунитетін стимулдейтін жоғары активтілігі бар қосылыстар секрецияланатыны анықталды. Алынған іргелі мағлұмат биотехнологияда және ауыл шаруашылығында маңызды дәнді дақылдардың генотипке тәуелсіз генетикалық жақсарту биотехнологияларын жасау үшін, өсімдіктің төзімділігін арттыратын және өсуін реттейтін  биостимуляторларын алу үшін қолданылды. 150-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде: 1 монография, 67 мақала, 2 ҚР-ның  өнертабысының авторлық куәлігі, 1 инновациялық патент,. Бишимбаева Н.Қ.-ның жетекшілігімен  2  ғылым кандидаты, 7 магистр, 12 бакалавр мамандары дайындалды. Қазіргі таңда  1 Phd докторант  және  2 магистрант дайындалуда. “ҚР ҰҒА хабаршысы, биологиялық және медициналық сериясы” редакция коллегиясының мүшесі, “Биотехнология”, “Биология”, “Экология” мамандықтары бойынша (Еуразиялық Ұлттық Университет)  философия докторы Phd ғылыми мәртебесін алу үшін  диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі, Ресейдің өсімдіктер физиологтары қоғамының (ОФР), халықаралық SEB ғылыми қоғамының мүшесі (Society of Experimental Biology).

  Лаборатория тарихы:

Клеткалық биология лабораториясы  Бишимбаева Н.Қ.-ның басшылығымен  2005 жылы клеткалық инженерия лабораториясының in vitro жағдайында  өсімдіктердің  регенерациясы мен морфологиясының клеткалық механизмдерін зерттейтін ғылыми топтың негізінде ашылды. Лаборатория ашылғалы бері өсімдіктердің клетка культурасы мен ұлпаларын өсіру жағдайларымен, гистологиялық зерттеулермен қатар   биохимиялық, молекулярлы-генетикалық зерттеулер мен өсімдіктерде генетикалық трансформациялау салалары үшін де база жасалған.

Лабораторияның ғылыми бағыттарының дамуына Қазақстанның  өсімдіктер биотехнологиясының негізін қалаған еліміздің ірі ғалымдары — ҚР-ның ҰҒА  академигі Рахимбаев И.Р мен б.ғ.д. Қарабаев М.Қ. зор үлес қосты. In vitro жағдайында культивирленген  клетка ұлпаларының ультраструктурасын зерттеуге б.ғ.д. Рахимова Е.В үлкен үлес қосты. Клетка культурасында биологиялық активті заттарды идентификациялауда  ҚР-ның ҰҒА академигі Гильманов М.Қ.,   б.ғ.д. Достанова Р.Х. мен х.ғ.д. Бурашева Г.Ш. ақыл-кеңестерімен, әріптестік негізінде көп көмек берді. Профессор Р.Х. Достанова тұзға төзімділікті клеткалық деңгейде зерттеу керектігін дәлелдеп, осы зерттеулер  in vitro жағдайында клеткалардың стресстік жағдайға бейімделуінің клеткалық механизмдері жайлы жаңа ақпараттар алуға мүмкіндік берді. Бидайдың ұзақ культивирленген каллустық ұлпаларынан алынған  бидайдың самоклоналды варианттарының генетикалық селекционды зерттеулерінде б.ғ.д. Богданова Е.Д., ҚР-ның ҰҒА академигі а\ш.ғ.д.  Урозалиев Р.А. үлес қосты.

Лабораторияның қалыптасуындағы халықаралық ынтымақтастық пен шетел ғалымдарының үлесі  маңызды. Лабораторияның цитофизиологиялық бағытын қалыптастыруда  КСРО ірі ғалымдары- Ресейдің Ғылым Академиясының  корреспондент мүшесі, профессор Р.Г. Бутенконың (Өсімдіктер физиологиясы институты, Мәскеу),  ірі эмбриолог, Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор Т.Б. Батыгинаның (Ботаникалық институт, Санкт-Петербург) ғылыми консультциялары мен  лекциялары маыңызды болды. Өсімдіктердің генетикалық трансформациясы лабораториялық базасын құруда, молекулалық биология әдістерін игеруде профессор Э.С. Пирузян (Жалпы генетика институты, Мәскеу) мен Amitava Mitra (Nebraska University, Линкольн қ., АҚШ) жетекшілігімен өткен қызметкерлеріміздің ғылыми тағылымдамалар мен ғылыми консультациялар көп септігін тигізді. Қазіргі таңда профессор А. Mitra ықыласы мен басшылығы негізінде транскриптомдық  зерттеулер басталды.  Биологиялық активті заттар химиясы бойынша зерттеулерде шетелдік ғылыми орталықтарда табиғи заттар химиясы саласының ірі ғалымдарының- Dr. Gordon McDougall (Scottish Crop Research Institute, Dundee, Шотландия, Ұлыбритания), профессор, б.ғ.д. Ц.А. Егоров (Биоорганикалық химия институты, Мәскеу), б.ғ.д. Е.А. Гюнтер (Физиология институты Коми, Сыктывкар, Ресей) жетекшілігімен жүргізілген ғылыми тағылымдамалар барысында істелген зерттеулер баға жетпес үлес қосты.

Зертхана қызметкерлері

  1. Бишимбаева Назира Қозыкейқызы – ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, б.ғ.д Лаборатория меңгерушісі.

Тел. 393-86-69, e-mail: gen_jan@mail.ru

  1. Амирова Айгүл Күзембайқызы – б.ғ.к Жетекші ғылыми қызметкер. Тел. 393-86-69,
  2. Мухитдинова Зинат Рахымжанқызы – б.ғ.к Аға ғылыми қызметкер.
  3. Ертаева Бахыт Ертайқызы – РhD докторант, Ғылыми қызметкер.
  4. Муртазина Алима Серікжанқызы – магистр, Ғылыми қызметкер.
  5. Нургазина Алина Садыкбекқызы – магистр, Ғылыми қызметкер.
  6. Парменова Әсел Қуанышқызы– магистр, Кіші ғылыми қызметкер. .
  7. Бегзат Асқар Нағиұлы – магистр, Кіші ғылыми қызметкер.
  8. Қапасұлы Тілек – магистр, Кіші ғылыми қызметкер.
  9. Тастан Мөлдір Шералықызы – ҚазҰУ-нің 1-курс магистранты, Аға лаборант.
  10. Байменов Медеу – ҚазҰУ-нің 1-курс магистранты, Аға лаборант.
  11. Ихсанов Ербол – зерттеуші- тәжірибе жинақтаушы.
  12. Демесинова Сайлаугүл Дуйсеновна – Аға лаборант.

 Лабораторияның зерттеулерінің стратегиясы:

Маңызды ауыл шаруашылық дақылдарды генетикалық жақсарту  биотехнологияларын жасау үшін және биотехнология мен ауыл шаруашылығы үшін заманауи биопрепараттар алу үшін  in vitro жағдайында басқарылатын морфогенез және клеткалық  технология жүйесін жасау мақсатымен морфогенез бен дифференцировканың цитофизиологиялық заңдылықтарын зерттеу.

Лабораторияның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары.

  • Регенерация процесінің генотипке тәуелділігін жеңу мақсатында дәнді дақылдар (бидай, арпа) және т.б. ауыл-шаруашылық дақыларындағы әртүрлі генотиптің ұлпасындағы in vitro морфогенезінінің универсалды заңдылықтарын анықтау.
  • Клеткалық биологияның және даму биологиясының іргелі сұрақтарын зерттеу – цитодифференцировка; клетканың даму бағдарламасының эмбриоидогенез жолына ауысу; in vitro жағдайында тотипотенттіліктің индукциясының және ұзақ мерзім сақталуының клеткалық механизмдері; клетканың өсу, бөлінуі мен өлу процестерін реттеу; клеткалардың бағдарламалы өлуі (КБӨ) немесе апоптоз.
  • Апоптоз кезінде бөлінген биологиялық белсенді экстрацеллюлярлық заттарды анықтау және олардың стресске бейімделу және морфогенез процестері кезіндегі клетка аралық байланыстарындағы рөлін анықтау.
  • Биотехнология мен ауыл шаруашылыққа қажетті наномолярлы активтілігі бар биопрепараттарды клеткалық технология арқылы жасау.
  • Бұрын өсімдік регенерациясы жөніндегі «қиын» болған коммерциялық маңызды генотиптерді жақсарту мақсатында генотипке тәуелсіз клеткалық технологияларын және генетикалық трансформация әдістерін өңдеу.
  • Маңызды ауыл шаруашылық дақылдарының (бидай, мақта) құнды биологиялық және шаруашылық белгілері бар жаңа формаларын клеткалық технологиялар және генетикалық трансформация әдістері арқылы шығару.

Негізгі нәтижелер:

  • Алғаш рет бидай мен арпаның әр түрлі генотиптеріне универсалды меристемалық активті ұлпа түрлері болатыны және олар 2,4-Д және стресстің әсерінен эмбриоидогенез және өсімдік регенерация жолына ауысатыны дәлелденді. Бұл ұлпа түрінің полипотенттік клеткалары мен бағана клеткалар арасында аналогия жүргізілді.
  • Осының негізінде алғаш рет генотипке тәуелсіз ұзақ мерзімді регенерациясының клеткалық технологиясы жасалды. Бұл технология дәнді дақылдар мен жабайы дақылдарды генетикалық  жағынан жетілдіру үшін қолданылады.
  • Дәнді дақылдар ұлпа культурасындағы тотипотенттіліктің ұзақ мерзімде сақталуы клеткалық механизмі анықталды: 2-8 клеткалы проэмбрио және глобула кезеңдегі эмбриоидтардың дамуы тоқтатылып эмбриоидогенезге компетентті клеткалар және клеткалардың бағдарламалы өлуі (КБӨ) белгілері бар клеткалар түзілумен аяқталып дезинтеграцияға ұшырайды. Компетентті клеткалар эмбриоидогенез жолына түсіп проэмбриоларды түзейді, олар тағыда дезагрегацияға ұшырап эмбриогенді клеткалардың жаңа партиясын түзеді.
  • БКӨ белгілері бар клеткалар өлу процесі кезінде биологиялық белсенділігі жоғары клетка сыртқылық полисахаридтерді бөлетіні туралы приоритетті мәліметтер алынды. Бұл заттардың клеткалардың өсу, бөліну және цитодифференцировка процестерін реттейтіні және олардың стресс әсеріне төзімділігін күшейтетіні көрсетілді.
  • Эффективтілігі өте жоғары өсімдіктің өсуін және төзімділігін реттейтін биостимулторлар алынды. Биостимулятор өсімдіктің өнуін, дамуын жеделдетіп, өнімділігін және стресске төзімділігін арттырады.
  • Ұзақ мерзім регенерация алу клеткалық технологиясы арқылы алынған сомаклонды линияларының генетикалық өзгергіштік спектры мен серпінің бастапқы сортпен салыстырғанда кеңейгені анықталды – пісіп жетілу уақыты, өсімдіктің бойының ұзындығы, басты масақтың ұзындығы, масақтағы дән саны және салмағы, дәннің түсі, масақ қабыршағының түсі және пішіні  сынды көрсеткіштерінде айырмашылықтар бар.
  • Алғаш рет бидайдың тез пісіп жетілгіш, өнімділігі жоғары формаларын алуға клеткалық технология жасалды.
  • Құнды шаруашылық белгілері (өнімділігі жоғарғы, құрғақшылыққа төзімді және т.б.) бар  жұмсақ жаздық бидайдың мүлдем жаңа тез пісіп жетілгіш формалары алынып, Солтүстік және Орталық Қазақстанның ғылыми орталықтарында селекциялық процеске еңгізілді.
  • 2012-2016 жылдар аралығында лаборатория қызметкерлерімен 49 ғылыми еңбек, соның ішінде 1 ҚР Инновациялық патент, 19 ғылыми мақала (5-шетелде, 14-ҚР-да) мен 29 тезис (11-шетелде, 18-ҚР-да) жарияланды.

Жобалар мен бағдарламаларлы жобалар (соңғы 5 жыл ішіндегі):

  1. Инновациалық жобасы «Өнімділік-2020 бағыты шеңберінде инновационды гранттарды ұсыну» 026 бағдарламасының ғылыми бағытының «Биотехнология, ауыл шаруашылығы үшiн наномолярлы белсендiлігі бар өсiмдiктердің қорғаныс құралдары инновациялық әзiрлемелердiң және клеткалық биологияның жетiстiктері негiзінде аса тиiмдi биостимуляторларды алу», 2012-2014 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және технология министрлігінің технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттігі.
  2. Гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша жобасы 055 «Ғылыми немесе ғылыми техникалық қызмет, «өмір туралы ғылым» басымдығы бойынша, «Тағамдық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер» басымдылық-асты бойынша, «Жаздық жұмсақ бидайдың ерте пісетін формасын биотехнология әдістерін қолданып шығару», 2012-2014 жж. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.
  3. Мақсатты бағдарламалық қаржыландыру «Маңызды ауылшаруашылық дақылдарын генетикалық жақсартудың тиімді биотехнологиясын жасап шығару үшін маңызды ауылшаруашылық дақылдарының жыныс және соматикалық клетка культураларында басқарылатын морфогенездің цитофизиологиялық негіздері» (2015-2017 гг.), «Елдің интеллект әлеуеті» приоритеті бойынша «Мақсатты бағдарламалық қаржыландыру» 100 кіші бағдарламаның ішінде жасалады.

Халықаралық мекемелермен ғылыми байланыс.

  1. Nebraska Lincoln University, Линкольн қ., АҚШ.
    2. James Hutton Institute, Дэнди, Шотландия, Ұлыбритания.
  2. Физиологиялық өсімдіктер институты. РҒА,Мәскеу қ . Ресей.
    4.Жалпы генетикалық институты. Мәскеу қ.Ресей.
    5Мемлекеттік федеральды Бюджеттік мекеме академиктер М.М.Шемякин және Ю.А.Овчинников РҒА атындағы биоорганикалық химия институты.Мәскеу қ. Ресей.
  3. Мемлекеттік федеральды ғылыми бюджеттік мекеме Ресей Ғылым Академясы Коми физиологиялық институты Орал ғылыми орталық бөлімшесі. Ресей Ғылым Академиясы. (ИФ Коми НЦ УрО РАН), Сыктывкар қ. Реснй.

 

Отандық мекемелермен ғылыми байланыстар.

1.»Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2 Ұлттық биотехнологиялық орталығы.

3 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Химия факультеті.

  1. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
  2. Мақта өндіру институты. АШМ ҚР Атакент,Оңтүстік Қазақстан облысы,.
    6.» Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми өндіріс орталығы» АҚ., АШМ ҚР Алмалыбак, Каскелен ауданы Алматы облысы.

7.ЖШС «Ауылшаруашылық Қарабалық  тәжірибелік бекеті.» (Қостанай обл)

  1. Қарағанды Өсімдіктер және селекция ғылыми зерттеу институты.(Қарағанды обл).
  2. ЖШС Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибелік бекеті.(Солтүстік Қазақстан обл)
  3. ЖШС Павлодар ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институты.(Павлодар обл).
  4. «Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қызылорда облысы

Ғылыми-педагогикалық қызмет:

2013 ж.

  1. 4 курс бакалавры Жүсіпова Маржан – 2013 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетінде «Бидай жасуша культурасындағы экстрацеллюлярлық полисахаридтердің стресс жағдайларында өсетін ауылшаруашылық және техникалық дақылдарына протекторлы белсенділігін анықтау» тақырыбымен дипломдық жұмысын қорғады. Ғылыми жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.
  2. 4 курс бакалавры Керимханкызы Торгын – 2013 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ биологи факультетінде «Бидайдың эмбриогенді суспензиялы культурасынан алынған экстрацеллюлярлық полисахаридтерінің ауылшаруашылық және техникалық дақылдарының өсуіне әсері бойынша өсу реттегіш белсенділігін анықтау» тақырыбымен дипломдық жұмысын қорғады. Ғылыми жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.

2014 ж.

  1. 4 курс бакалавры Тастан М. – 2014 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетінде дипломдық жұмысын қорғады. Тақырыбы: «Стресс факторларында өсмдіктің төзімділігіне экстрацеллюлярлы полисахаридтердің әсерін зерттеу». Ғылыми жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.
  2. 4 курс бакалавры Нугметдинова А. – 2014 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетінде дипломдық жұмысын қорғады. Тақырыбы: «Оптимизация условий генетической трансформации отечественных сортов хлопчатника». Жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.
  3. 3. Ертаева Б.Е. – аль-Фараби атындағы ҚазҰУ билогия факультеті PhD докторант. Тақырыбы: «Изучение цитофизиологических закономерностей морфогенеза хлопчатника in vitro для создания реципиентных систем генетической трансформации». Жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.

2015 ж.

  1. 1. Парменова А.К.– 2015 ж. ҚазҰАУ-де магистрлік диссертациясын қорғады. Тақырыбы: « Бақша және көкөніс дақылдарының өсуіне және төзімділігіне экстрацеллюлярлы полисахаридтердің физиологиялық әсерін зерттеу». Жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.
  2. 2. Казыбекова С. К. – 2015ж. аль-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінде магистрлік диссертациясын қорғады. Тақырыбы: «Бидай клетка культурасынан алынған экстрацеллюлярлы поли және олигосахаридтердің физико химиялық қасиеттерін зерттеу». Жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.

2016 ж.

  1. 1. Мақаш А.Т. – ҚазҰУ 4 курс бакалавры, дипломдық жұмысын «Өсімдіктер клетка культураларынан алынған экстрацеллюлярлы заттардың сандық және сапалық талдауы» тақырыбы бойынша қорғады, мамандығы – «биотехнология». Жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.
  2. 2. Айтжанова Н.Н. – ҚазҰУ 4 курс бакалавры, дипломдық жұмысын «Өсімдіктер клетка культурасынан алынған экстрацеллюлярлы заттардың физиологиялық белсендігін анықтау» тақырыбы бойынша қорғады, мамандығы – «биотехнология». Жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.
  3. Сабитова А.М. – ҚазҰУ 4 курс бакалавры, дипломдық жұмысын «Цитофизиологические особенности морфогенеза в культуре ткани хлопчатника» тақырыбы бойынша қорғады, мамандығы – «биотехнология». Жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.
  4. 4. Нұрбақытқызы А. – ҚазҰУ 4 курс бакалавры, дипломдық жұмысын «Азықтық дақылдар ұлпа культурасындағы морфогенез процестерін зерттеу» тақырыбы бойынша қорғады, мамандығы – «биотехнология». Жетекшісі — Н.Қ. Бишимбаева.

Патенттер

  1. Бишимбаева Н.Қ., Денебаева М.Г. Алдын ала патентке авторлық құқық ҚР № 12277 07.2000 ж. Арпаның (Hordeum vulgare) қарқынды өсетін ұзақ мерзімді борпылдақ эмбриогенді каллус дақылдарын алу тәсілі. КИПЭ «Өндірістік меншік» мақалалар жинағының ресми бюлеттенде басып шағарылды. – 2002. – №12.
  2. Бишимбаева Н.Қ., Амирова А.К. Алдын ала патентке авторлық құқық ҚР № 12743 06. 06. 2001. Бидайдың (Triticum aestivum) ұзақ мерзімді борпылдақ эмбриогенді каллус дақылдарын алу тәсілі. КИПЭ «Өндірістік меншік» мақалалар жинағының ресми бюлеттенінде басып шағарылды. – 2003.
  3. Бишимбаева Н.Қ., Амирова А.К., Карабаев М.К., Рахимбаев И.Р. Қазақстан Республикасы инновациялық патент №29149 «Ұзақ мерзімді регенерацияға қабілетті бидайдың эмбриогенді каллус ұлпаларын алу». (беру мерзімі 07.11.2013) мемлекеттік тізілімінде тіркелген 20.10.2014 ж.

Басты мақалалар 2012-2016 жж.

Мақалалар.

  1. Бишимбаева Н.Қ.Самоклональды өзгергіштік бидайдың бағалы белгілері бар бидайдың жаңа формаларын алудың негізгі көзі // ҚазҰУ Хабаршысы.  Биология сериясы, 2012. —  Т. 55. — №3 – . 41-46б.
  2. Бишимбаева Н.Қ., Амирова А.К., Парменова А.К., Шилманова А., Касымхан К., Карабаев М.К., Рахимбаев И.Р. Өсімдіктердің ұзақ регенерациясы клеткалық технологиясының негізінде бидайдың бағалы формаларын алу //«Биология клеток растений in vitro и биотехнология» Х халықаралық конференциясының мақаларының жинағы, 14-18 қазан. – Казан – 2013. – . 10-15б.
  3. Бишимбаева Н.Қ. Дәнді дақылдардағы ұзақ мерзімді тотипотенттілігін in vitro жағдайында сақтаудың клеткалық механизмдерін зерттеу// Труды международной конференции «Биотехнология, нанотехнология мен физико-химиялық биологияның өзекті мәселелері» Халықаралық конференциясының еңбектері. – ҚазҰУ хабаршысы, Биология сериясы. – 2013. – №3(59). – . 70-73б.
  4. Ертаева Б.Е., Амирова А.К., Бишимбаева Н.К. Қазақстандық селекциясы мақтасының каллустық ұлпаларының морфологиялық әртектілігінің ерекшеліктері// Молодой ученый, 2015. — № 9.2 (89.2) – . 21-22б.
  5. Бишимбаева Н.Қ., Амирова А.К., Муртазина А.С., McDougallG.J., Рахимбаев И.Р. Бидай клетка культурасының жоғары өсу реттегіштік және протектілік активтілігі бар экстрацеллюлярлы полисахаридтері// Материалы научной конференции и школы для молодых ученых «Фундаментальные и прикладные проблемы современной экспериментальной биологии растений», 23-27 қараша. – Мәскеу, 2015 ж. – . 98-102б.
  6. Бишимбаева Н.Қ., Касымхан К., Парменова А.К., Амирова А.К., Демесинова С.Д., Баймагамбетова К.К., Чудинов В.А., Середа Г.А., Гасс О.С., Бекенова Л.В., Карабаев М.К., Урозалиев Р.А., Рахимбаев И.Р. Клеткалық технологиялар арқылы алынған жаздық жұмсақ бидайдың тез піскіш формаларының экологиялық сынақтары// Материалы научной конференции и школы для молодых ученых «Фундаментальные и прикладные проблемы современной экспериментальной биологии растений», 23-27 қараша. – Мәскеу, 2015 ж. — . 103-107б.
  7. Bishimbayeva N.K., Sartbayeva I.A., Gunter E.A. Бидайдың клетка культурасынан бөлініп алынған полисахаридтердің химиялық құрамы// International Journal of Biology and Chemistry КазНУ им. аль-Фараби, 2015. — №2. – С. 13-17.
  8. Kazybekova S.K., Bishimbaeyva N.K., Murtazina A.S., Reinhard Miller, Tazhibayeva S.M. Бидайдың клетка культурасынан бөлініп алынған физиологиялық активті полисахаридтердің физико химиялық қасиеттері// International Journal of Biology and Chemistry әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2015. — №2. – . 18-22б.
  9. Рахимова Е.В., Бишимбаева Н.Қ., Амирова А.К., Нургазина А.С. Эмбриогенді борпылдақ каллусының клеткалық популяцияларының құрылысына фитогормондардың әсері // Исследования и результаты КазНАУ. – 2015 – . 165-173б.
  10. Амирова А.К., Касымхан К., Баймагамбетова К.К., Бишимбаева Н.К. Бидайдың тез пісіп жетілгіш самоклоналды линияларын зерттеу үшін Ppd мен Vrn гендеріне аллель – спецификалық маркерлерді қолдану // ҚазҰУ хабаршысы, серия биологическая, 2015. – Т. 1. — №63. – . 20-25б.

Шетелдік тағылымдамалар

  1. Бишимбаева Н.Қ. – James Hutton Institute ғылыми тағылымдама ( Данди қ., Шотландия,Ұлыбритания), Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» степендиясы, 2012.
  2. Ертаева Б. Е. – Небраска-Линкольн университетіне ғылыми тағылымдама (Линкольн қ., Небраска, АҚШ), доктарантура бойынша шетелдік тағылымдадан өту бағдарламасымен, 2014.
  3. Бишимбаева Н.Қ. – Физиология институтының Коми Ғылым орталығы, Ресей Ғылым Академиясының Орал филиалында ғылыми тағылымдама (ФИ Коми ҒО РҒА ОФ) (Сыктывкар қ., Ресей), 2015.
  4. Ихсанов Е.С. — стажер-зерттеуші, PhD докторант – Физиология институтының Коми Ғылым орталығы, Ресей Ғылым Академиясының Орал филиалында ғылыми тағылымдама (ФИ Коми ҒО РҒА ОФ) (Сыктывкар қ., Ресей), 2015.

Құрметті ғылыми атақтар

  1. Бишимбаева Н. Қ. — 2013 жылы Қазақстан Республикасының (ҚР ҰҒА) Ұлттық Ғылым Адемиясының корреспондент-мүшесі.
  2. Бишимбаева Н.Қ. – 2014 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 03.00.23 «биотехнология» мамандығы бойынша диссертация кеңесінің мүшесі.
  3. Бишимбаева Н.Қ. — 2016 жылдан бастап журнал « ҚР ҰҒА хабаршысы, биологиялық және медициналық серия» журналының редакциялық алқасының мүшесі
  4. Бишимбаева Н.Қ. – ҒЗЖ нәтижелері бойынша бағалау және олардық практикалық қолданылуына ұсыныс енгізу бойынша Ведомство аралық жұмыс тобының мүшесі (2015- 2016).

Құрметті ғылыми мадақтамалар, шәкіртақылар

1.Бишимбаева Н. Қ.   –  мемлекеттің басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүзеге асыру, ғылыми кадрларды даярлауда белсенді ат салысатын, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің Мемлекеттік степендиясының иегері, 2013.

2.Бишимбаева Н. Қ. – Білім және ғылым министрлігің (ҚР БҒМ) «Рухани және әлеуметтік даму және білім беру саласындағы тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне қосқан үлесі үшін»,  құрмет грамотасының иегері, 2014 (ӨББИ мерейтойына арналған).

3.Бишимбаева Н. Қ. — «Қазақстан Республикасының ғылыми, педагогикалық және инновацилық қызметінде, әлеуметтік-мәдени дамуында қосқан көрнекі жетістіктері үшін» ҚР ҰҒА құрмет грамотасының иегері, 2016.

4.Бишимбаева Н. Қ.  – «Қазақстанның ғылыми-ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметі мен өсімдіктер биологиясы мен биотехнологиясы дамуына қосқан үлесі үшін алғыс» Институт дирекциясының құрмет грамотасы (мерейтойға арналған).

5.Амирова А.К. – «Өсімдіктер биологиясы мен биотехнологиясы саласында ғылыми жетістіктері мен РМК «Өсімдіктер биологиясы мен биотехнологиясы институтында» белсенді қызметі үшін» Институт дирекциясының құрмет грамотасы (ӨББИ мерейтойына арналған).

Конференциядағы баяндамалары.

Ауызша баяндамалар:

а) ТМД елдерінде:

1 Бишимбаева Н.Қ. Дәнді дақылдардың in vitro жағдайындағы индукция және тотипотентікті ұзақ мерзім сақталуының клеткалық заңдылықтарын зерттеу //  «Өсімдіктер клеткаларының in vitro жағдайындағы биологиясы және биотехнологиясы» Х халықаралық конференциясының мақаларының жинағы, – 14-18 қазан. – Қазан. – 2013. Ауызша баяндама, негізгі баяндама. «Өсімдіктер клетка культурасының молекулярлы-биологиялық, генетикалық, биохимиялық, цитологиялық, физиологиялық заңдылықтары»  секцияның тең төреағасы.

в ) Қазақстан Респуликасында:

  1. 1. Бишимбаева Н.Қ. Дәнді дақылдардың in vitro жағдайындағы тотипотентіктін ұзақ мерзім сақталуының клеткалық механизмы // «Биотехнология, нанотехнология және физика химиялық биологиясының өзекті мәселері» Халықаралық конференциясы – 21-22 қараша. – Алматы. – Ауызша баяндама, негізгі баяндама.
  2. 2. Амирова А.К. Биотехнология арқылы бидайдың құнды ауылшарушылық белгілері бар сомаклоналды линияларын алу // Биотехнология, нанотехнология және физикалық химиялық биологиясының өзекті мәселері» Халықаралық конференциясы – 21-22 қараша. – Алматы. – Ауызша баяндама.
  3. Бишимбаева Н.Қ. – Дәнді дақылдардың in vitro жағдайындағы индукция және тотипотентікті ұзақ мерзім сақталуындағы бағдармалы өлу белгілері бар клеткалардың рөлі // «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы» Халықаралық ғылыми конференциясы. – 28-30 мамыр. – Алматы. – 2014. – Ауызша баяндама. «Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы» секциясының модераторы Подсекция 2. Өнімділік физиологиясы». 2 бөлімшесі.
  4. Ертаева Б.Е. – Отандық мақтаның in planta генетикалық трансформация жағдайларын онтайландыру // «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы» Халықаралық ғылыми конференциясы. 4 Бөлім. «Клетқалық және генетикалық инженерия» – Алматы. – 2014. – Б. 440. Ауызша баяндама.

Қызметтер:

1) Кадрлар дайындау – Жыл сайын лаборатория базасында биологиялық профилді студенттер мен магистранттардың оқу және ғылыми-өндірістік практикасын  өтеді.

2) Заманауи  клеткалық және генетикалық инженерия әдістерін үйрету бойынша қызығушылық танытқан ғылыми қызметкерлерге тағылымдамалар мен тренингтер өткізу.

3) Коммерциялық маңызды сорттарын генетикалық жақсарту — лабораторияда жасалынған клеткалық технология көмегімен  құрғақшылыққа төзімді,  продуктивтілігі жоғары, тез пісіп жетілетін арпа мен бидайдың сорттарын алып. Жаңа генотиптерді алу.

4) Өнуін, өнімділігін және стресстік факторларға төзімділігін жоғарылату үшін ауыл шаруашылық өсімдіктердің тұқымдарын экологиялық таза физиологиялық активті заттармен өңдеу – әр ауыл-шаруашылық культура түріне онтайлы дозасы мен тәсілін тандау.

 Имидждік өнім:

1.Лабораторияда жасалған клеткалық технология көмегімен алынған өнімділігі жоғары тез пісіп жетілгіш бидайдың  R12 (4 линия) және R4  (51 линия) ұрпақтарының линиялары.

2. Өсімдіктің өнімділігін, өсуін, дамуын,  қоршаған ортаның қолайсыз факторларына (тұз, құрғақшылық және т.б.)  төзімділігін арттыратын қасиеттері бар эффективтілігі жоғары  жаңа биопрепараттар.

Состав лаборатории клеточной биологии: в первом ряду в центре – заведующий лаборатории, д.б.н. Бишимбаева Н.К., слева на право в первом ряду: младший научный сотрудник Қапасұлы Т., ведущий научный сотрудник, к.б.н. Амирова А.К.; во втором ряду – научный сотрудник Нургазина А.С., научный сотрудник Муртазина А.С., старший лаборант Демесинова С.Д.

Клеткалық биология лабораториясының құрамы: бірінші қатарда ортасында – лаборатория меңгерушісі, б.ғ.д. Бишимбаева Н.Қ.,  солдан оңға қарай  бірінші қатарда: кіші ғылыми қызметкер Қапасұлы Т., жетекші ғылыми қызметкер, б.ғ.к. Амирова А.К.; екінші қатарда – ғылыми қызметкер Нургазина А.С., ғылыми қызметкер Муртазина А.С.,  аға лаборант Демесинова С.Д..

На Международной конференции по биологии и биотехнологии растений. (28-30 мая. 2014 г., г. Алматы. Казахстан) слева на право - младший научный сотрудник Парменова А.К.; PhD доктор, профессор Nebraska Lincoln University (г. Линкольн, США) Mitra A.; заведующий лабораторий клеточной биологии, член-корр. НАН РК, д.б.н. Бишимбаева Н.К., профессор Московского Государственного Университета им. М.В. Ломоносова, д.б.н (Москва, Россия) Носов А.М., стажер-исследователь, ведущий научный сотрудник, к.б.н. Амирова А.К., научный сотрудник Ертаева Б.Е.

Өсімдіктердің биологиясы мен биотехнологиясы бойынша халықаралық конференцияда (28-30 мамыр. 2014 ж., Алматы. Қазақстан) солдан оңға қарай — кіші ғылыми қызметкер Парменова А.К.; PhD доктор, Nebraska Lincoln университетінің профессоры (Линкольн қ, АҚШ) Mitra A.; клеткалық биология лабораториясының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, б.ғ.д. Бишимбаева Н.Қ., М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттің Университетінің профессоры, б.ғ.д. (Мәскеу, Ресей) Носов А.М., жетекші ғылыми қызметкер, б.ғ.к. Амирова А.К., ғылыми қызметкер Ертаева Б.Е.

КЛЕТОЧНОЙ БИОЛОГИИ

Физиология и биохимия растений