Туруспеков Еран Кеңесбекұлы — Scopus Awards жеңімпазы

2022 жылғы 15 қарашада Астана қаласында Scopus Awards халықаралық сыйлығына ие болған 19 қазақстандық ғалымды марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында — институттың молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, профессор Е. К. Туруспеков. Ерлан Кеңесбекұлын осы беделді халықаралық сыйлықпен құттықтаймыз!

Elsevier, ғылыми ақпарат саласындағы танымал көшбасшы, әлемдегі ғылымның дамуына белсенді ықпал етеді. Осыған байланысты негізгі бағыттардың бірі – ғалымдарды қолдау.

Scopus Awards халықаралық сыйлығы — ғалымдардың жетістіктерінің объективті көрсеткіші. Жеке автордың ұлттық ғылымның дамуына қосқан үлесі жарияланған ғылыми мақалалар санымен және олардың халықаралық деңгейдегі журналдардағы дәйексөздерімен өлшенеді және субъективті бағалауды болдырмайды.