Ғылым қызметкерлері күніне арналған ғылыми жетістіктер көрмелері

Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты ғылым қызметкерлері күніне арналған екі ғылыми жетістіктер көрмелеріне қатысты: 1) 2023 жылғы 12 сәуірде Астана қаласында салтанатты жиын аясында өткен ҚР ҒЖБМ ұйымдастырған ғылыми жетістіктер көрмесі; 2) ҚР ҒЖБМ қолдауымен әл-Фараби атындагы ҚазҰУ ұйымдастырған «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық көрмесі, Алматы қаласы, 2023 жылғы 13 сәуір. Көрмеде ӨББИ үш зертханасының қызметін көрсететін экспонаттар ұсынылды: селекция және биотехнология; гермоплазманы криосақтау; молекулалық биология.