Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» және «Жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар» конкурстарының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

ҚР ҒЖБМ жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» және «Жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс» конкурстарының қорытындысы шығарылды.

2023 жылы Генетика және селекция зертханасының өкілдері жеңімпаз атанды: отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы зертхана меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Кохметова Алма Мырзабекқызына берілді; Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия аға ғылыми қызметкер, PhD Құмарбаева Мәдина Талғарқызына берілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!