ӨСІМДІКТЕР БИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ (ICPBB 2024) 3-6 маусым 2024 жыл

Конференцияның өтетін орны: «Best Western Plus Atakent Park Hotel» қонақ үйі, Алматы қ., Тимирязев көш. 42, Казақстан

Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді ӨББИ құрылуының 30 жылдығына арналған Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы бойынша халықаралық ғылыми конференцияға (ICPBB 2024) қатысуға шақырамыз.

Конференция 2024 жылы 3-6 маусымда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында өтеді. Конференция жұмысы өсімдіктердің генетикалық ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану, абиотикалық және биотикалық ортаның стресс факторларына төзімділік, жаңа геномдық, протеомдық және феномдық технологияларды дамыту, сондай-ақ гендік инженерия зерттеулері сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс жасалуы жоспарлануда:

Секция 1. Генетикалық ресурстар және Биоалуантүрлілік

Секция 2. Генетика және Селекция

Секция 3. Физиология, Биохимия және Биотехнология

Секция 4. Клеткалық және Генетикалық инженерия

Секция 5. Геномика, Протеомика және Биоинформатика

 

Халықаралық конференцияның жұмыс тілі: ағылшын.

Сіздерді Институт ұжымы, Алматы қаласы және биік таулы «Медеу» кешені күтеді!

 

Корреспонденция үшін мекенжай:

Қазақстан, 050040, Алматы қ., Тимирязев көш., 45,

Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты

ICPBB 2024 конференциясының ұйымдастыру комитеті

Тел/факс: 8 (727) 394-75-62

Электрондық пошта: icpbb2024@ipbb.kz

Веб-сайт адресі: https://primerdigital.com/ICPBB2024/

 

Материалдарды жариялауға қойылатын талаптар

Конференция тезистерін қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 1 наурызы. 2024 жылдың 1 наурызынан кейін келіп түскен, сондай-ақ тіркеу жарнасының төленгені расталмаған материалдар Ұйымдастыру комитетімен қарастырылмайды.

Тезистерді қабылдау туралы ақпарат 2024 жылдың 1 сәуірінен кейін қолжетімді болады.

Баяндаманың тезистерін дайындауға қойылатын талаптар

  1. Тезис мәтінінің көлемі (ағылшын тілінде) MS Word редакторында А4 форматындағы 1 беттен аспауы керек.
  2. Жиектер: барлық жағынан – 20 мм, абзац – 1 см, шрифт – Times New Roman, мәтін – 12 өлшем, бір интервал.
  3. Түрлердің латынша атаулары курсивпен жазылады.

Тезис файлының атауында және хаттың тақырыбында бөлім нөмірін көрсете отырып, латын транслитерациясында бірінші автордың тегін пайдаланыңыз, мысалы, Petrov_3_abstract.

Баяндаманың тезистерін келесі электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз: icpbb2024@ipbb.kz

Тіркеу жарнасы

Қазақстаннан және жақын шетелдерден (ТМД) қатысушылар үшін:

ерте тіркелу (2024 жылдың 1-наурызына дейін қоса алғанда) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем күніндегі бағамы бойынша 100 АҚШ долларына балама теңгедегі сома;

кеш тіркелу (2024 жылдың 1-наурызынан кейін) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем күніндегі бағамы бойынша 150 АҚШ доллары баламасы

Жас ғалымдар (бакалавриатуры, магистратуры и докторантуры (аспирантуры) студенттері — мәртебеңізді растайтын ресми құжат жіберілуі керек) үшін тіркеу жарнасы –  50 АҚШ долларына (ерте тіркеу), 2024 жылдың 1 наурызынан кейін 100 АҚШ долларына тең.

алыс шетелден келген қатысушылар үшін:

 

ерте тіркелу (2024 жылдың 1-наурызына дейін) – 300 АҚШ доллары;

кеш (2024 жылдың 1-наурызынан кейін) – 400 АҚШ доллары.

 

Банктік аударым комиссиясын конференцияға қатысушы өзі төлейді!!!

Конференцияға қатысушының тіркеу жарнасы пленарлық және секциялық отырыстарға және постер (плакат) секцияларына қатысу, конференция материалдары, кофе-брейктер, Алматы қаласы бойынша экскурсияны қамтиды.

Тіркелу жарнасына банкет құны кірмейді.

Банкет құны 50 АҚШ долларына тең теңгедегі соманы құрайды.

Төлегеннен кейін төлемді растайтын құжаттың сканерленген нұсқасын icpbb2024@ipbb.kz электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.