AP 14869593 (жетекшісі Альмерекова Ш.С.)

Жоба туралы қысқаша ақпарат

(2022-2024 ж.ж.)

Жобаның атауы: ЖТН AP14869593 «Қазақстандағы Salsola L. туысы түрлерінің генетикалық алуантүрлілігін зерттеу және фитохимиялық талдау».

Өзектілігі. Қазақстан аумағының шамамен 60% өсімдік жамылғысының доминантты құрамдас бөлігі Salsola (сораң) түрлері болып табылатын шөлдер мен шөлейттер алып жатыр. Сондай-ақ, сораңдар дәрілік шикізаттың маңызды көзі, құрғақ аймақтардың құнды жем-шөп ресурстары, биоремедианттар мен құмдарды бекітуші болып табылады. Сондықтан ботаника, молекулалық генетика, жаңа буын технологиялары және фитохимия әдістерін пайдалана отырып, генетикалық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану үшін Salsola түрлерін кешенді зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы жоғары. Құнды қазақстандық Salsola түрлерін кешенді зерттеу бұрын жүргізілмеген. Сонымен қатар, туыстың жалпы қабылданған таксономиясы жоқ және Salsola молекулалық таксономиясы шешілмеген сұрақ болып қалады. Жобада жаңа буынды секвенирлеу технологиясын пайдалану зерттелетін туыстың таксономиялық мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Жобаның мақсаты: қазіргі заманғы молекулалық-генетикалық және биохимиялық әдістер мен жаңа буынның геномдық технологияларын пайдалану негізінде Қазақстанның Salsola L. түрлерінің генетикалық алуантүрлілігі мен фитохимиясын зерттеу.

 Күтілетін нәтижелер:

 1. Salsola түрлерінің популяциясын жинау, олардың түрлерін анықтау, гербарийлерді дайындау және цифрлау,  Salsola түрлерінің қатысуымен фитоценоздарды сипаттау жүзеге асырылады.

2. ДНҚ-баркодтау технологиясы бойынша ядролық және хлоропластты геномдарының маркерлері негізінде Salsola түрлерінің филогенетикалық қатынастары зерттеледі.

3. Хлоропласт геномын секвенирлеу негізінде Salsola түрлерінің филогенетикалық байланыстары талданады.

4. Қазақстандық Salsola түрлерінің макро — және микроэлементтік құрамы мен антиоксиданттық белсенділігі зерттеледі.

Жобаның ғылыми жетекшісі: Альмерекова Шырын Семизбайкызы, аға ғылыми қызметкер, PhD-доктор (2018, геоботаника). 35 ғылыми еңбектің, соның ішінде Web of Science (H-index=4, https://www.webofscience.com/wos/author/record/9617158) және/немесе Scopus (H-index=4, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57196952712) индекстелетін рейтингі жоғары рецензияланатын басылымдардағы 12 мақаланы қоса алғанда, 21 мақаланың және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (БҒССҚК) ұсынған журналдардағы 9 мақаланың бірлескен авторы, 1 оқу құралы, 1 авторлық куәлік, 1 пайдалы модельге ҚР патенті бар. Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымдарына арналған стипендия иегері (2021ж.).

Зерттеу тобының мүшелері:

Абугалиева С.И., бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының докторы, профессор. >90 мақала (оның ішінде Web of Science (H-index=8, https://www.webofscience.com/wos/woscc/citation-report/b75075f1-aa93-49e7-b3c5-86e58315e8a1-2f7a75ee) және/немесе Scopus деректер базасында 39 мақаланың (H-index-8, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6507029042);  БҒССҚК 47 мақаланың және т.б. бірлескен авторы.

Затыбеков А.К., PhD, аға ғылыми қызметкер, 23 ғылыми мақаланың бірлескен авторы: Web of Science и Scopus рецензияланатын басылымдардағы 7 (H-index–3, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57196942983), БҒССҚК басылымдарында 16; 1 ғылыми-әдістемелік ұсынымның, 2 пайдалы модель патентінің бірлескен авторы.

Веселова П.В., биология ғылымдарының кандидаты (ботаника), ҚР ЭТРМ ОШЖДК Ботаника және фитоинтродукция институтының (БФИ) жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. >100 жарияланымы бар, H-index=3 (https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57193084177, WoS бойынша H-index=3, https://www.webofscience.com/wos/author/record/41761960).

Айменова Ж.Е., PhD, Әуезов ат. ОҚУ жаратылыстану-техникалық ҒЗИ жанындағы «Фитохимия» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі. >40 ғылыми мақаланың, оның ішінде БҒССҚК ғылыми журналдардағы 6 мақаланың, Scopus индекстелген 3 мақаланың (H-index=1, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57074125500), 1 өнертабысқа патент, 10 әдістемелік құрал, 1 монография авторы.

Ермагамбетова М.М., магистр (геоботаника), кіші ғылыми қызметкер (кғқ), 4 жылдық тәжірибесі бар.

Гениевская Ю.А., магистр (биотехнология), кғқ, Web of Science және/немесе Scopus-та индекстелген 11 мақаланың бірлескен авторы (H-index=5, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57196939730).

Осмонали Б., БФИ Жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының кғқ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жобалық өтінім тақырыбы бойынша PhD-докторанты (геоботаника мамандығы). >15 жарияланымның, соның ішінде Web of Science және/немесе Scopus деректер базасында индекстелген 5 ғылыми мақаланың бірлескен авторы (H-index=2, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57212564484).

2017-2022 жылдардағы жоба орындаушыларының жарияланымдары мен патенттерінің тізімі: 

  1. Almerekova, S., Mukhitdinov, N., Abugalieva, S. (2017). Phylogenetic study of the endemic species Oxytropis almaatensis (Fabaceae) based on nuclear ribosomal DNA ITS sequences. BMC plant biology (IF= 4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль-87), 17(1), 1-9. DOI: 10.1186/s12870-017-1128-x;
  2. Almerekova, S., Shchegoleva, N., Abugalieva, S., Turuspekov, Y. (2020). The molecular taxonomy of three endemic Central Asian species of Ranunculus (Ranunculaceae). PloS one (IF=3.788, квартиль-Q2; SJR=0.990, процентиль-92), 15(10), e0240121. DOI:10.1371/journal.pone.0240121
  3. Özek, G.; Schepetkin, I.A.; Yermagambetova, M.; Özek, T.; Kirpotina, L.N.; Almerekova, S.S.; Abugalieva, S.I.; Khlebnikov, A.I.; Quinn, M.T. (2021) Innate Immunomodulatory Activity of Cedrol, a Component of Essential Oils Isolated from Juniperus Species. Molecules (IF=4.588, квартиль-Q2; SJR=0.990, процентиль-74), 26, 7644.
    DOI:10.3390/molecules26247644
    Almerekova, S., Lisztes-Szabó, Z., Mukhitdinov, N., Kurmanbayeva, M., Abidkulova, K., Sramko, G. (2018). Genetic diversity and population genetic structure of the endangered Kazakh endemic Oxytropis almaatensis (Fabaceae). Acta Botanica Hungarica (SJR=0.417, процентиль-50) 60(3-4), 263-278. DOI: 10.1556/034.2018.1
  4. Almerekova, S., Favarisova, N., Turuspekov, Y., Abugalieva, S.*(2020). Cross-Genera Transferability of Microsatellite Markers and Phylogenetic Assessment of Three Salsola Species from Western Kazakhstan. Proceedings of the Latvian Academy of Sciences. Section B: Natural, Exact, and Applied Sciences (Latvia) (SJR=0.168, процентиль-39), 74 (5), 325-334. DOI:10.2478/prolas-2020-0049.
  5. Almerekova, S., Abugalieva, S*, Mukhitdinov, N. (2018). Taxonomic assessment of the Oxytropis species from South-East of Kazakhstan. Vavilovskii Zhurnal Genetiki i Selektsii= Vavilov Journal of Genetics and Breeding. (SJR=0.188, процентиль-38), 22(2), 285-290. DOI:10.18699/VJ18.362
  6. Abugalieva, S., Volkova, L., Genievskaya, Y., Ivaschenko, A., Kotukhov, Y., Sakauova, G., Turuspekov, Y. (2017). Taxonomic assessment of Allium species from Kazakhstan based on ITSand matK markers. BMC plant biology (IF=4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль-87), 17(2), 51-60. DOI:10.1186/s12870-017-1194-0
  7. Genievskaya, Y., Abugalieva, S., Zhubanysheva, A., Turuspekov, Y. (2017). Morphological description and DNA barcoding study of sand rice (Agriophyllum squarrosum, Chenopodiaceae) collected in Kazakhstan. BMC Plant Biology (IF=4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль — 87), 17(1), 1-8. DOI:10.1186/s12870-017-1132-1
    Sumbembayev, A., Abugalieva, S., Danilova, A., Matveyeva, E., & Szlachetko, D. (2021). Flower morphometry of members of the genus Dactylorhiza Necker ex Nevski (Orchidaceae) from the Altai Mountains of Kazakhstan. Biodiversitas Journal of Biological Diversity (SJR=0.257, процентиль-40), 22(8). DOI:10.13057/biodiv/d220855
  8. Turuspekov, Y., Genievskaya, Y., Baibulatova, A., Zatybekov, A., Kotuhov, Y., Ishmuratova, M., Imanbayeva A., Abugalieva, S. (2018). Phylogenetic taxonomy of Artemisia L. species from Kazakhstan based on matK analyses. Proceedings of the Latvian Academy of Sciences. Section B: Natural, Exact, and Applied Sciences (Latvia) (SJR=0.168, процентиль-39), 72(1), 29. DOI:10.1515/prolas-2017-0068.
  9. Turuspekov, Y., Abugalieva, S., Ermekbayev, K., Sato, K. (2014). Genetic characterization of wild barley populations (Hordeum vulgare ssp. spontaneum) from Kazakhstan based on genome wide SNP analysis. Breeding Science, (IF=2.63, квартиль–Q2; SJR=0.799, процентиль-74) 64(4), 399-403. DOI:10.1270/jsbbs.64.399
  10. Friesen, N., Vesselova, P., Osmonaly, B., Sitpayeva, G., Luferov, A., & Shmakov, A. (2021). Allium toksanbaicum (Amaryllidaceae), a new species from Southeast Kazakhstan. Phytotaxa (IF=1.198, квартиль–Q3; SJR=0.443, процентиль-50), 494(3), 251-267.DOI:10.11646/phytotaxa.494.3.1
  11. Seidl, A., Tremetsberger, K., Pfanzelt, S., Blattner, F. R., Neuffer, B., Friesen, N., Hurka, H., Shmakov A., Batlai O., Žerdoner Čalasan, A., Vesselova, P., Bernhardt, K-G. (2021). The phylogeographic history of Krascheninnikovia reflects the development of dry steppes and semi-deserts in Eurasia. Scientific reports (IF=5.134, квартиль–Q1; SJR=1.240, процентиль-93), 11(1), 1-15. DOI:10.1038/s41598-021-85735-z
  12. Kechaykin А, Batkin, A., Sitpayeva, G., Vesselova, P., Osmonali, B., Shmakov, A. (2020). New data on genus Potentilla L. Rosaceae Juss.) in the flora of Kazakhstan. Turczaninowia (SJR=0.354, процентиль-32), 23(1), 32-40.
    DOI:   10.14258/turczaninowia.23.1.4
  13.  Осмонали, Б., Ахтаева, Н., Веселова, П., Кудабаева, Г., Курбатова, Н. (2020). Salsola L. туысы түрлерінің анатомиялық құрылысының ерекшеліктері. Оңтүстік Сібір мен Моңғолияның ботаникалық мәселелері, 19(2), 146-154. DOI: 10.14258/pbssm.2020093
  14.  Осмонали Б. (2021) Сырдария өзені аңғарының шөлді бөлігінің флорасының Salsola L. туысы түрлері (анықтама кілті және конспект). Оңтүстік Сібір мен Моңғолияның ботаникалық мәселелері, 20(2), 125-137. DOI: 10.14258/pbssm.2021130
  15. Osmonali1, B., Vesselova P., Kudabayeva G., Akhtayeva N. (2022) Phytocenotic features of species of the genus Salsola L. (Chenopodiaceae Vent./Amaranthaceae Juss.) in the desert part of the Syrdarya river valley. Вестник Карагандинского университета, 1(105), 78-85. DOI 10.31489/2022BMG1/78-85
  16. Мухитдинов Н., Аметов А., Альмерекова Ш., Абидкулова К. Сирек және эндем Oxytropis almaatensis Bajt. өсімдігі ценопопуляцияларының эколого-биологиялық ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. — №2 (51). – Б. 69-80.
  17. Eshibaev, A., Aimenova, Z., Akynova, L., Nurseitova, L., & Kopabaeva, A. (2021). The population status of Lagochilus setulosus Vved. and its biochemical composition. Ecological Questions (SJR=0.227, процентиль-46) 32(2), 111-118. DOI: 10.12775/EQ.2021.018 
    (https://www.webofscience.com/wos/woscc/full-record/WOS:000729025600009)
  18. Айменова Ж.Е., Ешибаев А.А. Lagochilus setulosus фармацевтикалық потенциалы және оны экстракциялау негізінде гемостатикалық әсері бар биологиялық препаратты алу технологиясы. Монография. – Шымкент университеті, 2019 – 130 б. ISBN 978-9965-782-30-5.
  19. № 32895 өнертабыс патенті Айменова Ж.Е., Ешибаев А.А. Lagochilus сығындысын гемостатикалық агент ретінде қолдану. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК. – 2018. Тіркеу нөмірі 2016/1057.1
  20. Туруспеков Е.К., Абугалиева С.И., Альмерекова Ш.С. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы авторлық куәлік– «Қазақстан флорасының биоалуантүрлілігі» деректер базасы (№20035, 01.09.2021), http://www.kazflora.kz/.

2022 жылғы нәтижелер:

1. Salsola түрлерінің популяциясын жинау, олардың Қазақстандағы түрлерін және таралу аймақтарын анықтау, Salsola түрлерінің қатысуымен фитоценоздарды сипаттау жұмыстары басталды. Сырдария өзені алқабының шөлейтті бөлігінде экспедициялық сапарлар негізінде Salsola туысының S.arbuscula және S. orientalis түрлерінің қатысуымен немесе басымдылығымен 5-тен астам өсімдік қауымдастығы зерттелді. Жұмыстың осы кезеңінде S. arbuscula (бұта) және S. orientalis (жартылай бұта) түрлерінен 2 популяциядан жиналды.

2. ДНҚ-баркодтау технологиясын қолдана отырып, ядролық және хлоропластты геномдарының маркерлері негізінде Salsola туысы түрлерінің филогенетикалық байланыстарын талдау және зерттеу басталды.  Salsola түрінің 4 популяциясынан алынған 59 үлгіден  ДНҚ бөлініп алынды: S. arbuscula – 29 үлгі, S. orientalis – 30 үлгі.  Salsola туысы түрлеріне ДНҚ-баркодтау технологиясын қолдана отырып, филогенетикалық байланыстарды талдау басталды. Қазақстандық  Salsola 4 (S. arbuscula и S. orientalis) үлгісінің нуклеотидтер тізбегі NCBI деректер базасынан алынған үлгілермен сәйкестендірілді.  

3. Salsola туысы түрлерінен өсімдік шикізатын кептіру, ұнтақтау, әрі қарай зерттеу үшін сығындылар алу жұмыстары басталды.  Salsola өсімдіктерін дайындау үшін ұзындығы 15-30 см болатын гүлденген сүректенбеген жоғарғы бұтақтар кесіліп, ауалы-көлеңкелі жағдайда кептіріледі.