Қазақстан Республикасының Құрылтайы жанындағы ғылым жөніндегі сараптамалық кеңестің құрылуы туралы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды. Оның қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған.

Сараптамалық кеңестің жұмысына ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар мүдделі ғалымдары мен мамандары қатысуға шақырылады.

Ұсыныстар мен бастамалар мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін:

  • ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
  • ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру;
  • ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
  • ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу.

Ұсыныста нақты мәселені көрсету, тиісті негіздеме келтіру және оны шешудің ықтимал жолдарын ұсыну қажет. Қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар да қамтылуы мүмкін.

Ұсыныстар мен бастамалар Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызмет» — «Сараптамалық кеңестер» бөлімі арқылы қабылданады. Ұсыныс беру кезінде Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.

Институттың ғалымдары мен мамандарын сараптамалық кеңестің жұмысына белсенді қатысуға және отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері бойынша өз ұсыныстарын жолдауға шақырамыз.

Сұрақтарыңыз бар ма?Электрондық өтініш жіберіңіз немесе қабылдау бөлмесіне қоңырау шалыңыз: +7 (727) 394 75 62