Қанат Ермекбаев Астанада өткен CASIB өңірлік конференциясына қатысты

Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының Бас директоры Қанат Ермекбаев 2026 жылғы 17–18 қарашада Астана қаласында өткен «Болашаққа бағдарланған зерттеулер мен инновациялар жөніндегі өңірлік конференция» (Regional Conference on Future-Oriented Research and Innovations) атты CASIB өңірлік конференциясына қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, Германия Федералдық зерттеулер, технологиялар және ғарыш министрлігінің (BMFTR), сондай-ақ Германияның Зерттеулер жөніндегі қорының (DFG) қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция Германия мен Орталық Азия елдерінің зерттеушілерін, мемлекеттік саясатты әзірлеушілерді, инновациялық қызмет саласының өкілдерін және әріптес ұйымдардың өкілдерін біріктіріп, ғылыми зерттеулер мен инновациялардың өңірдің тұрақты дамуы мен трансформациясына қосатын үлесін талқылауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, өсімдік селекциясына арналған арнайы сессия өтіп, оған жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттердің өкілдері қатысты. Талқылау барысында селекционерлердің құқықтарын қорғау, жоғары өнімді фенотиптеу технологиялары, будан бидай, климаттың өзгеруі және оның өсімдік шаруашылығына әсері, сондай-ақ генетикалық модификацияланған организмдер (ГМО) сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.

Сұрақтарыңыз бар ма?Электрондық өтініш жіберіңіз немесе қабылдау бөлмесіне қоңырау шалыңыз: +7 (727) 394 75 62