Тарым университетінің (ҚХР) делегациясы Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтына сапармен келді.

 

2026 жылғы 27 қыркүйекте Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты Қытай Халық Республикасының Тарым университетінің делегациясын қабылдады.

Делегация құрамында:

Wang Chengtao — Тарым университеті партия комитеті хатшысының орынбасары, вице-президенті және партия комитетінің ақпарат және үгіт-насихат бөлімінің директоры;

Gemingguli Muhatai — Тарым университетінің Зоотехника және технологиялар колледжінің профессоры;

Xia Zhanfeng — Тарым университеті партия комитетінің мүшесі, Тіршілік туралы ғылымдар және технологиялар колледжі деканының орынбасары, профессор;

Xu Qian — Жануарлар ғылымы және технологиялар колледжінің профессоры болды.

Сапардың мақсаты — Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты мен Тарым университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту, өзара іс-қимылды тереңдету және бірлескен қызметтің басым бағыттарын айқындау. Кездесу барысында ғылыми платформаларды қалыптастыру, бірлескен жобаларды іске асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және кадрлар алмасу салаларындағы қол жеткізілген нәтижелер мен өзекті мәселелер талқыланды.

Сапар аясында делегация институт басшылығымен және ғалымдарымен кездесті. Кездесу барысында ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары, жас ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің академиялық алмасу мүмкіндіктері, сондай-ақ өсімдіктер геномикасы, тұрақты ауыл шаруашылығы және биотехнология салаларындағы бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, делегация институттың ғылыми-зерттеу зертханаларының қызметімен танысып, ғылыми инфрақұрылымы мен негізгі зерттеу бағыттары туралы ақпарат алды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу және ғылыми байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты.

Тарым университетімен ынтымақтастық аясында Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының Селекция және биотехнология зертханасымен бірлесіп, қазақ жылқыларының генетикалық құрылымын, генетикалық әртүрлілігін және тұқымдық-генетикалық ерекшеліктерін заманауи молекулалық-генетикалық әдістерді қолдана отырып зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ынтымақтастық аясында Тарым университетінің магистанттары мен докторанттарын даярлау жүзеге асырылуда. Олардың ғылыми консультанты – профессор, Селекция және биотехнология зертханасының меңгерушісі Шамекова Малика Хабидулаевна.

Заманауи молекулярлық-генетикалық әдістерді қолдана отырып, Populus euphratica (Тұранға) популяцияларының генетикалық әртүрлілігі мен генетикалық құрылымын зерттеу мақсатында Гермоплазманы криоконсервациялау зертханасымен бірлескен жоба жоспарлануда (жетекші ғылыми қызметкер — Тимур Тұйғұнұлы Турдиев).

Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының Селекция және биотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Сапахова Загипа Бейсенқызы Luo Xiaoxia-мен бірлесіп, Ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында «Discovery of Biocontrol Microbial Resources and Development of Green Control Technologies for Late Blight in Potatoes in China and Kazakhstan» (2026CA002) жобасын жеңіп алды. Жоба Қытай мен Қазақстанда картоптың фитофторозын биологиялық бақылауға арналған перспективалы микроорганизмдер ресурстарын анықтауға және картопты қорғаудың экологиялық қауіпсіз, «жасыл» технологияларын әзірлеуге бағытталған.