Институтқа Қытайдан келген ғалымдар делегациясы келді

Ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2025 жылдың 10 қыркүйегінде Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтына Шыңжаң Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бір топ ғалымдары келді.  Қытай делегациясының құрамында жетекші ғалымдар болды: Чжан Ян (Zhang Yan), ғылыми қызметкер, бөлім басшысы; Гао Цян (Gao Qiang), ғылыми қызметкер; Чжоу Юаньхан (Zhou Yuanhang), ғылыми қызметкер, бөлім басшысы; Тухангул Туохети (Tuhangul Tuoheti), PhD; Чжан Цзиньмей (Zhang Jinmei), қауымдастырылған профессор. Қонақтар ӨББИ қызметімен танысып, зертханаларға барды. Кездесуде ынтымақтастық салалары, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері белгіленді.

Сұрақтарыңыз бар ма?Электрондық өтініш жіберіңіз немесе қабылдау бөлмесіне қоңырау шалыңыз: +7 (727) 394 75 62