Малайзия делегациясының Институтқа сапары

 

2026 жылғы 23 қыркүйекте Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтына Малайзияның Паханг Аль-Сұлтан Абдулла университетінің (UMPSA) делегациясы келді. Делегацияны профессор Камал бин Юсох басқарды.

Кездесуде ҚазҰАЗУ-да қос диплом бағдарламасы бойынша білім алып жатқан малайзиялық студенттердің өндірістік және ғылыми-зерттеу практикасын ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды. Қонақтар Институттың зертханаларымен, ғылыми инфрақұрылымымен және заманауи жабдықтарымен танысты.

 

Сұрақтарыңыз бар ма?Электрондық өтініш жіберіңіз немесе қабылдау бөлмесіне қоңырау шалыңыз: +7 (727) 394 75 62