AP23490860 (жетекшісі Абугалиева СИ)

Жоба туралы қысқаша ақпарат

(2024-2026 ж.ж.)

 

Жобаның атауы: ЖТН AP23490860 «Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстандағы Allium туысының жабайы түрлерінің биоалуантүрлілігі».

Өзектілігі. Allium L. — Allieae Dumort. трибасының ең үлкен туыстарының бірі және 1000-нан астам түрді қамтиды. Туыстың биоалуантүрлілігінің негізгі орталығы Қазақстанды қоса алғанда, Орта Азия болып табылады. Қазақстанда Allium туысының шамамен 127 түрі кездеседі, олардың ішінде кемінде 29-ы эндемді түрлер. Қазақстанның жабайы флорасының Қызыл кітабына еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында өсетін 12 түрі енгізілген. Пияздың шаруашылық маңызы зор, тағамдық және дәрілік өсімдік болып табылады және медицинада, өнеркәсіпте және бақша егу шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, туыстың көп түрлілігі, әртүрлі плоидттылығы мен негізгі хромосомалардың әртүрлі санының әсерінен туындаған күрделі генетикалық құрылым және морфологиялық белгілерді анықтау қиын болғандықтан, туыс түрлерін таксономиялық анықтауда қиындықтар туындайды. Сондай-ақ, туыс үнемі табылған жаңа түрлермен толықтырылуда. Мысалы, 2021 жылы Қазақстан флорасы үшін пияздың 5 жаңа эндемикалық түрлері сипатталды. Демек, пластидті геномдарды толық секвенирлеуді қоса алғанда, қазіргі заманғы молекулалық-генетикалық және геномдық әдістерді пайдалана отырып, Қазақстан аумағында өсетін пияз туысының жүйелілігін нақтылауды қажет етеді. Өсімдіктердің молекулалық таксономиясын зерттеудегі ең ақпараттық құралдар жоғары полиморфты микросателлиттік ДНҚ-маркерлері (SSR-simples sequence repeats), әмбебап ДНҚ-баркодтау және хлоропластты геномдарды толық тізбектілігін анықтаудың салыстырмалы түрде арзан әдістері. Өсімдік шығаратын екіншілік метаболиттер әртүрлі стресстік жағдайларға бейімделуде маңызды рөл атқарады. Екіншілік метаболиттерді талдау негізінде Allium туысының кең таралған түрлерінің биохимиялық алуантүрлілігін зерттеу маңызды.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында өсетін Allium туысының жабайы түрлерінің генетикалық алуанртүрлілігін зерттеу биологиялық алуантүрлілікті сақтау, өсімдіктердің эволюциясы мен қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуін түсіну және табиғи ресурстарды басқару мен сақтаудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін үлкен маңызға ие.

Жобаның мақстаы: Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында өсетін Allium туысының жабайы түрлерінің генетикалық алуантүрлілігін зерттеу.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында жабайы пияз түрлерінің өсімдік популяциясы жиналды және ДНҚ коллекциясы толықтырылды.
  2. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанда жиналған пияздың кең таралған түрлерінің екіншілік метаболиттеріне сандық және сапалық талдау жүргізіледі.
  3. Қазақстандық Allium туысы түрлерінің популяциялық құрылымы анықталып, түрішілік және түраралық генетикалық алуантүрлілігі зерттеледі.
  4. Allium түрлерінің ядролық және хлоропластты геномының ДНҚ-маркерлерінің нуклеотидтік тізбегі анықталады және туыстың филогенетикалық ағашы қайта құрылады.
  5. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанда жиналған Allium туысы түрлерінің хлоропластты геномдарының толық нуклеотидтік тізбегі анықталады.
  6. «Қазақстан флорасының биоалуантүрлілігі» деректер қоры Allium туысы түрлерінің таралуы мен генетикалық алуантүрлілігі туралы ақпаратпен толықтырылады.

 

Жобаның ғылыми жетекшісі:

Абугалиева С.И., бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының докторы (генетика), профессор (биология). Молекулалық генетика саласында көп жылдық тәжірибесі бар. 100-ден астам ғылыми мақалалардың, оның ішінде Web of Science (H-index = 12, https://www.webofscience.com/wos/author/record/450734) және/немесе Scopus (H-index = 14, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6507029042&origin=recordpage) индекстелген рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдардағы 73 мақала, ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚЕК) ұсынған журналдардағы 25-тен астам мақалалардың бірлескен авторы. 6 монографияның, 5 ғылыми-әдістемелік ұсыныстардың, 4 пайдалы модель патентінің бірлескен авторы. Арпаның 3 сортының, бидайдың 2 сортының, сояның 1 сортының бірлескен авторы. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған (2017). Профессор Абугалиева Қазақстан Республикасында ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2018 ж.). Thomson Reuters және «ҰМҒТСО» АҚ ғылым көшбасшысы дипломының иегері (2015). «Үздік ғылыми қызметкер» 2022 жыл (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің байқауы).

 

Зерттеу тобының мүшелері:

Альмерекова Ш.С., PhD (геоботаника), қауымдастырылған профессор, жетекші ғылыми қызметкер, 40-тан астам ғылыми мақалалардың, оның ішінде Web of Science (https://www.webofscience.com/wos/author/record/2003633)  және Scopus (H-index – 8, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57196952712) индекселетін рецензияланатын басылымдардағы 25 мақаланың бірлескен авторы, оның 20 мақаласы Қазақстанның жабайы флорасын зерттеумен байланысты. Германияда, Испанияда, Венгрияда, Оңтүстік Кореяда ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2022). Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиаты (2021).

Амалова А.Ы., PhD (биология), ғылыми қызметкер, молекулалық генетика саласында 7 жылдық тәжірибесі бар. Магистратура мамандығы-геоботаника. 22 мақаланың бірлескен авторы, оның 9 Scopus/WoS деректер базасында және H-index=3 Scopus (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57213623570), Англия мен Литваның ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткен.

Ермагамбетова М.М., PhD (геоботаника), ғылыми қызметкер, ботаника және жабайы өсімдік түрлерінің популяциялық генетикасы бойынша 5 жылдық тәжірибесі бар. 20-дан астам ғылыми жарияланымның, соның ішінде Scopus H-index 5 (Scopus https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57381827100) және Web of Science индекстелетін 14 мақаланың бірлескен авторы. Қытай, Венгрия, Англия, Оңтүстік Кореяның ғылыми орталықтарында білім алған.

 

2018-2023 жылдардағы жоба орындаушыларының жарияланымдары мен патенттерінің тізімі:

  1. Yermagambetova M., Almerekova S., Turginov O., Sultangaziev O., Abugalieva S., Turuspekov Y. Genetic Diversity and Population Structure of Juniperus seravschanica collected in Central Asia // Plants (IF=4.8, Q1-Plant Sciences; SJR=0.790, percentile: 83 – Plant Sciences). – 2023. – Vol. 12. – N. 16. – P. 2961. doi: 10.3390/plants12162961
  2. Yermagambetova M., Abugalieva S., Turuspekov Y., Almerekova S. Illumina sequencing data of the complete chloroplast genome of rare species Juniperus seravschanica (Cupressaceae) from Kazakhstan // Data in Brief (IF= 1, Q3- Multidisciplinary Sciences, SJR= 0.258, percentile: 72 – Multidisciplinary). – 2023. – Vol. 46. – P. 108866.
  3. Abugalieva S., Volkova L., Genievskaya Y., Ivaschenko A., Kotukhov Y., Sakauova G., Turuspekov Y. Taxonomic assessment of Allium species from Kazakhstan based on ITS and matK markers // BMC Plant Biology (IF=5.9, Q1 – Plant sciences; SJR=1.159, percentile: 92-Plant Science). – 2017. – Vol.17 (2). – Р.51-60. DOI: 10.1186/s12870-017-1194-0
  4. Almerekova S., Yermagambetova M., Abugalieva S., Turuspekov Y. The complete chloroplast genome sequencing data of Juniperus sabina (Cupressaceae Bartl.) from Kazakhstan. Data in Brief (IF= 1.1, Q3 Multidisciplinary sciences; SJR= 0.131, percentile: 72- Multidisciplinary). – 2022. – Vol.45. – P.108644. DOI: 10.1016/j.dib.2022.108644
  5. Ермагамбетова М.М., Абугалиева С.И., Туруспеков Е.К., Альмерекова Ш.С. Конспект рода Juniperus, произрастающего в Казахстане. Proceedings on Applied Botany, Genetics and Breeding (Труды по прикладной ботанике, генетике и селекции) (SJR= 0.160, percentile: 6 — Plant Science, Agricultural and Biological Sciences). – 2022. – T.183. – №3. – С. 161-170. https://doi.org/10.30901/2227-8834-2022-3-161-170
  6. Yermagambetova M.M., Almerekova S.S., Krekova Y., Abugalieva S.I., Turuspekov Y.K. Genetic variation in populations of Picea schrenkiana et CA Mey. based on simple sequence repeat markers. Moscow University Biological Sciences Bulletin (SJR= 0.189, percentile: 42 — General Agricultural and Biological Sciences, Agricultural and Biological Sciences). – 2022. – Vol. 77(2). – P. 76-83. DOI : 10.3103/S0096392522020134
  7. Özek, G., Schepetkin I.A., Yermagambetova, M., Özek T., Kirpotina, L.N., Almerekova, S.S., Abugalieva, S.I., Khlebnikov A.I., Quinn M.T. Innate Immunomodulatory Activity of Cedrol, a Component of Essential Oils Isolated from Juniperus Species // Molecules (IF= 4.9, Q2 Biochemistry & Molecular Biology; SJR= 0.705, percentile: 83- Chemistry (miscellaneous), Chemistry) – 2021. – Vol. 26. – P. 7644. https://doi.org/10.3390/molecules26247644
  8. Sumbembayev, A. A., Abugalieva, S. I., Danilova, A. N., Matveyeva, E. V., & Szlachetko, D. L. A flower morphometry of members of the genus Dactylorhiza Necker ex Nevski (Orchidaceae) from the Altai Mountains of Kazakhstan // Biodiversitas (SJR= 0.327, percentile: 51 — Plant Science). – 2021. – Vol. 22(8). – P. 3545-3555 DOI: 10.13057/biodiv/d220855
  9. Almerekova, S., Shchegoleva, N., Abugalieva, S., & Turuspekov, Y. The molecular taxonomy of three endemic Central Asian species of Ranunculus (Ranunculaceae) // PLoS ONE (IF=3.8, Q2 – Multidisciplinary sciences; SJR=0.885, percentile: 87 – Multidisciplinary). – 2020. – Vol.15(10). – P. e0240121 doi: 10.1371/journal.pone.0240121
  10. Almerekova S., Favarisova N., Turuspekov Y., Abugalieva S. * Cross-genera transferability of microsatellite markers and phylogenetic assessment of three Salsola species from Western Kazakhstan // Proceedings of the Latvian Academy of Sciences, Section B (SJR=0.143percentile: 29-Multidisciplinary). – 2020. – Vol. 74. – No. 5. – P. 325-334. doi: 10.2478/prolas-2020-0049
  11. Genievskaya Y., Karelova D., Abugalieva S., Zhao P., Chen G., Turuspekov Y. SSR-based evaluation of genetic diversity in populations of Agriophyllum squarrosum and Agriophyllum minus Fisch. & Mey. collected in South-East Kazakhstan // Vavilovskii Zhurnal Genetiki i Selektsii=Vavilov Journal of genetics and Breeding (IF=0.9, Q3 – Agriculture,Multidisciplinary sciences; SJR=0.223, percentile: 46 –General Agricultural and Biological Sciences). – 2020. – Vol. 24. – No. 7. – P. 697-704. DOI: 10.18699/VJ20.664.
  12. Альмерекова Ш.С., Абугалиева С.И., * Мухитдинов Н.М. Taxonomic assessment of the Oxytropis species from South-East of Kazakhstan // Vavilov Journal of Genetics and Breeding (Вавиловский журнал генетики и селекции) (IF=0.9, Q3 – Agriculture,Multidisciplinary sciences; SJR=0.223, percentile: 46 –General Agricultural and Biological Sciences) – 2018. – Т. 22(2). – С.285-290. DOI: http://dx.doi.org/10.18699/VJ18.362
  13. Turuspekov , Genievskaya Y., Baibulatova A., Zatybekov A., Kotuhov Y., Imanbayeva A., Abugalieva S.* Phylogenetic taxonomy of Artemisia L. species from Kazakhstan based on matK analyses // Proceedings of the Latvian Academy of Sciences. Section B. (SJR=0.127percentile: 19-Multidisciplinary). – 2018. – Vol. 72, Issue 1, P. 29-37, ISSN (Online) 1407-009X, DOI: https://doi.org/10.1515/prolas-2017-0068.
  14. Genievskaya Y., Abugalieva S., Zhubanysheva A., Turuspekov Y. Morphological description and DNA barcoding study of sand rice (Aqriophyllum squarrosum, Chenopodiaceae) collected in Kazakhstan // BMC Plant Biology (IF=5.761, Q1 – Plant sciences; SJR=1.159, percentile: 92-Plant Science). – 2017. – Vol.17 (S.1). – Р. 1-8. doi: 10.1186/s12870-017-1132-1
  15. Almerekova Sh., Mukhitdinov N., Abugalieva S. Phylogenetic study of the endemic species Oxytropis almaatensis (Fabaceae) based on nuclear ribosomal DNA ITS sequences // BMC Plant biology (IF=5.9 Q1 – Plant sciences; SJR=1.159, percentile: 92-Plant Science). – 2017. – Vol.17 (Suppl.1). – Р. 19-27. doi.org/10.1186/s12870-017-1128-x;
  16. Туруспеков Е.К., Абугалиева С.И., Альмерекова Ш.С. Авторское свидетельство о внесении сведений в госреестр прав на объекты, охраняемые авторским правом – на базу данных «Биоразнообразие флоры Казахстана» (№20035 от 01.09.2021),http://www.kazflora.kz/.
  17. Амалова А., Курманбаева М., Туруспеков Е., Иващенко А.,
    Абидкулова, К. (2018). Онтогенетическая структура ценопопуляций Tulipa оstrowskiana Regel в Заилийском Алатау. Вестник КазНУ. Серия экологическая, 56(3), 101-114

  

2024 жылғы нәтижелер:

  1. Жабайы пияз түрлерінің популяцияларынан өсімдіктерді жинау және оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында жиналғандардың ДНҚ коллекциясын толықтыру басталды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарына экспедициялық сапарлардың нәтижесінде пияздың 6 түрінен (7 популяция) 79 үлгіден жапырақ материалы жиналды. Дайындалған және сканерленген гербарий материалы ӨББИ KazFlora Қазақстанның жабайы флорасының биоалуантүрлілігі туралы деректер базасына енгізілді.
  2. Популяция құрылымын анықтау және қазақстандық Allium туысы түрлерінің түрішілік және түраралық генетикалық алуантүрлілігін зерттеу басталды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында жиналған Allium туысы түрлерінің түрішілік және түраралық генетикалық алуантүрлілігін зерттеу SSR-маркерлерін қолдану арқылы жүргізілді. ДНҚ бөлу, ПТР шарттарын оңтайландыру және SSR-маркерлері арқылы жиналған пияз популяцияларының үлгілерін талдау бойынша жұмыстар жүргізілді.
  3. Allium түрлерінің ядролық және хлоропласт геномының ДНҚ-маркерлерінің нуклеотидтер тізбегін анықтау және туыстың филогенетикалық шежіресін қайта құру басталды. Allium түрлерінің ядролық және хлоропласт геномының ДНҚ-маркерлерінің нуклеотидтер тізбегін анықтау басталды. Ядролық геном үшін ITS маркері, ал хлоропласт геномы үшін matK және rbcL маркерлері таңдалды. ITS, matK және rbcL маркерлері бойынша 2 түр зерттелді.