ADAPTAWHEAT халықаралық гранты арқылы Еуропаны, Солтүстік және оңтүстік Американы, Австралияны қоса алғанда әлемнің 19 ұйымдарымен ықтымақтастық орнады.
Отандық жобалардың орындалуы барысында төмендегідей Қазақстанның 8 селекциялық ұйымдарымен ықтымақтастық орнады: Қарабалық АШТС, Ақтөбе АШТС, Павлодар АШ ҒЗИ, Қарағанды ӨжСҒЗИ, Вавилов атындағы аралмаңы ГРТС, Қазақ ЕжӨШҒЗИ, Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ, Красноводопад АШТС.
Бағдарлама арқылы (МҚБ): Қазақстанның 15 Мемлекеттік Ұлттық Парктерімен және Қорықтарымен, Қазақстан Республикасының 5 Ботаникалық бақтарымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Биотехнология Орталығымен ықтымақтастық орнады.
- 8. Ғылыми-педагогикалық қызметі: Туруспеков Е.К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы (0,25 жалақы), Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасында магистранттар мен PhD докторанттарға «Геномика» пәнінен дәріс оқиды.
Әбуғалиева С.І. PhD докторант Затыбеков Әлибектің қос-жетекшісі болып табылады.
Туруспеков Е.К. PhD докторант Ермекбаева Қанаттың қос-жетекшісі болып табылады
(University of East Anglia, John Innes Centre, UK, «Болашақ» бағдарламасы).
Туруспекова Е.К. және Әбуғалиева С.І. жетекшілігімен зертханада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 студентінің магистерлік жұмыстары жасалуда.
Туруспекова Е.К. — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де биология, экология және биотехнология бойынша диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі.