ҚР ҒЖБМ жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» және «Жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс» конкурстарының қорытындысы шығарылды.
2023 жылы Генетика және селекция зертханасының өкілдері жеңімпаз атанды: отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы зертхана меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Кохметова Алма Мырзабекқызына берілді; Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия аға ғылыми қызметкер, PhD Құмарбаева Мәдина Талғарқызына берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!