Біз туралы

Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты

Жалпы ережелер.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитеті Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Ұлттық Биотехнология орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» таратылуы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 151 қаулысы негізінде құрылды.

Институтқа қатысты Республикалық мемлекеттік меншік құқығындағы субьект атқарымын Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру Комитеті атқарады.

Институттың мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитеті болып табылады.

Институт өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына, 2011 жылғы 18 ақпанындағы «Ғылым туралы», және басқа да нормативті-құқықтық актілеріне және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Төрағасының 2015 жылғы 20 қарашадағы №1427 бұйрығымен бекітілген Институт жарғысын негізге алаотырып жұмыс атақарады.

Зертханалар

Институттың штатында 150 адам қызмет етеді, олардың 97 ғылыми қызметкерлер, оның ішінде – 10 ғылым докторлары (ҚР ҰҒА академигі 1 адам, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі 2 адам), 14 ғылым кандидаттары, 4 PhD.

Институтта 9 зертхана жұмыс істейді:

  • генетика және селекция зертханасы
  • клеткалық биология зертханасы
  • клеткалық инженерия зертханасы
  • клондық қөбейту зертханасы
  • гермоплазманы криосақтау зертханасы
  • молекулалы биология зертханасы
  • молекулалы генетика зертханасы
  • селекция және биотехнологиялар зертханасы

физиология және биохимия зертханасы

 Негізгі жетістіктер

Саладағы әзірленген тиімді биотехнологиялар:

  • Ауылшаруашылығы биотехнологиясы – ауылшаруашылығы дақылдарының жақсартылған сорттарын шығару үшін селекциялық процессті жылдамдатуға және жеңілдетуге арналған (клондық микрокөбейту; гаплоидты биотехнология; клеткалық селекция; белокты, энзиматикалық және ДНҚ маркерлері технологиясы; оқшауланған будан ұрықтарды өсіру; маркер-ілеспе селекция; генетикалық инженерия);
  • Криоконсервация әдістері негізінде аса төмен температурада (-1960С) өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау;
  • Ауыр металдар мен пестицидтермен залалданған топырақты фиторемедациялау;
  • Медициналық биотехнологиялар (антидиабетикалық әсер етуші жаңа арнайы өнімдер рецептурасы);
  • Биологиялық қауіпсіздік (өсімдіктердің вирустық ауруларын диагностика жасауға, ГМО анықтауға арналған тест-жүйелер).
  • А/ш дақылдарының 50 астам сорты шығарылды (АШМ мекемелерімен бірге және жеке): бидай (41), күріш (4), арпа (3), соя (1). 14 сорт аудандастырылды.
  • 60 инновациялық патенттер, өнертапқыштық патенттері мен жаңа сорттарға авторлық куәліктер алынды.
  • 23 халықаралық гранттар бойынша зерттеулер орындалды.
  • Диссертация қорғау: 16 докторлық, 30 кандидаттық, 3

Озық инновациялық жобалар мен әзірлемелер

Гранттар алған және технологияларды коммерциализациялауға ҚР БҒМ мен Әлемдік Банк, «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ  конкурстарына қатысқан жобалар:

«Сәндік-гүл өсімдіктерінің коммерциялық сорттарын клондық көбейту бойынша технологиялар мен қызметтер».

«Алманың коммерциялық сорттарының суперэлиталы вируссыз ұлау материалдарын өндіру».

«Биологиялық белсенді өсімдік қосымшалары негізінде антидиабетикалық әсер етуші емдік сусындар».

«Алма мен жүзімнің вирустық инфекцияларын диагностика жасау технологиясы және қызметі».

 «Инновациялық әзірлемелер және клеткалық биология саласындағы жетістіктер негізінде биотехнология мен ауылшаруашылығына арналған наномолярлы белсенді тиімділігі жоғары биостимуляторлар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын алу».

«Каучуктің отандық продуценті Taraxacumkok-saghyzRodin өнімділігі жоғары формасын алу».

«Қазақстандағы жаңа дәстүрлі емес ауылшаруашылығы дақылы – вируссыз батат өндірудің биотехнологиясын енгізу».

«Тамақ өндірісінде пайдалану үшін қант құмайынан шәрбет алу биотехнологиясы».

«Балалар және емдәмдік тағам үшін глютинозды күріштің коммерциялық сортының бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру».