Басшылық

Жамбакин Кабыл Жапарович

Жамбакин Қабыл Жапарұлы  – биология ғылымдарының докторы (2004 ж.), профессор (2010 ж.), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2013 ж.).

2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БжҒМ «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» РМК бас директоры.

Қазақ ауылшаруашылығы институтын тәмәмдаған (1983 ж.). «Биотехнология» мамандығы бойынша докторлық диссертация тақырыбы «Гаплоидты өсімдіктерді алудың биотехнологиялық негіздері».

4 ғылым кандидаттарын, 1 PhD, 4 магистрлерді даярлаған.

150 ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 2 монография, 8 әдістемелік нұсқаулар, 9 инновациялық және Қазақстан Республикасының патенттері.

«Астанаға 10 жыл» (2008ж.) медалімен; «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011ж.), Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан зор үлесі үшін медалімен (2014 ж.) марапатталған.

Ахметова Д

Ахметова Данышпан – бас ғалым хатшы, б.ғ.к. 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің химия факультетін тәмәмдаған. 1986 жылы К.А.Тимирязев атындағы физиология институтының мақсатты аспирантурасына қабылданған. 1993 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі атағын алу үшін «Өсімдіктер физиологиясы» мамандығы бойынша «Nicotiana sylvestris тұзға төзімді және төзімсіз клеткаларындағы байланысқан пролиннің және оксипролиннің түзілуіне NaCL әсері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. 1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Институттың ғалым хатшысы, одан кейін бас ғалым хатшысы ретінде қызмет атқарады. 50-ден астам мақалалардың авторы.