Клеткалық инженерия зертханасы

Утеулин-Кайрат-Ризабекович-300x300

Клеткалық инженерия зертханасының меңгерушісі, Утеулин Қайрат Ризабекович, биология ғылымдарының докторы.
1993 жылдан бастап зертхана меңгерушісі қызметін атқарады. 1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, биология факультетін бітірді. 1983 жылы кандидаттық диссердация (мамандығы «биохимия» 030004), 1993 жылы докторлық диссертация қорғады (мамандығы «биохимия» 030004). Физиология, биохимия, биотехнология салаларының маманы. 82 басылымның авторы, оның ішінде 2 әдістемелік құралдың және 4 патенттің. Қазіргі уақытта, Утеулин Қ.Р. авторы болып саналатын көк-сағыздың бірінші қазақстандық сорты сыналуда. 2 магистрант дайындады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құрмет грамотасымен марапаттады. Қазіргі уақыттағы ғылыми қызығушылығы — қоңыржайлы климат аймағында өсіру үшін табиғи каучук өнімін беретін көк-сағызды дақылға енгізуі болып отыр

Клеткалық инженерия зертханасы Институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен 1995 жылы құрылған.

Зертхана меңгерушісі биология ғылымдарының докторы Өтеулин Қайрат Ризабекұлы.

Зертханада 11 білікті маман жұмыс істейді, оның ішінде 2 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты.

Зертханада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриат, магистратура студенттері биология, биотехнология  мамандықтары бойынша зерттеулер жүргізеді.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

  • Бидай, жүгері және соя селекциясының тиімділігін арттыру үшін құрғақшылыққа төзімділіктің физиологиялық-биохимиялық индекстерін әзірлеу;
  • Флаваноидтардың көздері ретінде ArtemisiaL. тұқымдарының перспективті түрлерін салыстыру;
  • Оқшауланған ұлпалар культурасындағы дифференциация, каллус құру процестерін зерттеу;
  • Ұзақ субкультивация және регенерацияға қабілетті өсімдіктердің клеткалы культураларын алу;
  • invitro культурасындағы морфогенетикалық реакцияларды зерттеу;
  • Өсірілетін клеткалардың өзгергіштігін зерттеу және оны өсімдіктер селекциясында пайдалану: клеткалар культурасындағы индукцияланған мутагенез, клеткалы селекция;
  • Клеткалық, ұлпалық және организмдік деңгейдегі төзімділіктің физиологиялық-биохимиялық негіздерін зерттеу, төзімділіктің биохимиялық маркерлерін іздеу, тасымалдау үшін реципиенттік жүйелер құру, тасымалданған өсімдіктер алу;
  • Өсімдіктердің көбеюі технологиясын әзірлеу: тұқымдық, вегетативтік, клонды көбейту;
  • Цитоплазмалық аталық стерильдік және жетілмеген ұрықтар эмбриокультурасы негізінде бидайдың стерильді өсімдіктерін алу технологиясын әзірлеу.

Жобалар

  • «Taraxacumkok-saghyz отандық продуценттен табиғи каучук алу және технологиясын әзірлеу» (2012-2014);
  • «Түраралық шағылыстыруларды пайдалану жолымен дәнінің сапасы жоғары абиотикалық стресстерге төзімді бастапқы бидай материалын алу» (2012-2014);
  • «Бидай, жүгері және соя селекциясының тиімділігін арттыру мақсатында құрғақшылыққа төзімділікті ерте диагностика жасау» (2012-2014);
  • Флаваноидтардың көздері ретінде ArtemisiaL. тұқымдарының перспективті түрлерін анықтау (2012-2014);
  • «Морфофизиологиялық және технологиялық параметрлері бойынша бидай мен оның будандастарының полба түрлерінің скринингі және жаңа биологиялық толыққанды тағамдық өнімдер өндіруге арналған дереккөз ретінде перспективті формаларды анықтау» (2012-2014);
  • «Орал миясы негізінде қатерлі ісікке қарсы биологиялық белсенді препараттар алу технологиясын әзірлеу» (2012-2014);
  • «Май бұршағының биотикалық стреске төзімділігінің фенилпропаноидты циклын инженерия жолымен жақсарту» (2013-2015);
  • «Жұмсақ бидайдың (T. aestivum L.) және оған жақын жабайы туысының фотосинтез аппаратының тиянақтылығының in vivo және in vitro жағдайында абиотикалық күйзелістерін байқау» (2015-2017);
  • «Түраралық будандастыру және жетілмеген ұрық эмбрио-культурасы негізінде бидай тізбектерін алу технологиясының негі-зін зерттеу» (2015-2017);
  • «Сояның жоғары ақуызды линияларын селекциялық процестің соңғы кезеңдерінде анықтау» (2015-2017).

 Инновациялық қызмет және жобалар

  • «Ақжол» жаздық арпа сорты. Авторлары: Сариев Б.С., Әлімғазинова Б.Ш., Нұрғалиев Д.К., Исқақов А.Р., Терлецкая Н.В., Исқақова А.Б. Авторлық куәлік;
  • «Мыс иондарына төзімді жоңышқаның клеткалық сорттармақтарын алу тәсілі». Авторлары: Өтеулин Қ.Р., Сәрсенбаев Б.А., Таукелева Ш.Н., Жанғалина Э.Д., Асрандина С.Ш . ҚРпатенті;
  • «Дала жағдайында стерильді өсімдіктер алу мен іріктеудің тәсілі». Авторлары: Хайленко Н.А., Алтаева Н.А. ҚР инновациялық патенті;
  • «Стресс әсерлеріне астық дақылдарының төзімділігін бағалау тәсілі. Авторлары: Терлецкая Н.В., Хайленко Н.А., Тюпина Л.Н., Жамбакин Қ.Ж. ҚР инновациялық патенті;
  • Жүгері тұқымын егістік алдында өңдеу тәсілі. Авторлары: Өтеулин К.Р., Жүсіпбеков У.Ж., Нұрғалиева Г.О. ҚР инновациялық патенті;
  • «Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары әсерінен өніп шығу және өнімділігі жағдайына байланысты өсімдіктердің физиологиялық күйін бағалау тәсілі» Авторлары: Терлецкая Н.В., Хайленко Н.А., Мамонов Л.К., Полымбетова Ф.А., Рысбекова А.Б. ҚР өнертапқыштыққа № 25998 инновациялық патенті;
  • «Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары әсерінен өніп шығу және өнімділігі жағдайына байланысты өсімдіктердің физиологиялық күйін бағалау тәсілі» Авторлары: Терлецкая Н.В., Хайленко Н.А., Мамонов Л.К., Полымбетова Ф.А., Рысбекова А.Б. ҚР өнертапқыштыққа № 25998 инновациялық патенті;
  • «Жетілмеген ұрықтар эмбриокультурасынан алынған дәнді дақылдар мен олардың түраралық будандарының өміршең өсімдіктері алу тәсілі». Авторлары: Хайленко Н.А., Алтаева Н.А., Исқақова А.Б.,Терлецкая Н.В. ҚР өнертапқыштыққа № 79085 инновациялық патенті.

Негізгі жетістіктер

  • Бидай, жүгері және сояның құрғақшылыққа төзімділігі индекстері әзірленді;
  • Флаваноидтардың шикізаты ретінде ArtemisiaL. тұқымдарының перспективті түрлері салыстырылды;
  • Ұзақ субкультивация мен регенерацияға қабілетті жоңышқа, соя және эспарцеттің клеткалық культурасын алудың протоколдары әзірленді;
  • Жоңышқаның тұзға төзімділігі клеткалық селекциясының технологиясы әзірленді, жоңышқа регенераттары Қазақ жер шаруашылығы ҒЗИ жіберілді;
  • Арал теңізінің құрғап қалған түбіндегі құмның жылжуын тоқтату үшін Жыңғылды клонды көбейту технологиясы әзірленді;
  • Ауыр металдардың гипераккумуляторлары – жоңышқа өсімдіктерін алу технологиясы әзірленді;
  • Ауыр металдардың гипераккумуляторлары – жоңышқаның жасанды тұқымдарын алу технологиясы әзірленді;
  • Сояның тәжірибелік селекциясы үшін тұзға төзімді донор алу биотехнологиясы әзірленді;
  • Қазақстан селекциясы сортүлгілірінің соя соматикалық ұлпалары культурасындағы морфогенез бен регенерацияның ерекшеліктері зерттелді;
  • Құрғақшылық және тұздану жағдайында, астық тұқымдастарды ұйымдастырудың түрлі деңгейлеріндегі морфогенетикалық процестердің ерекшеліктері зерттелді;
  • Күрішті трансформациясының биобаллистикалық және агробактериалық технологиясы әзірленді;
  • Күріш, жүгері тұқымдарын капсулдау технологиясы жасалынды;
  • Цитоплазмалық аталық стерильдік және эмбриокультура негізінде бидайдың және оның будандарының стерильді өсімдіктерін алу технологиясы негіздері жасалынды.

Зертхана қызметкерлері 2010-2014 жж. кезеңде 1 монография, 45 мақала және 33 тезистер жариялады, 2 әдістемелік нұсқаулық шығарылды.

050040, Алматы, Тимирязев к-сі , 45

Тел/факс: +7(727) 393-93-57/394-75-62

E-mail: gen_uteulink@mail.ru