Ғылыми қызметтің негізгі бағыттары

Институт құрылган кезде қалыптастырылған ғылыми қызметінің негізгі бағыттары сақталынған және әлемдік ғылымдағы теориялық жетістіктері мен клеткалық және молекулалық биология салаларында осы заманғы тәсілдері мен әдістерін тарта отырып дамытылған:

— дәстүрлі және биотехнологиялық әдістерді үйлестіру негізінде тағамдық, азықтық, емдік, сәндік және техникалық өсімдіктердің өнімділігі жоғары және стрестерге төзімді жаңа формалары мен сорттарын жылдамдатып шығару;

— өсімдіктердің жоғары өнімділігін, стресс факторларға, ауруларға және зиянкестерге төзімділігін қамтамасыз ететін физиологиялық және генетикалық заңдылықтарды зерттеу және осы негізде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру әдістері мен тәсілдерін жетілдіру;

— экономикалық маңызды және бірегей өсімдіктердің микроклонды көбеюі мен генетикалық ресурстарын ұзақ мерзімге сақтаудың тиімді биотехнологиясын әзірлеу.

— ауылшаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ өнеркәсібінің қажеттіліктері үшін биологиялық белсенді заттар алу биотехнологиясын әзірлеу;

— өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы саласында деректер банктерін қалыптастыру.

ҒЗЖ:

2015-2020 жж. кезеңінде ӨББИ қызметінің мақсаты мен бағыттарына сәйкес Институт 4 басым ғылыми бағыттары шеңберінде («Өмір туралы ғылымдар», «Елдің зияткерлік әлеуеті», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу», «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі») гранттық қаржыландырудың 50 жобасы бойынша зерттеулер жүргізді және 4 республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалардың бас ұйымы болып табылды: 1) «Жақсартылған шаруашылық-құнды белгілері бар генетикалық түрлендірілген өсімдіктерді құру және мониторингтің биотехнологиялық негіздерін әзірлеу»; 2) «Қазақстан Республикасының эндемикалық, сирек және шаруашылық бағалы өсімдіктерінің генетикалық ресурстарын сақтау және генетикалық алуантүрлілігін зерттеу»; 3) «Маңызды ауылшаруашылық дақылдарын генетикалық жақсартудың тиімді биотехнологиясын жасап шығару үшін маңызды ауылшаруашылық дақылдарының жыныс және соматикалық клетка культураларында басқарылатын морфогенездің цитофизиологиялық негіздері»; 4) «Өсімдіктердің бейімделу механизмдерін пайдаланып, стресс факторларына төзімді ауыл шаруашылық дақылдарды алудың заманауи технологияларын жасау».

Қазіргі уақытта Институт ұш басым ғылыми бағыттары шеңберінде зерттеулер жүргізуде: № OR11465424 «Аса қауіпті ауруларды сәйкестендіру және ауыл шаруашылық дақылдары тұрақтылығының генотиптік әлеуетін арттыру үшін тиімділігі жоғары диагностиканың биотехнологиялық жүйелерін әзірлеу және енгізу» ғылыми-техникалық бағдарламаның және 11 гранттық жобалардың орындаушысы.