Қызметтер

Білім беру

  • Ауыл шаруашылығы дақылдары селекциясында (гаплоидия, эмбриокультура, клеткалы селекция, генетикалық инженерия, молекулалық генетика, маркерлі селекция) био­тех­нологиялық әдістер бойынша тағылымдамалар;
  • Сәндік, дәрілік және азық-түлік дақылдарын клондап көбейту және жасанды қоректік орталарда өсімдік материалын өсіру техникасы бойынша тағылымдамалар;
  • Экономикалық маңызды өсімдіктер гермоплаз­ма­сы криобанкін ұйымдастыру бойынша тағылымдамалар;
  • Биология және агрономия мамандықтары бойынша жоғары оқу орны студенттерімен  оқу және оқу-өндірістік тәжірибелер өткізу;
  • Докторлық және магистрлік диссертация, студенттердің диплом жұмысын дайындау кезінде ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

Зерттеу

  • Протеин және ДНҚ маркерлерін пайдаланып бидай, арпа, алма және жүзім сорттарын сортқа тиесілілігін сәйкестендіру және молекулалы төлқұжаттау;
  • Алманың және жүзімнің вирустық ауруларын детекциялау;
  • Плазмалы векторларға гендерді клондау, секвенирлеу, бактериялы жүйелерде экспрессиялау;
  • Әртүрлі тест-жүйелерде (in vitro дақылдар, биотесттер, тұқымдар, микроқалемшелер, т.б.) жаңа препараттар/немесе қосылыстардың өсуді реттейтін белсенділіктерін кешенді бағалау бойынша зерттеулер жүргізу;
  • Коммерциялық маңызды сорттарын генетикалық жақсарту — жасалынған клеткалық технология көмегімен құрғақшылыққа төзімді, продуктивтілігі жоғары, тез пісіп жетілетін арпа мен бидайдың сорттарын алу.

 

Өндірістік

  • Көбейтілуі қиын дәрілік, тағамдық, сәндік өсімдіктердің және сирек түрлерінің клондық микрокөбейту технологияларын жасау. Қаланы, үй маңындағы шаруашылықтарды көгалдандыру және жатындар мен плантацияларды отырғызу үшін пайдаланылатын қиындықпен көбейтілетін ағаш түрлерін биотехнология тәсілдері арқылы жедел түрде көбейту;
  • Тәлімбақтар және фермерлік шаруашылықтарға арналған жеміс-жидектік және сәндік үшін өсірілетін өсімдіктердің сауықтырылған ең таңдаулы көшеттерін алу. Сонымен қатар тұқым шаруашылықтары үшін қажет болатын отандық және шетелдік вируссыз картоп сұрыптарын алу;
  • Өсімдіктерді микроклонды көбейту және криосақтауға арналған арнайы мамандандырылған биотехнологиялық лабораторияларды ұйымдастыру;
  • Фермерлік шаруашылық үшін тат түрлерімен жапырақ дағы ауруларына қатысты фитосанитарлық жағдайын болжау мақсатында дәнді дақылдардың егістігінің фитосанитарлық мониторингі;
  • Жаңашыл технология ұсынылады — маркерлі селекция, яғни молекулалық-генетикалық маркерлердің көмегімен селекция, бұл технология төзімділіктің мүмкіндігін бағалайды және шығарылған сорттардың генотипінде ауруға төзімді гендердің бар болуын анықтайды. Аурудан өсімдікті қорғаудың жеке агрохимиялық және генетикалық технологиясы жасалынуы мүмкін;
  • Өнуін, өнімділігін және стресстік факторларға төзімділігін жоғарылату үшін ауыл шаруашылық өсімдіктердің тұқымдарын экологиялық таза физиологиялық активті заттармен өңдеу – әр ауыл-шаруашылық культура түріне онтайлы дозасы мен тәсілін тандау.