ҚР БҒМ Вице-министрі тағайындалды

aslanbek_amrinАсланбек Кемеңгерұлы Амрин 1982 жылдың 13 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданына қарасты Смирнов ауылында дүниеге келді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2003 ж., «Қаржы және аудит»), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2006 ж., «Геоақпараттық жүйелер»), «Болашақ» бағдарламасымен University of Illinois at Urbana – Champaign, (2012 ж., «Технологияларды басқару») оқып бітірді.

2003-2005 ж.ж. «KITEX» ЖШС жеке инновациялық компаниясында, «Жаңа технология мен материалдарды енгізу орталығы» ЖШС; «Қазақстандық инновациялық технология» АҚ еңбек етті.

2005-2010 ж.ж. аралығында ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сарапшысы, индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы және меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2015 ж.ж. – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2015-2016 ж.ж. – «TIMWE International» халықаралық телекоммуникациялық компанияның Қазақстан бойынша бас менеджері.

2016 жылдың 26 тамызында ҚР Үкіметі Қаулысымен ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

пошта арқылы Қазақстан Республикасы Білім және Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Leave A Comment