Осы жылдың желтоқсан айының 12 –ші жұлдызында Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтында коммерциализациялау мақсатында ҒЗЖ-ның нәтижелерін талқылауға арналған Дөңгелек стол өткізілді.

Осы жылдың желтоқсан айының 12 –ші жұлдызында Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтында коммерциализациялау мақсатында ҒЗЖ-ның нәтижелерін талқылауға арналған Дөңгелек стол өткізілді. «АӨК» Аман-Кел» ЖШС-нің бас директоры М. Аубакиров АӨК саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша ірі бизнес құрылымдардың бірі болып табылатын, өзі басқарып отырған компанияның қызметімен қысқаша таныстырып өтті.  ӨББИ — ның бас ғылыми қызметкері, б.ғ.д., профессор Б.А. Сарсенбаев гранттық қаржыландыру аясындағы №2171/ГФ4 «Қант құмайын құрғақшылық жағдайында өсіру үшін өнімділігі мен төзімділігіне скрининг жасау және биоэнергетикада, тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде қолдану» — атты ғылыми жобаны жүзеге асыру барысында алынған тәжірибелік тәсілдер жөніде айтты. Өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкін болатын жолдары жөніде ойларымен бөлісті және алдағы жоспарлар талқыланды. Талқылауға ӨББИ-нің бас директоры Қ.Ж. Жамбакин, ӨББИ-нің бас директорының орынбасары А. Байшекеев, «Порумбень» Өсімдікшаруашылығы институтының бас директорының орынбасары (Молдова Республикасы), ӨББИ-нің өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының меңгерушісі Б. Үсенбеков те қатысты. «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» мен «АӨК Аман-кел» ЖШС-нің арасында өзара ынтымақтастық ниеттері жөнінде келісімге кол қойылды.

dscf1770dscf1773dscf1804   dscf1789 dscf1783   dscf1794dscf1796dscf1807

Leave A Comment