16 қаңтар күні Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы Институтында ҒЗЖ нәтижесі бойынша потенциалды инвестор

16 қаңтар күні Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы Институтында ҒЗЖ нәтижесі бойынша потенциалды инвестор – ЖШС «АӨК Аман-Кел» бас директоры М.Абубакировпен ӨББИ ғалымдарының кездесуі өтті. Молдованың ғалымдары – профессор Г.А. Морару, Доктор Барган Петру шақырылды. Молдова мен ӨББИ ғалымдары қант құмайының ауылшаруашылық-пайдалы белгілері мен дақылдың оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында  көп мақсатты пайдаланылуы жайлы айтты. ӨББИ мен Молдова ғалымдарының осы дақыл бойынша ынтымақтастығы бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Профессор Г.А. Морару қатысып отырғандарға қант құмайын басқа мемлекеттерге енгізу тәжірибесі және ҒЗЖ нәтижесі бойынша қант құмайының жаңа сорттары мен гибридтерін шығару жайлы баяндады. ӨББИ — да гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде профессор Б.А. Сарсенбаевтың ғылыми жетекшілігімен сорттардың топтамасы құрылды, қант құмайын өсіру әдістері, сабағынан шәрбәт алу технологиясы, шәрбәт негізінде нан-тоқаш, салқындатқыш сусындар және жылдам дайындалатын ботқа жасау әдістері, сонымен қатар биоэтанол алу биотехнологиясы жетілдірілді. Қант құмайының сабағынан жасалған шәрбәттың құрамында еритін қанттар болғандықтан диеталық және диабеттік өнім өндірісінде кеңінен қолданылуы мүмкін. ЖШС «АӨК Аман-Кел» бас директоры М.Абубакиров Мемлекет басшысының АӨК аумағына қойылған міндеттері бойынша – ет-сүт, сонымен қатар өсімдік өнімдерін ішкі тұтынуға ғана емес, басқа мемлекеттерге де экспорттау мөлшерінде көбейту керектігін ескере отырып, қант құмайын меңгеру және өндіріске енгізу бойынша қызығушылық танытты. РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы Институты» мен ЖШС «АӨК Аман-Кел» арасындағы бірге қызмет істеу бойынша Келісімге бұрында қойылған қол шеңберінде екі жақ ҒЗЖ нәтижесін коммерциализациялау бойынша жұмысты жалғастыруға сөз байласты.

 

DSCF2214 DSCF2228 DSCF2231

DSCF2220