2017 жылдың 26 қаңтарында Институттың бұрынғы қызметкері Таранов Олег Николаевич көз жұмды

Таранов Олег Николаевич2017 жылдың 26 қаңтарында Институттың бұрынғы қызметкері Таранов Олег Николаевич көз жұмды. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы Институтының қызметкерлері туған туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Таранов О.Н. 1930 жылдың 19 сәуірінде Ресей Федерациясының Пермь қаласында дүниеге келді. 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің биолого-топырақ факультетін үздік бітірді.  Еңбек жолын 1957 жылы ҚазССР ҒА Ботаника Институтының минералдық қоректену зертханасында бастады. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы Институтында құрылғанынан бастап 2012 жылға дейін жұмыс істеді.

Көпжылдық ғылыми жұмыстарының негізінде физиологиялық генетика және селекция аумағында әріптестерімен бірге селекция әдістерін жетілдірді және отандық күріш сорттары «Алтынай», «Баканасский», «Мадина», сонымен қатар үрме бұршақтың «Джунгарский» сортын шығарды. Жаңа сорттар жоғары өнімділігімен және ортаның стресс-факторларына төзімділігімен ерекшеленеді, Алматы облысында аудандастырылған және күріш өсіру аймағының Ақдалалық аумағында егіледі. Күріштің БРҒЗИ бірлесе отырып Қазақстанда күріштің «Золотистый» сорты аудандастырылды. Ол 100 аса ғылыми жұмыстардың және 5 авторлық куәліктің иесі.

Олег Николаевичтың жемісті ғылыми қызметі сарқылмайтын энергия, терең білім, оның керемет кәсіби машықтары әріптестері мен еліміздің биолог-ғалымдарының лайықты қолдауына ие болды.

Олег Николаевич қарапайым және қайратты адам, қажымайтын еңбекқор, жоғары білімді және ынталы маман ретінде біздің есімізде мәңгілікке қалады.