2017 ж. 27-29 маусымда Астанада «Болашақ энергиясы» ЭКСПО аясында ескірген пестицидтер, ТОЛ (тұрақты органикалық ластағыш) пестицидтер, қолданылатын пестицидтер мәселелері бойынша 14 Халықаралық форум өтеді.

Конференция мақсаты:

-Қазақстандағы, Орта Азия Республикаларындағы және ВЕКЦА басқа мемлекеттеріндегі, Орталық Европа және ЕО, Африка, Азия және Оңтүстік Америка елдеріндегі ескірген пестицидтер мәселелері бойынша өткен және келешектегі іс-шараларға шолу;

-ескірген пестицидтерді жоюға іс-әрекет жоспарлары мен қаржы ресурстарын, ұлттық және аймақтық стратегияларды талқылау;

-ластанған топырақ пен ескірген пестицидтерді жою және сақтау, экологиялық қауіпсіз басқару, тәуекелді бағалау, инвентаризация жүргізу бойынша тәжірибелер мен технологиялар алмасу;

-пестицидтермен ластанған топырақты биоремедиациялық технология арқылы тазалау, пестицид қалдықтарын өңдеуде жасыл және инновациялық технологияларды қолдану;

-ластанған пестицидтер мәселелерінен хабардар болуды жергілікті, ұлттық, аймақтық, ғаламдық деңгейде жоғарылату.

 

2nd Announcement