АР 19679273 (жетекшісі Нуржанова А.А..)

Жоба туралы қысқаша ақпарат

(2023-2025 ж.ж.)

 

Жобаның атауы: ЖТН АР 19679273 «Биоэнергетикалық «zero-waste» тәсілдің негізінде улы заттармен кешенді ластанған жерлерді фитотұрақтандыру технологиясын әзірлеу»

Өзектілігі. Қазақстанда, әлемнің көптеген басқа елдеріндегідей, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығының, мұнай-газ кешенінің жоғары қарқынымен дамуы жердің ауыр металдармен,   пестицидтермен және мұнай өнімдерімен ластануына себепті, бұл елеулі экологиялық мәселе болып табылады. Бұндай кәсіпорындардың айналасындағы топырақ табиғи жағдайда әртүрлі улы элементтермен (УЭ) ластанудың поликомпонентті құрамына ие. Ауылшаруашылық топырақ­тарында ксенобиотиктердің жинақталуы және азық-түлік тізбегіне енуі азық-түлік қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіруде. Ортада екі немесе бірнеше ластаушы заттардың артық болу проблемасы инновациялық тәсілдердің қалыптастыруына негіз болады.

Өсімдіктердің ксенобиотиктерге бейімделуінің іргелі негіздерін, сондай- ақ топырақтың тұрақтылығын сақтау механизмдерін және оларды оңалту жолдарының зерттелуі фитотехнологияны дамытудағы маңызды міндет болып табылады. Соңғы жылдары антиоксидантты қорғаныс компоненттерінің белсенділік деңгейі мен өсімдіктердің УЭ-ге төзімділік арасындағы байланыстың анықталуына назар аударылды, бұл ластанған жерлерді фиторемедиациялау үшін өсімдіктердің төзімді түрлерін таңдау кезіңде маңыздылығы зор. Өсімдіктердің көмегімен топырақты қалпына келтіру кезеңінің ұзақтығы мен ластанған биомассаны жою қажеттілігіне байланысты көптеген ғалымдардың назары, қалдықтарды биоөнімдерге айналдыру арқылы жоюына бағытталған. Мұндай зерттеулер алғашқы даму сатысында, ал жануарлар мен өсімдіктер шикізатынан биоөнімдерді алу саласы әлемнің көптеген елдерінде белсенді дамуда. Зерттеу векторының биоэнергетика саласына ауысуына байланысты жетілдірілген биоөнімдерді алудың негізгі критерийлерінің бірі азық-түлік дақылдарын өсірумен кез келген бәсекелестікті азайту мақсатында тағамдық емес лигноцеллюлоза биомассасын пайдалану болып табылады.

Халықаралық және мемлекеттік стандарттар мен талаптардың болмауына байланысты энергетика өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдалану үшін энергетикалық өсімдіктер биомассасының потенциалы мен сапасын бағалау шұғыл түрде қажеттілік етеді. Дегенмен, «zero-waste» технологиясы фитотехнологияға лигнин, целлюлоза және лигноцеллюлоза жоғары мөлшерлі биоэнергетикалық дақылдармен енгізілді. Бұл талшықтардың құрамы шикізатты ұтымды пайдалануын және шығындардың азайюын қамтамасыз ететін ластанған өсімдік биомассасынан биочар мен палп (талшық) өндірісінде шешуші рөл атқарады. Бұл тәсіл топырақты тазарту мәселесін тиімді шешуге және биоэнергетиканы дамыту үшін балама шикізат іздеуге мүмкіндік береді.

 Жобаның мақстаы: «zero-waste» технологиясы шеңберінде ластанған биомассаны сапалы бағалауды ескертіп, топырақтың кешенді ластануы (пестицидтер/АЭ; мұнай көмірсутектері/АЭ) жағдайында өсімдік пен ризосфералық тотықтырғыш және антиоксидантты ферменттердің белсенділігіне байланысты Miscanthus × giganteus және Miscanthus sinensis физиологиялық және биохимиялық төзімділік механизмдерін бағалау.

Күтілетін нәтижелер: Биоэнергетикалық өнеркәсіб үшін Miscanthus тұқымдас өсімдіктердің контаминацияланған биомассасының физико-биохимиялық төзімділік қасиеттерін және энергетикалық потенциалын ескертіп ксенобиотиктермен кешенді  ластанған топырақты фитотұрақтылық технологиясы.

Жобаның ғылыми жетекшісі: Институттың ж.ғ.қ., б.ғ.д., проф. Нуржанова А.А.

Зерттеу тобының мүшелері: PhD, ас. проф. Бержанова Р.Ж., PhD Мамирова А.А., НС Нурмагамбетова А.С., МНС Жумашева Ж.Е., лаборант Боранбай М.

2018-2022 жылдардағы жоба орындаушыларының жарияланымдары мен патенттерінің тізімі:  

1 Nurzhanova A., Pidlisnyuk V., Abit K., Nurzhanov C., Kenessov, B., Stefanovska T., Erickson L., 2019. Comparative assessment of using Miscanthus x giganteus for remediation of soils contaminated by heavy metals: a case of military and mining sites. Environmental Science and Pollution Research, 2019. Vol.26, pp.13320-13333, https://doi.org/10.1007/s11356-019-04707-z

WoS:Q2, IF 5.053, percentile 80%,   FWCI 1.45

  1. Pidlisnyuk, V., Mamirova, A., Pranaw, K., Shapoval, P. Y., Trögl, J., Nurzhanova, A. Potential role of plant growth-promoting bacteria in Miscanthus × giganteus phytotechnology applied to the trace elements contaminated soils. // International Biodeterioration & Biodegradation. — 2020. – Vol. 155. — P. 105103. https://doi.org/10.1016/j.ibiod.2020.105103

WoS: Q1, IF 4.32, percentile 87%,   FWCI 0.61

  1. Nurzhanova A., Mukasheva T., Berzhanova R., Kalugin S., Omirbekova A., Mikolasch A. Optimization of microbial assisted phytoremediation of soils contaminated with pesticides // Int. J. Phytoremediation. Taylor & Francis, 2021.Vol. 23 (5): 482–491. https://doi.org/10.1080/15226514.2020.1825330

WoS:Q2, IF 4.003. percentile 84%,   FWCI 0.39

  1. Nurzhanova A., Mamirova A., Trögl J., Nebeská D., Pidlisnyuk V.V. Plant–Microbe Associations in Phytoremediation // Phytotechnology with Biomass Production: Sustainable Management of Contaminated Sites / ed. Erickson L.E., Pidlisnyuk V.V. CRC press Taylor & Francis Group, — 2021. — P. 123–140. Web of Science database
  2. Mamirova, A., Pidlisnyuk, V., Amirbekov, A., Ševců, A., & Nurzhanova, A. (2021). Phytoremediation potential of Miscanthus sinensis And. in organochlorine pesticides contaminated soil amended by Tween 20 and Activated carbon. // Environmental Science and Pollution Research. — 2021. – Vol. 28, Is. 13. – P. 16092–16106. https://doi.org/10.1007/s11356-020-11609-y

WoS:Q2, IF 5.053, percentile 80%,   FWCI 1.67

  1. Tarla D.N., Erickson L.E., Hettiarachchi G.M., Amadi S.I., Galkaduwa M., Davis L.C., Nurzhanova A., Pidlisnyuk V. Phytoremediation and Bioremediation of Pesticide-Contaminated Soil // Appl. Sci. – 2020. – Vol. 10 (4) – P.1217-13333. https://doi.org/10.3390/app10041217

WoS:Q2, IF 2.838, percentile 79%,   FWCI 1.33

  1. Sailaukhanuly Y, Nurzhanov Ch., Nurzhanova A., Carlsen L. Evaluation of the potential cancer risk of obsolete organochlorine pesticides in abandoned storehouses throughout the Almaty oblast, Kazakhstan // Int.J. Human and ecological risk assessment. – 2022. – Vol.28, Is.10. – P.1213-1227. https://doi.org/10.1080/10807039.2022.2136137 (

WoS:Q2, IF 4.997, percentile 61%, FWCI 0

  1. 8. Nurzhanova А., Muratova A., Berzhanova R., Pidlisnyuk V., Nurmagambetova A., Mamirova A. Rhizosphere microorganisms: increasing phytotechnology productivity and efficiency – a review //Доклады национальной академии наук Республики Казахстан. – 2022–№ 3. – С. 34-58.

9.Muratova A., Lyubun Y., Sungurtseva I., Turkovskaya O., Nurzhanova A. Physiological and biochemical characteristic of Miscanthus × giganteus grown in heavy metal – oil sludge co- contaminated soil // Journal of Environmental Sciences. – 2022. – Vol. 115.– P. 114-125.

WoS Q1. IF 6.796

2023 жылғы нәтижелер: AР 09259724 «Miscanthus x giganteus (гигант miscanthus) өнімділігін оңтайландыру және ПГПР көмегімен ауыр металдармен ластанған топырақтарды фиторемедиациялау» жобасы аяқталды.

Ризобактериялардың (PGPR) өсуін ынталандыратын биологиялық өнімді пайдалана отырып, биоэнергетикалық фиторемедиант Miscanthus x giganteus өсімдігінің өнімділігін арттыру арқылы ауыр металдармен ластанған топырақтарды фиторемедиациялау технологиясы әзірленді. Фиторемедиация процесін мақсатты бақылау үшін биоэнергетикалық өсімдігінің Miscanthus x giganteus биомасса шығымдылығын арттыру үшін микробтық препараттар жасалды: Rhizobium sp бактериясының концентрленген биомассасы негізіндегі №1 биологиялық препарат. Zn1-1 және ашытқы Trichosporon sp. CA1 паста түрінде; №2 биологиялық өнім – Pseudomonas sp. бактериясы негізіндегі сұйық түрі. CHA1.

Пайдалы модель алынды — Ауыр металдармен ластанған топырақтарды фиторемедиациялау әдісі» № 8240. 20.04.2023 ж.

Жарияланымдар (2023 ж.):

1 Muratova A., Golubev S., Romanova V., Nurzhanova A. Effect of Heavy-Metal-Resistant PGPR Inoculants on Growth, Rhizosphere Microbiome and Remediation Potential of Miscanthus × giganteus in Zinc-Contaminated Soil. // Microorganisms. – 2023. – Vol. 11.– P. 1516.

WoS Q2. IF 4.926/ Scopus, proc. 0.65

2 Nurzhanova A., Pidlisnyuk V., Berzhanova R., Nurmagambetova A., Terletskaya N., Omirbekova N., Berkinbayev G., Mamirova A. PGPR‑driven phytoremediation and physiobiochemical response of Miscanthus × giganteus to stress induced by the trace elements // Environmental Science and Pollution Research. – 2023.https://doi.org/10.1007/s11356-023-29031-/

WoS Q1. IF 5.8

  1. Nurzhanova A., Pidlisnyuk V., Berzhanova R., Muratova A., Erickson L., Mamirova A Improving Miscanthus × giganteus phytoremediation efficiency and adaptability to trace elements by application of PGPRs // International Phytotechnology Conference 23 — 26 May 2023. Hosted by International Phytotechnology Society and the US Dept of Energy- Argonne National Laboratory Chicago, Illinois, United States – P.85

4 Муратова А.Ю., Сунгурцева И.Ю., Турковская О.В, Нуржанова А.А Влияние бактеризации на ризосферный микробиом, физиолого-биохимические и ремедиационные свойства Мiscanthus × giganteus, выращенного в загрязненной тяжелыми металлами почве // X Съезд общества физиологов растений России Всероссийская научная конференция с международным участием «Биология растений в эпоху глобальных изменений климата» 18-23 сентября 2023 года, Уфа: УИБ УФИЦ РАН, 2023. – С.261.

2023-2024 жж. нәтижелер:

Концентрациялары 105 ± 4,10 мкг/кг 4,4DDE метаболитімен және 93,2 ± 8,84 мг/кг Ni ионымен ластану жағдайында, 1% Agmeco биочарын пайдаланып, Miscanthus х sinensis өсімдіктерінің өсу шарттарын оңтайландырдық; Miscanthus × giganteus 1% қайың биочардың көмегімен 287 мг/кг концентрацияда Ni ионымен, ал 12890 мг/кг мұнаймен, жеке және қоспада, ластану жағдайын қолдандық. Бақылау – ластанбаған топырақ, Ni ионымен ластанған топырақ; 4.4-DDE метаболитпен және биочар қосылмаған мұнай. Топырақтың 4,4DDE+Ni аралас ластануы жағдайында биочардың әсері қосалқы тамырлардың белсенді өсуіне байланысты, M. Sinensis өсімдіктердің бір мезгілде жер үсті бөліктерінің биомассасының 120%-ға және тамыр биомассасының 205%-ға артуы байқалған; көмекші пигменттің хлорофилл в 45%-ға артуы және каротиноидтардың 46%-ға төмендеуі; КАТ белсенділігінің 8 есе артуы; бақылауға қатысты 4.4DDE метаболитінің жер үсті бөлігінде 50%-ға, тамырда 38%-ға, тамырлардағы Ni иондарының 24%-ға төменделді. Мұнай+Ni қоспа 1% жағдайында қайын биочары M. giganteus-тің өсуінің 38%-ға, ал биомассаның 34% -ға дейін төмендеуіне; хлорофилл а/в қатынасын 66%-ға артуына және каротиноидтарды 46%-ға азаюына; бақылауға қатысты СОД ферментінің белсенділігінің 25%-ға және АПО 23%-ға артуына және КАТ 56%-ға және ГSТ 47%-ға төмендеді; бақылауға қатысты 20%-ға дейін топырақтағы мұнайдың деградацияланды. Алынған нәтижелер M.giganteus және M. sinensis биоэнергетикалық түрлерін қолдану арқылы фиторемедиация механизмдерін түсіну үшін маңызды

Жарияланымдар (2024 ж.):

 Nurzhanova, A.A.; Pidlisnyuk, V.V.; Nurmagambetova, A.S.; Zhumasheva, Z.; Mamirova, A.A. Novel Phyto Plant of POP-Pesticides: Energy Crop Miscanthus sinensisExperimental Biology 202499, 140–152, https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.012

 

 

2025 жылғы нәтижелер

Өсімдіктердің ксенобиотиктерге бейімделуінің іргелі негіздерін зерттеу, сондай-ақ топырақ тұрақтылығын сақтау және оны қалпына келтіру тетіктерін анықтау фитотехнологияларды әзірлеу барысында маңызды міндет болып табылады. Фиторемедиацияның тиімділігін арттыру – стратегиялық маңызды бағыт. Биомассаның жиналуын күшейту, топырақты тазалау тиімділігін және өсімдіктердің бейімделу қабілетін арттыру мақсатында биочар органикалық және бейорганикалық ластағыштарды био-/фиторемедиациялаудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Биочардың практикалық қолданылуы топырақ ластануын азайтудың инновациялық тәсілі болып табылады.

Бұл зерттеуде Чех Республикасының Карловы Вары қаласындағы коммуналдық тазарту құрылыстарынан алынған шайынды тұнбасынан өндірілген 1% SSB биочары және 1% коммерциялық қайың биочарының топырақтың 4,4-ДДЭ метаболитімен, мұнаймен және Ni ионымен жеке және кешенді ластануы жағдайында жылыжайда өсірілген Miscanthus тұқымдас биоэнергетикалық өсімдігінің физиологиялық, биохимиялық және фиторемедиациялық көрсеткіштеріне әсері зерттелді.

Ni, 4.4-ДДЭ және мұнаймен бірлескен ластану жағдайында биочар енгізу Miscanthus өнімділігін 121%-ға дейін арттырды, еркін пролин мөлшерін 366%-ға, жалпы белокты 135%-ға дейін ұлғайтты, хлорофилл b деңгейін 154%-ға дейін жоғарылатты, фотожүйе II-дегі электрон тасымалдануын 37%-ға дейін ішінара қалпына келтірді және жапырақтардағы антиоксиданттық ферменттердің (СОД, КАТ, АПО, ГР) белсенділігін төмендетті. Бұл өсімдіктің химиялық стреске физиологиялық бейімделуінің артқанын көрсетеді.

Miscanthus sinensis негізінен ДДЭ-ні тамырда жинақтады (ТК=0,62). ДДЭ үшін биоконцентрация коэффициенті (БКК) тамыр биомассасында 6.33 және жер үсті биомассасында 3.91 болды. Бұл нәтижелер M. sinensis өсімдігінің ДДЭ-ні фитостабилизациялау әлеуетін көрсетеді. Алайда Ni/ДДЭ кешенді ластануы кезінде кері үрдіс байқалды: жоғары БКК (1.64) жер үсті бөлігінде тіркелді, ал тамырдағы БКК 0.75 болды. ТК=2.1 мәні бұл метаболитке қатысты фитоэкстракция әлеуетінің артқанын білдіреді. Ni-дің M. sinensis биомассасында жинақталуын талдау өсімдіктің Ni-ді фитостабилизациялау қабілетін растайды, өйткені жер үсті биомассасында Ni иондары анықталмады.

Бақылау (фондық) топырақта Ni-мен қатар Cu, Pb, Zn және Cr элементтері де болды. Әртүрлі ластану жағдайларында Cu-дың сіңірілуін бағалау нәтижесінде оның негізінен тамыр жүйесінде секвестрленетіні анықталды (ТК = 0.33-0.44). Осындай үрдіс Zn үшін де байқалды (ТК = 1.06-1.53). Pb және Cr барлық варианттарда тек тамырда ғана табылды, бұл M. sinensis өсімдігінің ДДЭ бар ортада да фитостабилизация мүмкіндігін көрсетеді.

Мұнай ластануын фракциялық талдау Miscanthus × giganteus өсіру барысында мұнай шламын жою негізінен парафиндер, нафтендер және спирт-бензол шайыр фракцияларының деградациясы есебінен жүретінін көрсетті. Парафиндер ең жоғары дәрежеде бұзылды — олардың мөлшері 42-84%-ға азайды. Нафтендер екінші орында болды (47-57%). Мұнай көмірсутектерінің ең жоғары азаюы (32%-ға дейін) мұнаймен ластанған топырақта, ал ең төменгі азаю (15%) Ni+мұнай жағдайында байқалды.

Биочар қолдану арқылы Miscanthus өсу жағдайларын оңтайландыру фиторемедиация тиімділігінің артқанын растады. Ni/ДДЭ жағдайында SSB-биочар енгізу M. sinensis өсімдігінің жер үсті және тамыр биомассасында СОЗ-пестицидтер жинақталуын тиісінше 49.7% және 32.6%-ға, ал ДДЭ жағдайында — 56.4% және 61.6%-ға дейін төмендетті. Ластанған топыраққа биочар енгізу M. sinensis өсімдігінің ауыр металдарды (Ni, Cr, Cu, Zn және Pb) фитостабилизациялау әлеуетін арттырды және ДДЭ жинақталуын төмендетті.

Коммерциялық қайың биочары мұнайдың жалғыз ластаушы ретінде деградация тиімділігін төмендетті, бірақ кешенді ластану жағдайында мұнайдың жойылуын арттырып, M. × giganteus өсіру барысында 20% деградация қамтамасыз етті. Биочар негізінен МБЦА фракциясының деградациясына әсер етті: ароматты фракция Ni бар және жоқ жағдайда тиісінше 41% және 9%-ға бұзылды. Биочар болмаған жағдайда, керісінше, МБЦА үлесінің артуы байқалды. Тәжірибе алдында және кейін топырақтағы Ni мөлшерін талдау нәтижесінде биочар енгізілуіне қарамастан, Ni-дің 72-78%-ға азайғаны анықталды.

Осылайша, зерттеу нәтижелері биочардың екіжақты рөлін көрсетеді: ол M. sinensis және M.×giganteus өсімдіктерінің өсуін арттырады және ластаушы заттардың биожетімділігін төмендетеді, бұл пестицидтермен және металдармен кешенді ластанған топырақтардың фиторемедиациясын жақсарту әлеуетін дәлелдейді.

Қорытынды есепке қойылатын балл – 35.

 Потенциалды пайдаланушылар үшін ақпарат

  1. Тәжірибе алдында және кейін жүргізілген химиялық талдау ауыр металдардың (ТЭ) және СОЗ-пестицидтердің биочармен өзара әрекеттесуіндегі айқын заңдылықтарды көрсетті. Биочар бетінде Ni сорбциясының 75%-ға дейін артуы (p < 0.001) бақылау топырағында да, Ni қосылған топырақта да байқалды. Бұл биочардың Ni иондарын тиімді байланыстыра алатынын растайды. Ni/ДДЭ кешенді ластануы жағдайында биочар пестицидтердің айқын абсорбциясын көрсетті, ал металдардың сорбциясы бақылау деңгейінде қалды.
  2. sinensis өсіру алдындағы және кейінгі ДДЭ-мен ластанған топырақтағы СОЗ-пестицидтер мөлшерінің өзгерісін талдау олардың өсімдікке биожетімділігі 39%-ға төмендегенін көрсетті. Ал тек ДДЭ-мен ластану жағдайында бұл көрсеткіш бастапқы мәнімен салыстырғанда 59%-ға жетті (1-сурет).

1-сурет – M. sinensis өсуі кезінде абсорбция/десорбция үдерістерінің салдарынан биочардағы пестицидтер мен элементтер концентрацияларының өзгеруі

Өсімдіктердің вегетациясынан кейін биочардың адсорбция-десорбция әлеуетін зерттеу нәтижесінде оның топырақтан Ni және Cr иондарын сорбциялай алатыны анықталды (r = 0,86, p < 0,05). Сонымен қатар биочар Cu (r = −0,72, p < 0,05) және Zn иондарын (r = −0,96, p < 0,05) десорбциялайды және ластану түріне байланыссыз Pb сорбциясына әсер етпейді. Zn мен Cu өсімдіктер үшін қажетті микроэлементтер екенін ескерсек, SSB биочарын Zn және/немесе Cu жетіспейтін топырақтар үшін топырақ қоспасы ретінде ұсынуға болады.

  1. × giganteus фитомассасын биочарға айналдыру технологиясының ғылыми негізі әзірленді (2-сурет).

Арнайы параметрлермен жүргізілген пиролиз (t = 600 °C, беру жылдамдығы — 2,1 кг/сағ, қыздыру жылдамдығы — 5 °C/мин, аргон атмосферасында ұстау уақыты — 1 сағ) барысында 29 кг Miscanthus × giganteus сабағын карбонизациялау нәтижесінде 14 кг биочар алынды. Биочар шығымы 48.3 % құрады.

2-сурет – M. × giganteus сабағынан пиролиз арқылы биочар алу

Физика-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижесінде биочардың меншікті бетінің ауданы 672 м²·г⁻¹, кеуек мөлшері 0.85 нм, ылғалдылығы 4.5 %, ұшпа заттар мөлшері 13.8 %, күлділігі 9.9 %, pH — 9,98, электрөткізгіштігі 553 мСм·м⁻¹ екені анықталды.

Алынған биочар экологиялық қауіпсіз болып табылады және негізгі мақсатты қолдану саласы ретінде шөлейт, деградацияға ұшыраған және ластанған жерлерде пайдалануға арналған.

2025 жылғы жарияланымдар

Web of Science және (немесе) Scopus деректер базасында индекстелген рецензияланатын шетелдік ғылыми журналдардағы жарияланымдар тізімі

 Nurzhanova A.; Pidlisnyuk V.; Nurmagambetova A.; Zhumasheva Z.; Naizabayeva L.; Mamirova A. Biochar as a Tool to Optimise Miscanthus sinensis Resilience and Phytoremediation Efficiency: Case Study of Contamination by Mixture of Ni and 4.4′-DDE. Environ. Chem. Ecotoxicol. 2025, 7, 802–818, https://doi.org/10.1016/j.enceco.2025.04.006. WoS Q1; IF = 9.0; Percentile 97%.

Халықаралық конференциялардағы тезистер (баяндау форматы көрсетілген)

1 Нұржанова А.А., Мамирова А.А., Нұрмағанбетова А., Жұмашева Ж. Miscanthus sinensis биоэнергетикалық өсімдігінің 4,4’-ДДЕ метаболитіне және Ni иондарына қарсы фиторемедиация тиімділігін және стресске төзімділігін биочар арқылы оңтайландыру // Генетика және физиология: өткен, қазіргі және болашақ» атты Халықаралық ғылыми‑тәжірибелік конференция материалдары, Жалпы генетика және цитология институтының 30 жылдығына және Адам және жануар физиологиясы институтының 80 жылдығына арналған (IGPH2025) – Алматы: ИГФ, 2025. Б. 56. Онлайн баяндама.

2 Нұржанова А.А. (онлайн). «Miscanthus sinensis биоэнергетикалық өсімдігінің 4,4’-ДДЕ метаболитіне және Ni иондарына қарсы фиторемедиация тиімділігін және стресске төзімділігін биочар арқылы оңтайландыру» // Ақылды ауыл шаруашылығы семинары: Заттардың интернеті технологиялары және биочар қолдану. 2025 ж. 9 қыркүйек. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы.