13.06.2024 ж.
Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы
Хабарландыру
- Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР БҒМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және Биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
- Бос лауазымның атауы: молекулалық биология зертханасында кіші ғылыми қызметкер.
- Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 09-00, 13.06.2024 жылдан 18-00, 27.06.2024 жылға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжай анықтамасы, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме, жарияланымдар тізімі.
Талаптар | Міндетті (қажетті) | Қосымша (қалауы) |
Білімі | Мамандықтар бойынша Магистр (биология, биохимия немесе агрономия). | Ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу тәжірибесі |
Кәсіби біліктілігі | Білуге тиіс: зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып жинақтау мен өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдары, Қазақстан Республикасының Ғылым, еңбек туралы заңнамасының негіздері, еңбекті ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары. | Орыс және ағылшын тілдерін жақсы білу (оқу, сөйлеу және жазу). Астықтың аминқышқылдық құрамын, май құрамын анықтау әдістерін, будандастыру және селекциялық іріктеу, ПТР, хроматография әдістерін меңгеру. |
Еңбек өтілі | ҒЗИ немесе университеттердің биология және агрономия саласындағы зертханаларында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі. | Бидай мен арпа дәнінің өнімділігі мен сапасын анықтау бойынша дала жұмыстарының, зерттеулердің тәжірибесі. |
Лауазымдық міндеттері | Жауапты орындаушының басшылығымен тақырыптардың жекелеген бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізеді. Эксперименттерді орындауға қатысады, бақылаулар мен өлшеулер жүргізеді, олардың сипаттамасын жасайды және қорытындыларды тұжырымдайды. Зерттелетін тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді. | Тақырып немесе оның бөлімі (кезеңі, тапсырмасы) бойынша есептер (есеп бөлімдері) жасайды. |