22.07.2024 ж.
Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы
Хабарландыру
- Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР БҒМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және Биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
- Бос лауазымның атауы: молекулалық генетика зертханасына зертханашы.
- Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 09-00, 22.07.2024 жылдан 18-00, 05.08.2024 жылға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжай анықтамасы, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме.
Талаптар | Міндетті (қажетті) | Қосымша (қалауы) | |
Білімі | Тиісті мамандық бойынша жоғары білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта)білім | ||
Кәсіби біліктілігі | Білуге тиіс: жұмыс тақырыбы бойынша басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдар, талдаулар, сынақтар және басқа да зерттеу түрлерін жүргізу әдістері, әзірленетін техникалық құжаттамаға қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттар, оны ресімдеу тәртібі, зертханалық жабдық, бақылау-өлшеу аппаратурасы және оны пайдалану қағидалары, техникалық есептеулерді, есептеу және графикалық жұмыстарды орындау әдістері мен құралдары. есептеу техникасын пайдалану қағидалары, экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздері, өрт қауіпсіздігі талаптары. | ||
Еңбек өтілі |
|
||
Лауазымдық міндеттері | Зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және басқа да жұмыс түрлерін орындайды. Бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес зерттеу процесінде материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады. Зертханалық жабдықтың жарамды жай-күйін бақылайды, оны жөндеуді жүзеге асырады. Эксперименттер жүргізуге жабдықты (аспаптарды, аппаратураны) дайындайды, оны тексеруді және әзірленген нұсқаулықтар мен басқа да техникалық құжаттамаларға сәйкес қарапайым реттеуді жүзеге асырады. Эксперименттерді орындауға қатысады, қажетті дайындық және көмекші операцияларды жүзеге асырады, бақылаулар жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, жұмыс журналдарын жүргізеді. Ұйым бөлімшесінің қызметкерлерін жұмыс үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, реактивтермен және сол сияқтылармен қамтамасыз етеді. Талдау, сынау, өлшеу нәтижелерін әдістемелік материалдарға сәйкес өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді. Белгілі бір тапсырмаға сәйкес әдеби көздерден, рефераттық және ақпараттық басылымдардан, нормативтік-техникалық құжаттамадан деректерді іріктейді. Жүргізілген зерттеулер мен эксперименттерге байланысты есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды. Ұйымның бөлімшелері орындаған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманы жасауға және ресімдеуге қатысады. |