Ғылыми қызметтің негізгі бағыттары

Институт елдің азық-түлік, экологиялық және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми-практикалық негіздерін әзірлеу үшін мәдени өсімдіктер мен олардың жабайы туыстарының генетикалық ресурстарын сақтауға, зерттеуге және ұтымды пайдалануға бағытталған өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биотехнологиясы саласындағы ғылыми зерттеулерді орындау мақсатында құрылды.

Институт құрылган кезде қалыптастырылған ғылыми қызметінің негізгі бағыттары сақталынған және әлемдік ғылымдағы теориялық жетістіктері мен клеткалық және молекулалық биология салаларында осы заманғы тәсілдері мен әдістерін тарта отырып дамытылған.

Ғылыми қызметтің негізгі түрлері

— өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер, жобалау, конструкторлық-сынақ жұмыстарын жүргізу;

— дәстүрлі және биотехнологиялық әдістерді үйлестіру негізінде тағамдық, азықтық, емдік, сәндік және техникалық өсімдіктердің өнімділігі жоғары және стрестерге төзімді жаңа формалары мен сорттарын шығару;

— өсімдіктердің биотехнологиясы, ауылшаруашылығы дақылдары сорттарының тұқым шаруашылығы саласында ғылыми сыйымдылығы кең өндірістер ұйымдастыру және құру;

— ауылшаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ өнеркәсібінің қажеттіліктері үшін биологиялық белсенді заттар алу үшін биотехнологиясын әзірлеу;

— биология және өсімдіктер биотехнологиясы саласында деректер банктерін қалыптастыру.

ҒЗЖ:

Институттың мақсатына сәйкес ғылыми басым бығыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі — Өмір және денсаулық туралы ғылым, Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер, Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі, Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология.

2015-2023 жылдар кезеңінде гранттық қаржыландырудың 58 жобасы және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 5 республикалық ғылыми-техникалық бағдарлама (бас ұйым) бойынша зерттеулер орындалды:

  • 0158/ПЦФ «Жақсартылған шаруашылық-бағалы белгілері бар генетикалық түрлендірілген өсімдіктерді құрудың және олардың мониторингінің биотехнологиялық негіздерін әзірлеу» (Жетекші – Жамбакин Қ.Ж., 2015-2017 жж.);
  • 0237/ПЦФ «Қазақстан Республикасында өсімдіктердің эндемикалық, сирек кездесетін және шаруашылық жағынан құнды түрлерінің генетикалық әртүрлілігін зерттеу және генетикалық ресурстарын сақтау» (Жетекші – Туруспеков Е.К., 2015-2017 жж.);
  • 0149/ПЦФ «Маңызды ауылшаруашылық дақылдарын генетикалық жақсартудың тиімді биотехнологиясын жасап шығару үшін жыныс және соматикалық клетка культураларында басқарылатын морфогенездің цитофизиологиялық негіздері» (Жетекші – Бишимбаева Н.К., 2015-2017 жж.);
  • BR05236574 «Өсімдіктердің бейімделу механизмдерін пайдаланып, стресс факторларына төзімді ауыл шаруашылық дақылдарды алудың заманауи технологияларын жасау» (Жетекші – Жамбакин К.Ж., 2018-2020 жж.);
  • OR11465424 «Аса қауіпті ауруларды сәйкестендіру және ауыл шаруашылық дақылдары тұрақтылығының генотиптік әлеуетін арттыру үшін тиімділігі жоғары диагностиканың биотехнологиялық жүйелерін әзірлеу және енгізу» (Жетекші – Жамбакин К.Ж., 2021-2022 жж.)».

Қазіргі уақытта гранттық қаржыландырудың 17 жобасы және 4 ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша зерттеулер жүргізілуде:

  • BR18574099 «Дәнді дақылдардың ауруларға төзімділігін және өнімділігін арттыру үшін молекулалық-генетикалық және жасушалық процестерді зерттеу» (Жетекші – Жамбакин К.Ж., 2023-2024 жж., https://mslab.tilda.ws/);
  • BR18574149 «Инновациялық биотехнология негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары сорттары мен линияларын жасау» (Жетекші – Туруспеков Е.К., 2023-2024 жж., https://ibbr.tilda.ws/);
  • BR21882024 «Жеміс-жидек өсімдіктерінің және жаңғақ жемістілердің биоалуантүрлілігін зерттеу, генетикалық ресурстарын сақтаудың ex situ әдістерін әзірлеу» (Жетекші – Кушнаренко С.В., 2023-2025 жж., https://sites.google.com/view/br21882024);
  • BR21882269 «Экономикалық маңызды мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін геномды өңдеу технологиясын пайдалану» (Жетекші – Гриценко Д.А., 2023-2025 жж., https://project8295592.tilda.ws/).