11 сәуірде наурыз және ғылым күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекені өткізуге институт зертханалары, кәсіподақ, жас ғалымдар кеңесі және әкімшілік белсенді қатысты. Институттың бас директоры Қабыл Жапарұлы Жамбакин, сондай-ақ зертхана меңгерушілері қызметкерлердің ғылыми жетістіктерін атап өтіп, ұжымды құттықтады. Молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, профессор Туруспеков Ерлан Кеңесбекұлын «Құрмет» орденімен марапаттаумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі шешімі бойынша пәтер бөлінген
Ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғалымдармен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Іс-шара соңында Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады, сондай-ақ бірқатар жас ғалымға баспана кілті берілді. Марапатталғандардың қатарында Өсімдіктердің биологиясы және биотехнология институтының үш қызметкері бар екенін зор қанағаттанушылықпен және мақтанышпен хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, молекулалық генетика
ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының «Биологиялық инженерия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен ҚР ҒЖББМ Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының (ӨББИ) ғылыми қызметкерлерімен бірге кездесу ұйымдастырылды. Институт өсімдік биотехнологиясы саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады және ауылшаруашылық өсімдіктерін экономикалық құнды белгілері бойынша жақсарту, вирустық ауруларға төзімді өсімдіктерді алу, Қазақстанның сирек кездесетін өсімдіктері мен эндемиктерінің