ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының «Биологиялық инженерия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен ҚР ҒЖББМ Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының (ӨББИ) ғылыми қызметкерлерімен бірге кездесу ұйымдастырылды. Институт өсімдік биотехнологиясы саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады және ауылшаруашылық өсімдіктерін экономикалық құнды белгілері бойынша жақсарту, вирустық ауруларға төзімді өсімдіктерді алу, Қазақстанның сирек кездесетін өсімдіктері мен эндемиктерінің генофондын сақтау бағытында алдыңғы қатарлы қолданбалы зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ молекулалық биология, популяциялық генетика, топырақты қалпына келтіру және онымен байланысты бірқатар мақсаттарды жүзеге асыруда іргелі зерттеулер жүргізеді яғни ТДМ сәйкессінше 15-мақсат: «Жердегі экожүйелерді тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету, қалпына келтіру және қолдау, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенумен күрес, жердің тозуын тоқтату және кері қайтару және биоәртүрліліктің жоғалуын тоқтату», 7-мақсат: «Барлығына қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергияға қол жеткізуді қамтамасыз ету» іске асырады. Институтта ғылыми зертханалар базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бакалавриат студенттері институттың ғылыми жобалары мен биология және биотехнология факультетімен бірлескен ғылыми зерттеулер аясында өндірістік тәжірибеден өтіп, магистрлік және докторлық диссертацияларды дайындайды, осылайша ТМД міндеттерінің тағы бірі 4-мақсатын: «Барлық адам үшін инклюзивті және тең өмір бойы білім беру сапасын қамтамасыз ету» жүзеге асырады. Институтқа биотехнология кафедрасының профессоры Тұрашева С.К. және докторанттар Рымханова Н.Қ., Манапканова У.А. (ӨББИ гермаплазманы криосақтау зертханасының қызметкерлері) ұйымдастырылған экскурсияның арқасында, 2 курс студенттері биотехнология, биоинженерия, молекулалық биология, генетика және өсімдіктер физиологиясы саласындағы жаңа жетістіктер мен басым бағыттар туралы көптеген қызықты ақпараттарды білді. Зертхана қызметкерлері студенттерді заманауи құрал-жабдықтармен таныстырып, осындай құрал-жабдықтардың көмегімен күрделі тәжірибелер жүргізудің жаңа мүмкіндіктерін көрсетті. Мысалы, молекулярлық биология зертханасының қызметкерлері фитовирустарды секвенирлеу және геномдық талдау және өсімдік геномдарын анықтауы қалай жүргізілетінін түсіндірді. Студенттерге өсімдіктің бағалы түрлерінің клондау және ағаш пен жеміс-жідек дақылдарының ұрықтары қалай криосақтайтынды көрсетілді. Биотехнология және өсімдік селекциясы зертханасында вируссыз өсімдіктерді алу әдістері және гаплоидты технология әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ молекулярлық генетика зертханасында студенттерге Қазақстанның жабайы өсімдіктерінің түрлері мен эндемиктерін генотиптеу саласындағы молекулалық зерттеулер және Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтында жүзеге асырылып жатқан басқа да көптеген қызықты жобалар туралы айтылды. Студенттер институтта жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар туралы пайдалы ақпарат алды және біздің қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін мақтан тұтады!