18.08.2025 ж.
Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы
Хабарландыру
- Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР БҒМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
- Бос лауазымның атауы: өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасына жетекші ғылыми қызметкері лауазымына 2 бос орын жариялайды
- Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 09-00, 18.08.2025 жылдан 18-00, 01.09.2025 жылға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжайы туралы анықтама, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме.
| Талаптар | Міндетті (қажетті) | Қосымша (қалауы) |
| Білімі | Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабыстарға авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы. | |
| Кәсіби біліктілігі | Білуі тиіс: білімнің, ғылым мен техниканың тиісті саласы бойынша ғылыми проблемалар; экономикалық қызмет түрін дамыту бағыттары; жоғары тұрған және өзге де органдардың басшы материалдары; осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктер; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді (бағалау, патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық құжаттаманы шығару) жоспарлаудың, ұйымдастырудың, жүргізудің және енгізудің жаңа әдістері, құралдары мен практикасы, Ғылым туралы заңнама; Экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары. | |
| Жұмыс тәжірибесі | — | |
| Лауазымдық міндеттері | ғылым және техниканың жекелеген мәселелері (тақырыптары, тапсырмалары) бойынша зерттеулер жүргізуге ғылыми басшылықты жүзеге асырады және олар жұмыс істейтін қызметкерлер тобын басқарады немесе жекелеген тапсырмалардың, ғылыми техникалық бағдарламалардың жауапты орындаушысы болып табылады;
ең күрделі мәселелер бойынша ғылыми-техникалық шешімдерді, зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу әдістерін әзірлейді, бұл үшін қажетті құралдарды таңдайды; жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын және оларды орындау әдістерін негіздейді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар енгізеді; жұмыс бағдарламасын жасауды ұйымдастырады, басқа ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде бірлесіп орындаушылардың қызметін үйлестіреді, алынған нәтижелерді жинақтайды; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерінің қолданылу аясын айқындайды және осы нәтижелердің практикалық іске асырылуын ұйымдастырады; осуществляет подготовку научных кадров и участвует в повышении их квалификации. |
