Лауазымға бос орын: Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы

04.09.2025 ж

 

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

Хабарландыру

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР БҒМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
  2. Бос лауазымның атауы: Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы
  3. Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 09-00, 04.09.2025 жылдан 18-00, 18.09.2025 жылға дейін.
  4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжай анықтамасы, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме, жарияланымдар тізімі.

 

Талаптар Міндетті (қажетті) Қосымша (қалауы)
Білімі Жоғары кәсіптік (техникалық немесе инженерлік-экономикалық) білім.
  Кәсіби біліктілігі   Білуі тиіс: ұйымдардың шаруашылық қызметінің мәселелерін, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді, ұйымның құрылымын және оның даму перспективаларын, тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдістемелерін, баға белгілеу негіздерін, сатып алынатын жабдық пен инвентарлық стандарттары мен техникалық шарттарын, оның жұмыс принциптерін, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау, жинақтау қағидалары мен тәртібі, есептеу техникасы құралдарын пайдалану қағидалары, сметасын жасау тәртібі, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібі, жиһаз жабдықтарды түгендеу, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу және қызметтер үшін есеп айырысуларды ресімдеу тәртібі, қол еңбегін механикаландыру құралдары, персоналды ұйымдастыру және басқару негіздері, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.  Қазақ және орыс тілдерін жақсы білу. Компьютерлік бағдарламаларды еркін білу. Ғимараттың инженерлік желілері мен есептеу аспаптарын (жылу, су және энергиямен жабдықтауын) білу.
  Жұмыс тәжірибесі  Жылу желілерінде, энергия желілерінде немесе су арналарында жұмыс өтілі.