Лауазымға бос орын: Комплаенс-офицер

16.03.2026

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

Хабарландыру

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР ҒжБҒМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
  2. 2. Бос лауазымның атауы: Комплаенс-офицер
  3. 3. Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 09-00 ден 18-00 дейін, 16.03.2026 жылдан 01.04.2026 жылға дейін.
  4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжайы туралы анықтама, медициналық анықтама 086-нысан, түйіндеме.
Талаптар Міндетті (қажетті) Қосымша (қалауы)
Білімі Мамандандырылған бағыттар бойынша жоғары білім: құқықтану, қаржы және экономика.
Кәсіби біліктілігі Білуі тиіс:

— Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін;

-құжаттаманы жүргізу, есепке алу және персонал қозғалысы бойынша әдістемелік материалдарды;

-Қазақстан Республикасының еңбек және зейнетақы заңнамасын;

-іс жүргізу негіздерін;

-ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;

-еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормаларды.

Өз қызметінде Комплаенс-офицер басшылыққа алады:

— Қазақстан Республикасының заңнамасын;

— кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарын;

— жұмыс берушінің осы Нұсқаулыққа сәйкес берілген бұйрықтары мен өкімдерін.

Еңбек өтілі Жоғарыда аталған бағыттар бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Лауазымдық міндеттері  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген шектерде осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін; Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметі барысында жасалған құқық бұзушылықтар үшін;  Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңнамасына сәйкес кәсіпорынға келтірілген материалдық залал үшін; коммерциялық құпияны және өзге де қорғалатын ақпаратты сақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тиісті нұсқаулықтарды, бұйрықтар мен өкімдерді сақтамағаны үшін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек тәртібін, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитарияны және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапты болады. Квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы саясаттар мен стандарттарды әзірлеу және өзектендіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу; мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингтеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдау; қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізу; ұйымдағы этикалық құндылықтарды дамыту; қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және әдеп қағидаларын сақтауын бақылау; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының тиісті нормативтік актілеріне сәйкес); жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпараттың жариялылығын қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер мен шағымдар негізінде қызметтік тексерулер жүргізу және/немесе оларға қатысу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жұмысты үйлестіру;

сыртқы талдау жүргізу кезінде уәкілетті органға жәрдем көрсету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы және сот практикаcындағы өзгерістерге мониторинг және талдау жүргізу; жасалатын азаматтық-құқықтық шарттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды, іскерлік әдеп және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау туралы ережелерді енгізуді қамтамасыз ету.