Лауазымға бос орын: селекция және биотехнология зертханасына жетекші ғылыми қызметкер лауазымына бос орын жариялайды

19.03.2026

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

Хабарландыру

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
  2. Бос лауазымның атауы:селекция және биотехнология зертханасына жетекші ғылыми қызметкер лауазымына бос орын жариялайды
  3. Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні:сағ. 09-00 дан 18.00 дейін 19.03.2026 ж. дан 02.04.2026 жылға дейін.
  4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжай туралы анықтама, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме.

 

Талаптар Міндетті (қажетті) Қосымша (қалауы)
Білім Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің болуы; ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми еңбектерінің немесе өнертабыстарға авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы талап етіледі.
Кәсіби құзыреттілік  Білуі тиіс:

·         білімнің, ғылым мен техниканың тиісті саласындағы ғылыми проблемаларды;

·         экономикалық қызмет түрін дамытудың негізгі бағыттарын;

·         жоғары тұрған және өзге де органдардың басшылық материалдарын;

·         аталған мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді;

·         ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және енгізудің жаңа әдістерін, құралдарын және тәжірибесін (оның ішінде бағалау, патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу);

·         ғылым туралы заңнаманы;

·         экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;

·         еңбек заңнамасын;

·         ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;

·         еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын;

·         өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Жұмыс тәжірибесі —          тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл болуы тиіс;

—           ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа авторлық куәліктерінің болуы талап етіледі;

—           ғылыми дәрежесі болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

 Лауазымдық міндеттері
  • ғылым және техниканың жекелеген мәселелері (тақырыптары, тапсырмалары) бойынша зерттеулер жүргізуге ғылыми басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ осы бағытта жұмыс істейтін қызметкерлер тобын басқарады немесе жекелеген тапсырмалар мен ғылыми-техникалық бағдарламалардың жауапты орындаушысы болып табылады;
  • ең күрделі мәселелер бойынша ғылыми-техникалық шешімдерді және зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу әдістерін әзірлейді, оларды іске асыру үшін қажетті құралдарды айқындайды және таңдайды;
  • жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын, сондай-ақ оларды орындау әдістерін ғылыми тұрғыдан негіздейді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар дайындайды;
  • жұмыс бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастырады, ал жұмыстарды басқа ұйымдармен бірлесіп орындау кезінде бірлескен қызметті үйлестіруді қамтамасыз етеді;

орындаушылардың қызметін үйлестіреді, алынған нәтижелерді жинақтайды; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерінің қолданылу аясын айқындайды және осы нәтижелердің практикалық іске асырылуын ұйымдастырады;       осуществляет подготовку научных кадров и участвует в повышении их квалификации.