Халықаралық ғылыми ынтымақтастық: MLU, CASIB және DFG өкілінің ӨББИ-ға сапары

 

2026 жылғы 12 тамызда Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтына (ӨББИ) Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінің (MLU) Қазақстандағы өкілдігінің және Орталық Азиядағы тұрақты инновациялар бюросының (CASIB) басшысы, доктор Петер Либельт келді. Сондай-ақ доктор Либельт Орталық Азияның ғылыми қоғамдастығымен өзара іс-қимыл жөніндегі Неміс ғылыми-зерттеу қоғамының (DFG) өкілі болып табылады.

Кездесу аясында қонақ ӨББИ ғалымдарының назарына халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа, бірлескен зерттеу бастамаларына және ғылыми жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктеріне арналған баяндама ұсынды.

Презентациялардың бірінде MLU, CASIB және DFG қызметі таныстырылып, Орталық Азияның ғылыми ұйымдарымен әріптестік байланыстарды дамыту мәселелері, сондай-ақ перспективалы зерттеу бастамалары қарастырылды. KLINU, Quinoa Project жобалары таныстырылып, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және жас ғалымдарды қолдауға бағытталған AgriCA бағдарламасы жарияланды.

Жеке баяндама климат және қоршаған орта саласындағы Германия мен Орталық Азия арасындағы ғылыми ынтымақтастыққа арналды. Климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстарын басқару, топырақты сақтау, тұрақты ауыл шаруашылығы және климаттық өзгерістерге бейімделген технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды. INCREASE, Green Central Asia, NETSTAN (Networking for Climate, Environmental and Social Smart Cities in Central Asia) және RISMUz (Smart Sustainable Mobility in Urgench) бағдарламалары мен жобалары таныстырылды. Зерттеу нәтижелерін практикада қолдануға және ұзақ мерзімді ғылыми әріптестікті дамытуға ерекше назар аударылды.

Кездесудің тағы бір маңызды бағыты DFG қызметін, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жүйесін және Орталық Азия ғалымдарының Германияның ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстыру болды. Халықаралық жобаларды қолдау тетіктері және ғылыми әріптестерді іздеуге әрі бірлескен зерттеу жобаларын қалыптастыруға бағытталған “Networking for Research in Central Asia” бастамасы қарастырылды. Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде цифрландыру және интеллектуалды технологиялар, тұрақты даму, жаңартылатын энергетика және табиғи ресурстарды басқару атап өтілді.

Доктор Петер Либельттің баяндамасы ӨББИ ғалымдарының үлкен қызығушылығын тудырды.

Өз кезегінде доктор Петер Либельт ӨББИ қызметімен танысып, Институт зертханаларын аралады. Зертхана меңгерушілері қонаққа ғылыми инфрақұрылымды, зерттеулердің негізгі бағыттарын, ағымдағы әзірлемелерді, қол жеткізілген нәтижелерді және одан әрі даму перспективаларын, оның ішінде геномика және цифрлық фенотиптеу салаларындағы жұмыстарды таныстырды.

Сапар қорытындысы бойынша доктор Либельт өткен кездесуге қанағаттанғанын білдіріп, жүргізіліп жатқан зерттеулердің перспективалылығы мен қол жеткізілген нәтижелерді жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен зерттеу бастамаларын іске асыру үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтіп, ғалымдарды бірлескен жобалық өтінімдерді дайындау мен ұсынуға белсендірек қатысуға шақырды.

Кездесу Германия мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, жаңа әріптестік байланыстар орнату және бірлескен халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылауға арналған маңызды алаң болды.